Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп –интернаты

Тәрбие сағаты:
Тақырыбы:
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз»
7 «б» сынып
Дайындаған : Алдонгарова Толғанай
2018-2019оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Мұғалім : Ал енді » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1 . Көліктің қаншасын үстінен өткізген
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
2. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
3. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
4. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.
1. Неге ?
Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .
4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Тақтада
Қызыл – Тоқта !
Сары – Сақтан !
Жасыл – Жол ашық!
Құндызай : Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
Диана : Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
Сұлупан: Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
Ән: Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Ңұсқау белгісі Ислам:
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн – түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Анықтама

Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Демекші бүгінгі тәрбие сағатымызға бүкіл оқушы толық қатысты. Олардың жол ережелерін толық меңгеріп алды. Тәрбие сағатымыз жоғары деңгейде өтті.Олар бүгінгі тәрбие сағаты арқылы қалай жолда жүру керек екенің, қандай ереже сақтау керек екенің біліп алды. Есқалиев Санжар, джумакулов Диас, Сергей Ердос, Шаймұханов Айбат, Қоңысов Асанәлі жол ережелері туралы қосымша мәліметтерін оқушыларға таныстырды. Қанатова Азиза, Муркабай Дариға, Әжімбай Қарлығаш, Айсауотова Ару берілген жұмбақты шешуде жылдамдық танытты.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
" Жолда жүру ережесін сақтаймыз" 7 сынып

шағым қалдыра аласыз