2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / « Оқытуда soft skills дағдыларын дамыту»

« Оқытуда soft skills дағдыларын дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама оқушылардың жұмсақ дағдыларын дамытуға арналған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Баделова Шолпан Баделқызы

Баяндама

« Оқытуда soft skills дағдыларын дамыту»


Біз – білім әлемінің барша қызығы мен қуанышын бір бөлісіп, қиындығы мол сынақтарын бірге кешіп келе жатқан жандармыз.

Біз – балаларға бабаларымыздың арман-тілегін қасиетті тілімен жеткізетін алтын көпірміз.

Менімен бірге болыңыздар. Шәкірт пен ұстаздың ғаламат дүниесіндегі ғажайыптарды бірге тамашалайық.

Қазіргі заманда өмір сүру мен әлем жағдайының өте жылдам қарқынмен жүруі, технологиялар мен қоғамның тұрақты, үздіксіз дамуы адамдардың тиімді қызмет етуіне талап қоюда. Бүгінгі кезеңде маманның кәсіби біліктілік моделінде soft skills яғни жұмсақ дағды ерекше орын алады.

Soft skills ағылшын тілінен аударғанда икемді немесе жұмсақ дағдылар деп аударылады. Икемді дағдылар 2 топқа бөлінеді: жеке дағдылар және тұлғааралық дағдылар. Жеке дағдыларға жауапкершілік, адалдық, өзін-өзі реттеу, уақытты басқару, шығармашылық ойлау, оптимизм, этикет, әдептілік, логикалық ойлау, көпшілдік, эмпатия, жеке қаржылық , басқару секілді дағдылар жатса, тұлғағаралық дағдыларға топта жұмыс істей білу, басқа адамдарды тыңдау, көшбасшылық, басқа адамдарды құрметтеу, сыпайылық, жанашырлық, өз пікірін дәлелдей білу, қарсыласпен кері байланыс орнатуды атауымызға болады.

Soft skills дағдысы адамда туғаннан бастап үздіксіз өмір бойы дамиды. Ол дағдыларды арнайы оқытатын пән жоқ. Бұл дағдыларды сабақта да, сабақтан тыс уақытта да дамытуға болатын дағды. Сабақта қолданылып жүрген сто стратегиялары, топтық, жұптық жұмыстар жұмсақ дағдыларды дамытатын тәсілдер.

Мен өзімнің күнделікті сабақтарымда оқушылардың икемді дағдыларын дамытуға арналған СТО стратегиялары, топтық, жұптық жұмыстарды, логикалық тапсырмаларды жиі беріп отырамын. Сондай-ақ мен 2007 жылдан бері бірлестік жетекшісі қызметін атқарып келемін. Жылына 2 рет пән апталығын өткіземіз. Сол апталықтағы ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда әріптестеріме оқушылардың soft skills дағдыларын дамытуға байланысты тапсырмалар әзірлеуін басты назарда ұстаймын. Мысалы: 2022-2023 оқу жылында қыркүйек айында Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында апталық өткіздік. Осы апталықта «Тіл жәрмеңкесі», «Ұлтымның ұлы ұстазы», «Тіл- таулық тірегі» шараларында жеке, тұлғааралық дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар берілді.

Қаңтар айында «Ана тілі – тәрбиенің бастауы» тақырыбында онкүндік өткізіліп, онкүндіктің әр күнін ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында ала отырып, әр тапсырмада оқушының да, мұғалімнің де икемді дағдыларын дамытуға үлесімізді қостық деп айта аламын. Апталықтың 1-күнін «Ата салтым-асыл қазынам» деп атап, бұл күні қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді, 2-күнді «Халқымның ұлы мұрасы» деп алып, халық ауыз әдебиеті бойынша оқушылар мен мұғалімдер арасында КУИЗИС өткізілді, мақал-мәтел, жұмбақтар сайысы, оқушылар мен мұғалімдер арасында айтыс өтті. 3- күнді «Ұлттық ойындар» деп алып, бұл күні асық ату, садақ тарту, арқан тартыс, тоғызқұмалақ секілді ойындар ойнатылды. Бұл ойындардың қызықты болғаны соншалық, оқушылар, ұстаздармен бірге мектептің жай қызметкерлері де қатынасып, ерекше креативті сыйлықтарға ие болды. 4-күнді «Тәрбие – тал бесіктен» деген атаумен алып, мектеп, аудан кітапханасымен бірлесе отырып, Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» шығармасы бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. 5-күнді «Қазағымның болашағы» деп алып, оқушылар арасында «Жұлдызды сәт» ойыны ойналды. «Бір сұрақ-бір бауырсақ» акциясын өткіздік. 6-күнге «Қазақ кино әлемі» деген атау беріп, «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа» секілді кинолар мен мултьфильмдер көрсетілді. 7-күнді «Маған қазақ әндері ұнайды» деген атпен алып, үзілісте қазақ әндері шырқалды. Оған оқушылар да, мұғалімдер қосылды. 8-күнді «Қазақтың креативті ұстазы» деп алып, мұғалімдер арасында коучинг өткіздік. 9-күнге «Домбыра пати» деген атау беріп, қазақ күйлері тартылып, күй сайыс болды. 10-күн «Қазақтың тілі-ғаламат» деген атаумен аталып, бұл күні «Білгенге маржан» сайысы өтіп, онкүндік қорытындыланды.

Биылғы оқу жылында, күні кеше, «Тіл – асыл қазына» тақырыбында апталық өткіздік. Бұл апталықтың да креативті өтуіне атсалысып, жаңаша әдіс-тәсілдермен қызықты ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізілді.

Спорт ерікті құзіреттілікті дамытады, ал командалық спорт ұжымда жұмыс істеуді үйретеді. Музыка және сурет шығармашылықты, креативтілікті дамытады және барлық зияткерлік құзіреттердің дамуына серпін береді. Шахмат, тоғызқұмалақ ойнау кезінде логикалық ойлау дамиды. Мектептегі апталық пен онкүндік жобалық жұмысы әлеуметтік, көшбасшылық және зияткерлік құзіреттіліктерді дамытуға мүмкіндік берді.

Мектеп – балаларды ғана емес, оған қатысы бар барлық ересек адамдарды –мұғалімдерді, ата-аналарды қалыптастыратын, оларға бағыт беретін орын. Мүмкін, олардың барлығы осы дағдыларды бірге үйренуге тиіс шығар. Балаларды шынайы өмірге дайындаудың бірден-бір тиімді тәсілі-осы шынайы өмірді мектепте құру.

Қорытындылай келе айтарым, soft skills дағдыларын дамыту арқылы біз алға қойған кәсіби мақсаттарымызға жетіп, білім алушылардың да, әріптестердің де өмірін қызықты, жұмысын тиімді ете аламыз.

Қазақта тұңғыш «Педагогика» деген еңбек жазған Мағжан Жұмабаев «Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек»,-дейді. Адам барлық нәрсеге қабілетті. Тек сол қабілет пен қасиеттерді, икемді дағдыларды үнемі дамытып отыру қажет.


07 Желтоқсан 2024
153
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі