жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
" Мектепке дейінгі ұйымда ойын түрлерін ұйымдастыру"
Тақырыбы: «МДҰ-ның балалардың ойын қызыметін дамыту
Мақсаты:Дамыту ойындар көмегімен баланың танымдық біліктілігін қалыптастыру.
Ойын- баланың жан серігі.Қай бала болмасын ойнап өседі.Ойын сырттай қарағанда қиындығы жоқ,оп оңай көрінуі мүмкүн.Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып ,өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес.Ойынға зер салып,ой жүгіртіп қарар болсақ,сол ойындардан үлкен де мәнді мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз.Өйткені,ең алдымен не нәрсенің болсын жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі.Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да болмасын бір өнердің бастауы деп білеміз.Өйткені болашақ ел қорғаушы батыр,жауынгер,халық қайраткерлерінің нышаны ойын үстінде көрінеді.Сол ойын арқылы шынығып,өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.Бала ұқыптылыққа үйренеді, өз бетінше әрекет етуге тәрбиелейді,тез әрі терең ойлау қабілетін дамытады. «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады,ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкүн емес»Арнайы ойын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнына қарай танымдық,дамытушы ойындарды,оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді.Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндеттерді меңгереді.Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып,ойнай білуге ,ойын ережесін сақтауға,әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,ойынға қызықтыра отырып зейінін,қиялын дамытады.Заттармен ойналатын Ойындар: «Ғажайып қапшық», «Қай ағаштың жапырағы» т.б. Үстел үсті ойындарын ұйымдастыруда домино,лото, суреттер қолданады.Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды» «Бір сөзбен ата» «4-не артық» .Мектеп жасына дейінгі балаларға көптеген ойын түрлері бар.Атап айтсақ. «Сиқырлы сандық» «Үй жануарлары мен төлдері» «Дүкенші» «Тез жауап бер» «Дыбыстар қайда орналасқан» «Көкөністер мен жемістер» «Қоянға көмектес» «Пішінді құрастыр» «Артығын тап»т.б.Мектеп жасына дейінгі балардың ойын әрекетінде балалардың тәрбиеленуіне тәрбиешінің маңызы зор. Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойнның маңыздылығы өте зор. «Ойнай білмеген ойлайда білмейді» деген аталы сөзідің сырына жүгінсек, мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойынға деген ынтасы ,қарым-қатынасы,мінез-құлық көріністері-олар өсіп есейгенде жалғаса беретіндігі сөзсіз. «Таным»білім беру саласының базалық мазмұны,қйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрлері:Қарапайым математикалық ұғымдары қалыптастыру ,қоршаған орта мен таныстыру құрастыру арқылы жүзеге асады. Дидактикалық ойындар балаларды ұйымшылдыққа ,достыққа ,әдептілікке ,мейірімділікке ,үлкендерді қадірлеуге ,құрметтеуге баулиды .Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге ,бір –бірімен қарым-қатынас жасауға ,әділ болуға ,қйындық кезінде көмектесуге ,өз ойларын жеткізе білуге ,қиялының дамуына ,қиындықты ақылмен жеңе білуге жаттығады.Ойын барысында балаларды анық,асықпай сөйлеуге және айтқан сөзді ,сөйлемді дұрыс түсініп,қабылдай білуге ,байланыстырып сөйлеуге және айтқан сөзді,сөйлемді дұрыс түсініп қабылдай білуге ,байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады.Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп бара бара шын мәніндегі еңбекке айналады.Осының бәрі баланы еңбекке даярлайды.Ойын -балалар үшін қоршаған ортаны танып-білудің ең жеңілде ұтымды тәсілі .Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесін тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырлады.Ұлы педагог В. Сухомлинский «Ойынсыз,музыкасыз,ертегісіз,шығармашылықсыз,қиялсыз толық мәніндегі ақыл –ой тәрбиесі болмайды» дейді демек шәкірттің ақыл-ойы ,парасаты ,ұлттық салт сананы сіңіру арқылы бай түспек.Фольклортанушы Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі. «Өмірге келгеннен бастап,жеті жасқа дейінгі ,бала жеті жастан онбес жасқа дейінгі ,балалар он бес жаспен жиырма аралығындағы жастар»осының негізінде Қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып ,бірінші топқа ,сол жастағыларға лайықты : «санамақ, тәй-тәй, айгөлек,соқыр теке,қуырмаш,алақан соқпақ,ақ серек,көк серек.т.б. ойындарын ал одан кейінгі топқа «тақия тастамақ,тартыс,сиқырлы қоржын,бәйге,көкпар,асық,хан талапай,теңге алу,қыз қуу,орамал тастамақ,т.б.ойындарын ал одан кейінгі жастағыларға ақ сүйек,күрес арқан тартыс.т.б. ойындарын жатқызуға болады.Мұндай ойындар баланы тез ойлауға ,тапқырлыққа баулып,жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді,сөз тіркесін ,ұйқастыруға дағдыландырады.Олар мен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып ,бір-біріне деген қайырымдылық,мейірімділік ,жанашырлық,достық,жолдастық сезімдерін тәрбиелеуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер: Қоянбаев.Ж.Б. Қоянбаев.Р.М. 1988
№31 «Күншуақ» МДҰ
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген