Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

. Мектепалды даярлық топтарында инновациялық технологияларды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
. Мектепалды даярлық топтарында білім мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық топтарында инновациялық жаңа технологияларды тиімді пайдалану.





І.Кіріспе



ІІ.негізгі бөлім

2.1. Мектепалды даярлық топтарында білім мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері;



2.2. Өз іс-тәжірбиемнен.





ІІІ. Қорытынды.



ІV. Пайдаланған әдебиеттер



















І. Кіріспе.

« Қазіргі замада жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру қажет »

Н.Ә.Назарбаев.

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл,зерттеуші,тәжірбиелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ.Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.

Инновация дегеніміз- білім беру,тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу,яғни жаңа әдіс –тәсілдерді,амалдарды,құралдарды ,жаңа концепцияларды жасап,оларды қолдану деп анықталған. Инновациялық білім беру құралдарына; аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта , инернет, компьютер –мультимедиалық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалар жатады.

Инноватика ұғымының латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды бағдарламаларды пайдалануды айтады.

Мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдалана алады. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік береді.Сонымен қатар бүлдіршіндердің білім алу кезеңінде оқу іс- әрекетіне белсенділігін арттырады. Мұндай құралдарды балабақша бүлдіршіндеріне таптырмас құрал деп атауға болады. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға жалпы ідемілікке әуес болады

Мультимедиалық оқулықтар тәрбиеші үшін де күнбе-күн дамытылып отыратын әдістемелік жүйе болып табылады. Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ақпараттық, өатынастық технология құралдарын пайдалану- баланың танымдық қызығушылығын қалыптастырады.



ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Мекепалды даярлық топтарында білім сапасын жаңартуда инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері;

Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиіді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамың алдында тұрған ең басты міндет.

Ал технология дегеніміз- педагогтық білім, біліктілік, интеллекталдық кәсіптік әдіс-тәсілдер жүйесін қолдану арқылы бәләм беру мақсатындағы педагогпен балалардың өзара қарым-қатынас үрдісі.

«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»-ғылым деген сөзінен шыққан яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.

Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек ?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни, оқытудың тиімді жолдары оқытудың ір түрлі әдістері арқылы анықталады.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз –білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген , мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет. Енді осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік:

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.

Өзім қызмет жасайтын мектепте де жаңа ақпараттық технологиларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивтік тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып ,жоспарлаймын ,себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз.

Ақпараттық әдістемелік материялдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдітемелік негіздері қалыптасу үстінде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық- коммуникациялыық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірбие беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынының басты міндеттерінің бірі-жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік –бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндікерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірбиеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.Білім беру дүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап талғамдарына сүйенеді.Баланың бойында білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Сабақ барысында әрдайым жаңа технологияны пайдаланып отыруды әдетке айналдырдық. Мысалы: АКТ пайдаланған кезде бала көзбен көріп отырғанда жақсы түсініп қабылдайды.Сөйлеуді дамыту сабағында «Көктем» тақырыбын ала отырып көктемдегі табиғаттағы өзгерістерді слайд арқылы АКТ да көрсеттім.Слайдта көрген материалдарды балалар өте қызыға отырып тамашалады.Қардың еруін,қар астынан бәйшешектің шығуын, ағаштар бүр жарып айнала жайқалыпм жайнауын теледидардан көрген балалардың қуанышында шек болмады.

Сабақ барысында балалар көргендерін қызыға әңгімелеп берді.Қойылған сұрақтарға балалар таласа жауап берді. Көктемгі ормандағы өзгеріс жайлы, жан-жануарлардың тыныс тіршілігі жайлы, олардың көбейіп төлдеуі, төлдерінің қалай аталуы жайлы көптеген мағлұматтар алды.

Келесі сабақ математика сабағында балаларға теледидар арқылы геометриялық фигураларды таныстырып өттім. Балалар фигураларды жақсы түсініп қабылдады. Қойылған сұрақтарға жарыса жауап берді.

2.2 Өз тәжірбиемнен.

ХХІ ғасыр -ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты –білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады.

Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 2020-жылғы Қазақстан халқына Жолдауында –«Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдәк білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. Демек, білімді дамытуға арналған стратегиялық міндеттердің бірі ауылдағы білім беру жүйесінің мазмұнын жаңа міндеттермен толықтырып, өмір талабына сай жаңаша саналы тәрбие, сапалы білім беруді талап етеді.

Олай болса:

1.Ақпараттық коммуникативтік технологиялар дегеніміз не?

2.Ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндігі қандай?

3.Білім беруді ақпараттандыру үрдісі қалай жүзеге асуда?- деген сауалдар әрқайсымыздың, жалпы педагогтар қауымын толғандырмай қоймайды.

АКТ-ға қысқаша сипаттама

«Жаңа ақпараттық –коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьюердің қолданыла бастауыментығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр.

Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан –жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.

АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Өз сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым.Жаңа материалдарды бірігіп таңдауда да маіызы зор болды. Бұл оқушы және оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жетеді. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.Ақпараттық технологияларды педагогикалық тұрғыдыдан дұрыс пайдалана білу оқушыныі сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдастыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді.

Олай болса мен өзімнің іс-тәжірбиемде АКТ-ны қалай қолданып жүргенім туралы баяндайтын болсам. Мектепалды даярлық сыныбындағы баланың қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған оқу қызметінде міндетті түрде интербелсенді тақтаны пайдалана отырып, балаларға тақырыпқа сай дамытушы мультфильмдерді күні бұрын интернет желісінен іріктеп аламын. Тақырыпқа байланысты көрсетілген мульфильм баланың есінде ұзақ уақытқа сақталады. Сонымен қатар баланыңвизуалды есте сақтау қабілеті арта түседі. Мысалы: геометриялық фигураларды балаға түсіндіру үшін дамытушы ойындарды ұсыынуға болады. Ол экраннан көргеннен кейін оның геометриялық фигура екенін түсінеді. Геометриялық фигуралардан не құрастыруға болатынын ойланады. Осы тақырыпта балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында балаларға ши беріп, ермексазды пайдалана отырып, геометрилық фигуралар құрастыруды тапсырдым. Ойлана отырып олар шилерді ермексазбен байланыстырып, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш фигураларын жасап шықты.

Ал, «Кірпі» тақырыбын өткенде, балалардың қызығушылығын ояту үшін «Кірпі» туралы мультфильм көрсеттім. Одан кейін: -Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бүгін біз қандай тақырып төңірегінде жқмыс жасаймыз? –деп сұрадым. Балалар, әрине кірпі туралы болатынын айтып өтті. Одан кейін интербелсенді тақтадан кірпінің суретін көрсетіп, кірпіге сипаттама бердік.

Суретпен жұмыс.

-Балаалар мына суретте не бейнеленген?

-Ия, балалар, кірпі.

-Қараңдаршы балалар, кіірпінің басы, көздері, үшкір тұмсығы, денесі, инелері, аяқтары бар. Аяқтары қысқа болады. Бірақ өте тез жүгіреді. Ол жәндіктермен, саңырауқұлақтармен, жеміс-жидектермен қоректенеді. Кірпі қысқы ұйқыға дайындалады. Ол құрғақ жапырақтарды оңаша жерге тасиды. Сол жапырақтардың ішіне жасырынады. Көктемде кірпілер балалайды.Қысқы ұйқыдан оянады. Тікенегіндегі қоқымдарын сілкілеп түсіріп, қорек іздеуге кетеді. Жапырақ астынан аналық кірпі шығады. Кішкентай кірпілер інде қалады.

Ахмет Байтұрсынов «Мұғалім көп әдісті »болуы керек қағидасына сүйене отырып, кез- келген өтетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданып оырмын. Ендігі жерде Монтессори әдістемесінің «Менің өзім жасауыма көмектес!»-деген ұранына сүйене отырып, балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында балаларды топқа бөліп, бір топқа ермексазбен пісте дәндерін пайдалан отырып кірпі бейнесін жасауды тапсырсам, келесі топқа «Мозайка» әдісімен интербелсенді тақтада кірпі суретін құрастыру болды, тағы бір топқа кірпінің суретін саусақпен бояу арқылы суретін салуды тапсырдым. Тапсырманы қызықты етіп ұйымдастырудың нәтижесінде балалардың танымдық қабілеті артып, сонымен қатар шығармашылық белсенділігі байқалады. Балалар топта өзара ақылдаса отырып орындауға үйренді. Менің ойымша баланың өзі істеген жұмыс ойында ұзақ мерзімге сақталады және монтессори әдістемесінің тиімділігі де осында жатыр. Осындай шығармашылық тапсырмалардан кейін баланың бойын ширатып, көңілін сергітіп алу артықтық етпейді. Ал ол іс-ірекетті жүзеге асырға бізге АКТ құралдары таптырмас көмекші. Мәселен, осы тақырып бойынша мен «Кірпінің биі» сергіту сәтін пайдаландым. Кірпімен бірге «Қаражорға» биінің қимылдарын жасап балалар керемет ширап қалды. Байқағандай әрбір тапсырманың тақырыпқа сай іріктелуіне көп көңіл бөлемін.

Мұндай мазмұндағы оқу іс-әрекеттерінде бірқатар функциялар жүзеге асады. Мәселен дәл осы жолы білім берудің «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта», «Денсаулық» салалары қамтылады. Сөйлеуді дамыту сабағында «Көктем» тақырыбын ала отырып тамашалады. Қардың еруі, қар астынан бәйшешектің шығуын, ағаштар бүр жарып айнала жайқалып жайнауын теледидардан көрген балалардың қуанышында шек болмады. Сабақ барысында балалар көргендерін қызыға әңгімелеп берді. Қойылған сұрақтарға балалар таласа жауап берді. Көктемгі ормандағы өзгеріс жайлы, жан-жануарлардың тыныс тіршілігі жайлы, олардың көбейіп төлдеуі, төлдерінің қалай аталуы жайлы көптеген мағлұматтар алды.

Өз тәжірбиемде мен сауат ашу сабағында интернеттегі материалдарды көп қолданам, мысалы әріптерге байланысты әндер бар, балалар әнді айта отырып әріптерді жаттап алады. Сонымен қатар сол әріпке байланысты сөздерді жаттап алады. Электронды оқулықтарды да қолданамын онда қарапайым матемаика сабағына арналған есептермен, санамақтар, тапсырмалары өте қызықты әрі оңай. Балалар қуана ойнап тапсырмаларды шешуге жарысады. Қазіргі кезде көптеген кітаптар дисклерімен де болады, оларды да жиі қолданамын. Электорнды плакаттар да қолданыста оны біз тіл дамыту, қоршаған орта, сауат ашу сабағында қолданамын. Осы қазіргі заман талабына сай көптеген материалдарды қолдану арқылы балалардың тілдерін жаттықтырамын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытамын.

Мысалы: сурет, еңбек сабағында геометриялық фигуралардан үй, құстың ұясы т.б.тапсырмаларды орындау керек болса, бала оны сызып жатпай дайын түрде фигураларды ақ қағаз бетіне түсіріп алуына мүмкіндік туғызады.Мәселен: математика сабақтарында дайын бейнесабақтарды немесе бейнежазбаларды қолданудың маңызы зор.



Балаларға сандарды үйрету үшін мен өзімнің іс-тәжірбиемде ермексазбен жұмыс жасата отырып сандарды жасауға уйретемін.



Сонымен қатар сабақ барысында тақырыпқа сай боямақтарды интернет желісінен жүктеп алуға мүмкіндік бар.




Компьютер арқылы ақ қағазға дайындап шығарып келеді де, қию,бояу

жұмыстарын аяқтап тиісті бағасын алады.

АКТ мектепалды даярлық сыныбында үнемі пайдалана бермейді бала үшін зиянды жақтарында мұғалімнің ескергені жөн. Сабақтан соң біз көзімізге жаттығулар жасаймыз.

Заман талабына сай ашық сабақтар беру барысында көрнекіліктерді интерактивті тақтамен көрсетуге тиімді. Мұғаліммен оқушының арасындағы жұмысын жеңілдетіп баланың ойлануына көзбен көріп қолмен ұстап нәтижеге жетеді. Баланың сауатты жазуына көмегін береді. Жіберген қатесін көзбен көріп қолмен жазып түзете білуге үйретеді. Мен өз сыныбымда АКТ тиімді пайдалана отырып көптеген нәтижегежетістіктерге қол жеткіздім.



ІІІ. Қорытынды.

Қорыта айтқанда жаңа ақпараттық технолгияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

1.Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

2.Тіл байлығын дамытады;

3.Өз ойын жеткізуге, жан- жақты ізденуге үйретеді;

4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді;

5.Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

«Қанша білсең, ізден тағы,тағы да білікті адам жетер тілек,бағына » деген ғұлама Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі жойылады» деген болатын.

Сондықтан әр мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол заман талабы.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты –міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технолгияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу делінген »

Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны құрылымы, ғылымға және тәжірбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірбиесіне сынап қараудың маңызы зор.

Ал, оқытушы үшін де маңызы өте зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленеді: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі,әдіс-тәсілі артады, жас мамандардың қызығушылығын туындатады, интернетке кіру дүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірбие алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді, оқытушының сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелітүрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Ұлы пелагог Ушинский: «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені әр ұстазға қойылар үлкен сын деп ұғамын, ал ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім оң ықпалын беріп отыр.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оітайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.

Қазіргі заманның талабы сол.Сондықтан ұстаздар үнемі ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеп білім деңгейін үнемі жоғарылатып отыруы қажет. Сонда ғана оқушылар әрбір пәннің мазмұнын жүйелі меңгеріп, олардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі, өз бетінше оқып үйренуге дағдыланады.

«Алдына ұлы мақсат қойсаң ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ ғана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын.

ХХІ ғасыр- ақпарат ғасыры . Сондықтан заман талабына сай ақпараттық сауаттылықты артыру – бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі болып тұр. Педагог мамандардың қолында жас ұрпақтың тағдыры болғандықтан, әрбір педагог АКТ құралдарын өз сабақтарында қолданса сабақтың тиімділігі артатыны сөзсіз. «Ұстаздан шәкірт озар »-деген дана халқым. Менің жетістігім –менің өркендеп жатқан шәкірттерім! Маған деген алғыс, шәкірттерімнің биіктен көрінуі!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
1463
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12