« Коллоквиум » (теориялық, практикалық) оркестр сабағынан ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Коллоквиум » (теориялық, практикалық) оркестр сабағынан ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділігі : Оқушы орындаушылық тәсілдердің шарттары мен динамикалық белгілерін, ырғағы мен екпінінің дұрыс орындалуын анықтай алуы Тәрбиелігі : Оқушыларды музыкалық орындаушылық шеберлікке, оның көркем эстетикалық көзқарасын қалыптастыру негізінде тәрбиелеу. Дамытушылығы : Әр шығарманың мән – мазмұнын шынайы ашып орындауға белсенді ықпал жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы
« Коллоквиум » (теориялық, практикалық) Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің Домбыра сыныбының мұғалімі Маденова Ақерке Орынбасаровна Маңғыстау облысы ,Бейнеу ауданыПән аты : ОркестрСыныбы : 5Сабақтың мақсаты :Білімділігі : Оқушы орындаушылық тәсілдердің шарттары мен динамикалық белгілерін, ырғағы мен екпінінің дұрыс орындалуын анықтай алуыТәрбиелігі : Оқушыларды музыкалық орындаушылық шеберлікке, оның көркем эстетикалық көзқарасын қалыптастыру негізінде тәрбиелеу. Дамытушылығы : Әр шығарманың мән – мазмұнын шынайы ашып орындауға белсенді ықпал жасау.Сабақтың түрі : Ашық сабақСабақтың әдісі :а) теориялық б) практикалықСабаққа қажетті көрнекіліктер : сазды аспаптар,плакаттар,карточкалар, слайд. Сабақ жоспары :
  • Ұйымдастыру
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • Жаңа сабақ
а) теориялық б) практикалық
  • Сергіту сәті
  • Қорытындылау
  • Үй тапсырмасы
  • Бағалау


Сабақтың жүрісі1.ҰйымдастыруЖурнал бойынша оқушыларды түгендеу,оқушының отырысын тексеру, оқу құралын түгендеу. Аспап бұрауларын тексеру.2.Үй тапсырмасыҚұрманғазы «Серпер » күйін оқушылармен анализ жасап,күйді 11 – цифраға дейін ойнату. Қателерімен жұмыс жасау.3. Жаңа сабақа) теориялық Бүгінгі сабағымызда коллоквиум сұрақтарымен жұмыс жасаймыз. Жалпы «коллоквиум» дегеніміз не? Оқушылардың білімін, өнерге деген ынтасын анықтау мақсатында оқытушының оқушылармен арнайы әңгімелесуі. Яғни, практикалық жұмысты орындамас бұрын оқушының теориялық білім деңгейін анықтау үшін қолданылады. Сондықтан бүгін өткен сабақтарда өтілген тақырыптар бойынша сұрақ – жауаптар беріледі. Оқушылар бұл сұрақтардың жауабын теориялық және практика жүзінде де білуі тиіс. Бірнеше жаттығу арқылы шолу жасап шығамыз. Аспап ойнағанда дұрыс отыру дыбысты жақсы шығаруда ерекше роль атқарады. Сондықтан аспап ойнар алдында әр оқушы отырысына көңіл аударуы тиіс. Музыканттың ойнау шеберлігі – оң және сол қол қойылымдарына тікелей байланысты. Оркестрде орындаушы орындайтын шығарманы тиянақты анализ жасап шығуы қажет. Бұл жерде тек нотаны тану аздық етеді. Музыканы тыңдаушыға әсерлі жеткізу үшін әр аспапта қолданылатын өзіндік штрих түрлерін білу керек. Ойнағанда шығатын дыбыс көңілге ұнамды болу үшін орындаудың әртүрлі әдістері болады. Сонымен жаттығуларға назар аударамыз. 1 – жаттығу «Пиано» , «Форте» белгілеріне арналады. (жаттығу слайдтан көрсетіліп, оқушыларға парақшамен таратылады)2 – жаттығу «Сфорцандо» , «Субитопиано» белгілеріне арналады. (жаттығу слайдтан көрсетіліп, оқушыларға парақшамен таратылады)3 – жаттығу Бас домбыраны есту, қадағалау әдісіне арналады. (жаттығу слайдтан көрсетіліп, оқушыларға парақшамен таратылады)4 – жаттығу Дирижердің қол қимылы арқылы орындау тақырыбына арналады. Әртүрлі өлшемдегі жаттығулар беріледі. Оқушылар өздері қимылмен көрсетуі керек болады. (жаттығу слайдта көрсетіледі)б)практикалықСлайдпен жұмыс жасап түсіндіргеннен кейін оқушыға сұрақтар қоя отырып, еске түсіру, қайталау. Осыдан кейін ғана жаттығу жазылған нота парақшалары таратылады. Осы парақшаға қарап отырып, аспапта орындау. Әр жаттығуға көше отырып, тапсырмадағы белгілердің анықтамасын сұрау. 4.Сергіту сәті.Енді кішкене бой сергітіп алайық. Баршамыз жақсы көріп ойнайтын «крестик, нолик» ойынын бүгінгі сабағымызда қорытындылау үшін пайдаланамыз. Ойында қолданылатын сұрақтар:1. Коллоквиум деген не?2. «Сфорцандо» қалай орындалады?3. Бас домбыра неше ішекті?4. «Серпер» күйі нешеге саналады?5. «Пиано» қалай орындалады?6. «Субитопиано» қалай орындау керек?7. Прима қобыз аспабының бұрау күйін қай дыбыстармен келтіреміз?8. «Форте» қалай орындалады.9. «Da capo al Fine» - жазуы нені білдіреді?10. «Coda» - мағынасы қандай?5. ҚорытындылауОқушыларға сабақ бойынша сұрақ қоя отырып, сабаққа қатысуына байланысты мақтау сөздер айтып, қорытындылау.6. Үйге тапсырмаҚұрманғазының «Серпер» күйін соңына дейін толық ойнап келу. Алдын ала оқушыға арнап жазып дайындалған жаттығуларды беріп, үйден орындап келуге тапсырма беру. 7.БағалауОқушы белсенділігіне,білімділігіне,тапқырлығына қарай бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2019
1290
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі