" Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік кепілдемесі " 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік кепілдемесі " 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимн қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік белгілері
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Түрі: топтық жұмыс

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бейнеленген суреттер, слайд
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу.
- Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.
- Гимн айту.
ІІ. Негізгі бөлім.
- Тәрбиешінің кіріспе сөзі.

- Армысыздар құрметті оқушылар және сабағымыздың қонақтары!
Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке 25 игі іс» атты жобасы аясында, соның ішінде «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында өткізгелі отырған «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік белгілері» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Құрметті оқушылар сіздерді Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құтты болсын!

Кез келген мемлекеттің басқалардан ерекшелеп тұратын нышандары болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9 - бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні» - делінген. Сондай - ақ осы заңның 34 - бап, 2 - тармағында « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,» - делінген. Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні 1992 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясының шешімімен бекітілген. Биылғы 2016 жылы жас мемлекетіміздің рәміздеріне 24 жыл толып отыр.

Сайыстың кезеңдері:
1.
Таныстыру

2. Кім тапқыр?

3. Ойлан тап!

4. Кім жылдам?

5. Ойлы болсаң озып көр

6. Менің қиялымдағы рәміз
І кезең Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді. Сайыстың бұл кезеңі 5 - ұпаймен бағаланады.
- Енді оқушылардың рәміздер туралы білімдерін көрсететін «Кім тапқыр?» кезеңіне кезек берейік.
ІІ кезең «Кім тапқыр?» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі. (Әрбір дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады)

І топтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.
Ту, Елтаңба, Гимн
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.
Көк, сары
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.
Екі рет
4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі
Жұлдыз
5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай
2: 1
ІІ топтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл
1992 жыл
2. Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым
3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс
Қыран бүркіт
4. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар
Қанатты пырақ
5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды
Ел президенттін ұлықтау рәсімінде

- Сайысымыздың келесі ІІІ кезеңі «Ойлан тап!» деп аталады. Бұл кезеңде «Авторлар», «Ұғымдар», «Спортшылар», «Мемлекет» деп аталатын төрт категория берілген. Әр категорияның сол жағында 10, 20, 30, 40 деген ұпай сандары көрсетілген ұяшықтар орналасқан. Әрбір ұяшықта сол категорияға байланысты сұрақтар жасырылған. Оқушылар кезекпен категорияны және ұпай көрсетілген ұяшықты таңдайды. Дұрыс жауап берген жағдайда ұяшықта көрсетілген ұпай санын иеленеді.

«Авторлар» категориясының сұрақтары:
10. Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
20. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын атаңдар (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
30. Мемлекеттік Гимннің әнін жазған әйгілі композитор кім? (Шәмші Қалдаяқов)
40. Мемлекеттік Гимннің сөзінің авторларын атаңдар (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
«Ұғымдар» категориясының сұрақтары:
10. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді? (Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)
20. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)
30. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер? ( Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)
40. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)

«Спортшылар» категориясының сұрақтары:
10. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы кім? (Жақсылық Үшкемпіров)
20. Лонданда өткен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында бірінші болып Қазақстанның Туын желбіретіп, Гимнін асқақтатқан спортшы? (Александр Винакуров)
30. Олимпиада ойындарының ауыр атлетикадан екі дүркін чемпионы атанған спортшыны атаңдар (Илья Ильин)
40. Әйгілі отандастары Василий Жиров пен Бахтияр Артаевтың жетістігін қайталап Олимпиадалық ойындарда бокстан алтын медальмен бірге «Баркер» кубогін иеленген қазақ спортшысы кім? (Серік Сапиев)

«Мемлекет» категориясының сұрақтары:
10. Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет (Түркия)
20. Осы мемлекетте өткен Олимпиада ойындары Қазақстанға 7 бірдей чемпионды және 5 олимпиада жүлдегерлерін сыйлады. Бұл қай мемлекет? (Англия)
30. 2011 жылы қандай айтулы мереке тойланды? (Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы)
40. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан мемлекет? (Ресей)

- Сайыстың ІҮ кезеңі «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар қысқа уақыт аралығында облыстар шекараларымен бөлінген Қазақстан картасын тез арада жинауы керек. (5ұпай беріледі).
- Сайысымыздың келесі Ү кезеңі «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар отан жайлы мақал - мәтелдер, рәміздер туралы өлеңдер айтып жарысады.(Әр дұрыс жауапқа ұпай саны – 3)

- Сайысымыздың соңғы ҮІ кезеңі «Менің қиялымдағы рәміз» деп аталады. Әр топ оқушылары өз қиялындағы рәміздердің жобасын жасап, қорғайды.
Топ басшыларына тапсырма беріледі. Сұрақ: мемлекеттік рәміздерді қандай сөздермен мақтар едіңдер? (Ұпай саны – 10)

«Күннің суретін бейнелеу» атты тренинг

- Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап тілек жазу.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Сайыстың қорытындылау жеңімпаздарды марапаттау.
Сәлем хаттай ол маған,
Болашаққа жолданған...
Рәміздері елімнің
Ата заңмен қорғалған...

- Терең тағлымға толы тәрбие сағатында белсенділік танытқандарың үшін рахмет! Елін сүйер, жерін қорғар, салт-дәстүрді қадірлер азамат болуларыңа тілектеспін!




4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп – интернатында 2018 жылдың қараша айының 11 – шы жұлдызында 10 «б» сыныбында «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік белгілері» атты сайыс сабағының хаттамасы

Қатысуға тиісті: 20 оқушы

Қатысқаны: 20 оқушы

Күн тәртібінде:

  1. «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік белгілері» тақырыбындағы тәрбие сағатының жоспарымен, мақсат-міндеттерімен таныстыру

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Қабат Жайна сөз алып оқушыларды «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік белгілері» тақырыбындағы тәрбие сағатының мақсаты, сабақ барысымен таныстырып өтті. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өткізілу формасы сайыс сабақ. Әдісі түсіндіру, сұрақ жауап.

Тәрбие сағатының жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Кіріспе сөз.

  3. Таныстыру

  4. Кім тапқыр?

  5. Ойлан тап!

  6. Кім жылдам?

  7. Ойлы болсаң озып көр

  8. Менің қиялымдағы рәміз

  9. Қорытынды.

Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге, топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға шақырды. І кезең Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтті. Сайыстың бұл кезеңі 5 - ұпаймен бағаланды. ІІ кезең «Кім тапқыр?» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар берілді. Әрбір дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланды. ІІІ кезеңі «Ойлан тап деп аталады. Бұл кезеңде «Авторлар», «Ұғымдар», «Спортшылар», «Мемлекет» деп аталатын төрт категория берілген. Әр категорияның сол жағында 10, 20, 30, 40 деген ұпай сандары көрсетілген ұяшықтар орналасқан. Әрбір ұяшықта сол категорияға байланысты сұрақтар жасырылған. Оқушылар кезекпен категорияны және ұпай көрсетілген ұяшықты таңдады. Дұрыс жауап берген жағдайда ұяшықта көрсетілген ұпай санын иеленді. ІҮ кезеңі «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар қысқа уақыт аралығында облыстар шекараларымен бөлінген Қазақстан картасын тез арада жинап үлгеру керек. 5- ұпай берілді. Ү кезеңі «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар отан жайлы мақал - мәтелдер, рәміздер туралы өлеңдер айтып жарысты.Әр дұрыс жауапқа ұпай саны – 3. ҮІ кезеңі «Менің қиялымдағы рәміз» деп аталады. Әр топ оқушылары өз қиялындағы рәміздердің жобасын жасап, қорғады. Кері байланыс жасалды. «Күннің суретін бейнелеу» атты тренинг Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап оқушылар тілек жазды. Сайыстың қорытындылап жеңімпаз топтарды марапаттады.







Хатшы: Д.Ағайдар

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі