" Жомарттық пен кеңпейілділік"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Жомарттық пен кеңпейілділік"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы





Пән: Өзін-өзі тану

Мектеп : ҚОЖББМ

Мерзімі: 20.02.19ж

Тақырып: №22 сабақ « Жомарттық пен кеңпейілділік »

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: отбасындағы сүйіспеншілік, қайырымдылық,жанашырлық,қамқорлық


Мұғалiм: Бердібекова.М.Ж.


Сынып: 3 Оқушылар саны: 8

Сабақ мақсаты:Оқушылардың ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық,жомарттық туралы түсініктерін кеңейту

Міндеті:Білімділік:Оқушыларға жомарттық ұғымы туралы түсінік беру;

Дамытушылық:Оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамыту ықпал ету;

Тәрбиелік:Оқушыларды татулыққа, ауыз-бірлікке, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Интерактивті тақта,жұмыс дәптері,қалам мен турлі түсті қарындаштар,парақшалар.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 – Т ережесін еске түсіріп,сыныптың тәртібін сақтап,оқып білуге талаптанып,тыныштықты орнатып,тазалықты сақтап,бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Парақшалар арқылы 2- топқа бөлу.


2.Үй тапсырмасын тексеру. « Кофе таяқшасы» әдісі арқылы сұрау.

« Жомарт»

Ы. Алтынсарин

5 Т – ережесі:

1.Тәртіп.

2.Талап.

3.Тыныштық.

4.Тазалық.

5.Татулық.

3.Дәйексөз.

«Адамның қадірлісі- жомарт кісі»



Халықтық салт- дәстүр тәрбиесінде әрбір ата- ана ұрпағына жомарттықты ұғындырып отырған. Жомарттықтың бірқатар қыры болады.Мысалы: қол жомарттығы, көңіл жомарттығы, жол жомарттығы.Бұл қасиеттер адамның басқа адамдарға деген риясыз мейірімділігі мен қамқорлығының көрінісі болып табылады.

Жомарттық- көңіл байлығы. Жомарт болу үшін міндетті түрде бай, дәулетті болу қажет емес.Жомарт адам- қолыңдағы барымен бөлісуге даяр, көңілі мөлдірдей таза адам.

4.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

  • Нұрланның кеңпейілділігін қандай іс-әрекетінен байқауға болады?

  • Кеңпейілді болудың мәні неде?

  • «Ақылды десе боларсұрамай білгенді, жомарт десе боларсұрамай бергенді» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Жомарт адамды қандай қасиеттерінен тануға болады?

  • Өзіңнің жомарттық көрсеткен кезің болды ма? Айтып бер.




























Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1-тапсырма.Мәтінді оқыңдар.Мәтінді негізге ала отырып, өз күнделіктеріңді жасаңдар.Онда өздеріңнің жомарттық іс-әрекеттеріңді түйіндеп жазыңдар.

2-тапсырма.Түймедақ жапырағындағы сұрақтарыңды оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

6. Дәптермен жұмыс.

1,2- тапсырманы орындау.

Сергіту сәті.

« Мен қазақпын»



7. Топпен ән айту.

«Біз өмірдің гүліміз»

Сөзі:Ә.Дүйсенбиевтікі.

Әні: Б.Ғизатовтікі.







8.Үй тапсырмасы.


Мәтінді оқу.23-сабақ « Менің Отаным»

Құрманбай Толыбаев.


9.Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен жақсы ойларыңызды естеріңізге түсіріп көріңіздерші... Оны өздеріңізбен бірге қалу үшін жүректеріңізге салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңіздер.Аңсаған армандарыңызға жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңыздар, ойларыңызды жеткізе білдіңіздер. жақсы ойлар айттыңыздар сол үшін сендерге рахмет айтамын.






Рефлексия

« Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы бағалау.




Сабақ аяқталды .Сау болыңыздар











































Оқушылардың бірін-бірі,өөін-өзі бағалауға негізделген,бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға уйрету.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2019
747
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі