« Жол атасы- бағдаршам!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Жол атасы- бағдаршам!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

63 «Әсем -Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы

тәрбиешісі: Тажибаева Бота Каиржановна



Тақырыбы: « Жол атасы- бағдаршам!»

Білім беру саласы: «Денсаулық», « Әлеумет», « Шығармашылық».

Білімділік мақсаты:Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде халық педагогикасының ролі өте маңызды. Ұлтымыздың исі аңқып тұратын ұлттық бағдарламасына негізделген « Жол атасы - бағдаршам» ойын- сабағында балалар жалпы көлік түрлерімен, жолда жүру ережелерімен, бағдаршам туралы ұғыммен танысады.

Дамытушылық мақсаты Сабақ барысында балдырғандар топта бірлесе жұмыс істеп, көлік түрлерін ажырата білуге, жолдан өткенде жол белгілерін есте сақтауда, бағдаршамды бейнелеп салу әдістеріне үйренеді. Бір- біріне сұрақ қоя отырып, сөздік қорларын молайтып жаңа ұғымдағы сөздерді, өз ойларын еркін айтуга дағдыланады.

Тәрбиелік мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін сақтауға, ұқыпты, мұқият болуға тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастырылу кезеңі:

- Балалар күнтізбеге қарайық, бүгін аптаның қай күні?

-Жұма күні

-Әрине бүгін күн – жұма, аптаның бесінші күні.Ендеше далаға көз жүгіртіп қарасақ, ауа- райы қандай?

- Күн жылы, ашық аспан, күн жарқырап тұр.

-Балалар таңертең балабақшаға келгенде күн қандай болды? Не байқадыңдар?

-Бағдаршамды кім ойлап тапты? Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болған. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер- механигіД. Найт болатын. Ол 1868 жыл лондондагы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болған. Сондан бағдаршам жарты ғасыр боый ұмыт болды. Тек 1914 жылы Амереканың Кливнелу қаласында, сосын Нью-Йорк қалаларында қайта болған. Бұл жолы екі түсті бағдаршам: қызыл, жасыл, электірлі бағдаршам болды. 1918 жылдан бастап үш түсті бағдаршам қолданысқа енді.Кеңес Одағы бойынша алғаш рет Маскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында пайда болды.

Тәрбиеші: - Бағдаршам алғаш кезде неше түсті болыпты?

  • Қандай түсті?

  • - Ал біздің көшелеріміздегі бағдаршам неше түсті?

  • Шетелдегі бағдаршам-2 түсті 104жыл, 3 тус- 100 жыл, ал біздің бағдаршамдарға 94 жылдай болыпты.

  • - Ол кәрі ата сияқты

  • Дұрыс айтасыңдар . « Бағдаршам- жол атасы »-деп сабағымызды тегіннен тегін атамадық.

Балларды топтарға бөліп , тапсырмалар беру:

І топ Суреттерден не көргенін айтып беру.

ІІ топ Көлік аттарын атау.

ІІІ Қай көлік , кайда асығып барады?

Ойын сабақ.

  • Балалар сендер бәрін білесіңдер! Менің сендереге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

  • Ақ пен қара сызығы,

  • Жолақ- жолақ сызылған

  • Адамға зияны жоқ

  • Аямапты ақ пен кара сияны

  • Ол қандай жануар? Сафариде жайылган.

  • - Ол – Зебра , дұрыс айтасыңдар! Сол Зебра үстіндегі ақ пен кара жолақтар, біздіңде көшелерімізде кездеседі. Жаяу жолаушылар жүретін жолды « Зебра жол» -деп те, атайды. Караңдаршы ұқсайды ма?

Бой сергіту:

Күнде жасап жаттығу

Қан жүгіртіп алалық

Керек мұны қатты ұғу

Жасап биік саналық.

Ойынның үшінші кезеңінде баяу әуенмен балаларды катар- катарға тұрғызып, желілі- рольді орталығындағы балалар сахналық көрініс қояды.

Сюжеті: 3 бала-жеңіл машинасы

1 бала- автобус көлігі

1 бала- жедел жәрдем машинасы

3-4 балалар жолаушылар болады

Балалар белгіленген орындарға барып тұрады. Көше қиылысы машиналар зуылдап өтіп жатыр, жолаушылар бағдаршамға қарап тосып тұр. Дәл сол кезде жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі.

-Балалар мынау кай көліктің дауысы?/жедел жәрдем/

- Ойпыр-ай енді кай көлікті бірінші жібереміз?/жедел жәржем/

-неге? /жедел жәрдем машинасында аурып жатқан кісі бар/.

- Дұрыс айтасыңдар балалар! Жедел жәрдем машинасын бірінші болып жіберу керек. Себебі: олар адам өмірін құтқаруға асығып барады.

Сахналық көріністі өз желісімен жинақтап, аяқтау. Тәрбиеші мұқият тыңдағаннан кеиін, сұрақтар қою арқылы келесі жолы неге көңіл аудару қажеттігін айтады, ұсыныстар жасайды. Балалардың жасаған еңбектерін бағалап, сәтті шыққан жұмыстарға назар аударып, мадақтайды. Сөзі анық,мәнін мазмұнды айтқан, сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтау.

Сабақты қортындылау кезеңі.

Балалардың жол жүру ережелері туралы білімдерін жинақтап, әңгімелеп беруге дағдыландыру. Әр балаланың оқиға кейіпкері болып, рольге ене білу қабілетін жетілдіру. Сабақ соңында жалпы қортынды жасалады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
744
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі