Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
« Отбасы – өмір айнасы»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: « Отбасы – өмір айнасы»
Мақсаты:
Білімділігі:Отбасы мүшелерінің арасындағы
бауырмалдық, қайырымдылық, достық
қарым- қатынасты
қалыптастыру.
Дамытушылығы:Баланың жан- жақты өз елінің, халқының қамсын
ойлайтын, ата- анасын, жора-
жолдасын сыйлай білетін,
азамат тәрбиелеумен қатар,
ұлттық тәрбиені
дамыту.
Тәрбиелігі:Үлкенді сыйлауға, кішіге
қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға
тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ- жауап,
пікір алысу, өз ойын ортаға сала
білу.
Көрнекілігі: Үлестірмелі
кестелер, даналық сөздер,
компьютер, слайд, плакаттар.
Түрі: Ата- ана мен баланыңарасындағысыйластықтыкүшейту
Ұйымдастыру барысы:
Қане, балалар бүгінгі ашық
тәрбие сағатымызды бастамас бұрын “Бір тілек” сергіту сәтіне
берсек. Бүгін біздің тәрбие сағатымызға қатысып отырған
ата-аналарымызға, ұстаздарымызға және өзімізге деген жақсы
тілектерімізді сткерлерга жазып сол өзіңнің ұнаған адамыңа беруге
болады. Ендеше бүгінгі күн бәрімізге сәтті күн
болсын.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата- аналар,
шәкірттер! Біздің бүгінгі «Отбасы-өмір
айнасы» тақырыбында өткізгелі
отырған ашық тәрбие сағатына қош
келдіңіздер!
Кіріспе сөз:
Үлгі – өнеге бастауы
Жағымды қасиеттерге баулиды
Отбасы — адамзат бесігін тербеткен ұя болса,
«Баланың бас ұстазы — ата — анасы».
Бұларбалағаотбасылықөмірдіңқыры мен сырын, тылсымдүниеніңжұмбақтарынтанытып, жағымдықасиеттергебаулиды. Себебі, отбасы — танымбесігі, отбасы — үлгі — өнегебастауы. Ата — ананыңүйдегіқарым — қатынасы, киімкиісі, мінез — құлқыбәрі — бәрібалағаүлгі. Өйткені, «Қарағайғақарап тал өседі, жанұяғақарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқандасоныіледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан — мейіралады». «Әке — асқар тау болса, ана — бауырындағыбұлақ, ал бала — жағасындағықұрақ». Осы бірүшсөзәке, ана, бала — отбасыошағыныңүштағаныіспеттес. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын оқушыларымыздыды ІІІ топқа суретті құрастыру арқылы бөліп алсақ.
Топ аттары: 1.Татулық
2. Махаббат
3. Жылулық
Суретті құрастырып сол сөздер құру.
II. Оқушылар отбасы туралы өз пікірлерін білдіреді. Сонымен қатар
үй тапсырмалары берілген отбасы туралы эссе жазу, сурет салып келу,
өлеңдер жазып келу осыларды оқушылардан
сұрасақ.
Дана Анам маған: -Үлкенд ісыйла, — деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендер ден ауысқанк ішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра – ізеттілік,
Арымды соған қойған күзеттіріп.
Адалдық – менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп. М.Мақатаев
1-оқушы:Отбасы – шағын қоғам дегенге толықтай келесімен. Бала- ата-ананың ұрпағы, өмірдің жалғасы, қуанышы, үлкен үміт. Барлық бала ата- анасынан тек жақсылық жасауды үйрене отырып, отбасының діңгегінің мықты болуына үлес қосады.
2-оқушы:Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады.
3-оқушы:Отамызды сүюше тәрбиелейтін бірден – бір орта ол – отбасы. Отбасы шағын мемлекет.
4-оқушы: Адамзатқа өмірде ең жақын, ең қымбат нәрсе – отбасы. Баланың ең алғашқы ұстазы оның өзара түсіністік, мейірімділік, татулық, сыйластық, сенім, қамқорлық бауырмалдық, кешірімдік, сүйіспеншілік болғанда ғана бірлік болады
5-оқушы: Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл - отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы деп ұлы педагог А. С. Макаренко айтқандай балаларға түсіністікпен қарап, балалықпен жасаған қылықтарын дер кезінде ескертіп, қорытынды шығарып отыру керек деп ойлаймын.
6- оқушы: Ата асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ деп бекер айтылмаған
7- оқушы:- Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін небір асыл сөз маржандары кездеседі. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын тілейді.
8- оқушы: Қазақта « Ұлың- қымбат, немерең-ыстық» деген нақыл сөз бар.Немере үшін ең мейірімді жан - әже.Әженің аялы алақаны, мөлдір мейірі, жылы жүрегі немереге ауадай қажет.
9- оқушы: Ана- отбасының жүрегі, отбасының даналығының өзегі. Адамды дүниеге әкелетін , өмір сыйлайтын ана емес пе?
10- оқушы: Жақсыдан жаман туады
Бір аяққа алғысыз
Жаманнан жақсы туады
Адам айтса нанғысыз.
11- оқушы: Отбасы- адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.» Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған.
12- оқушы: Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы,жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Құрметті ата-аналар оқушылар міне біз оқушыларымыздың отбасы жайындағы пікірлерін білдік.Отбасының ауқатты болуы қоғамға да пайдалы. Сондықтан да еңбек,татулық, бауырмалдылықпен, бірліктің арқасында жақсы отбасы болады. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туыс - туғандар мен де қарым - қатынаста болады. Ата - ананың ақылымен қарым - қатынас түрлері реттеліп отырады. Адамның өз басының жұмысыннан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы - адамгершілік парызы. Мейрімді болсаң, сеннен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде сағанда көмекке келеді. Сөйтіп отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады дей келе мына
Бейне роликті көрсек. / Бай мен кедей/
Осы бейне ролик жайында оқушылар өз ойларын ортаға салады.
ІІІ. Шығармашылық
жұмыс
а) Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс)
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті
_______________________________________________
Ең жақын __________________________________________
ІҮ. Құрметті ата-аналар, сіздердің бала тәрбиесінде емтихан күнделікті әр сағатта, жыл бойы кездеседі. Сондықтан кейбір кездесетін жағдаяттарды қалай шешесіздер, соны білгіміз келеді. Біз сіздерге сұрақтар беріп, соған жауап берулеріңізді сұраймын.Ата-аналар сіздерге Ata-ana@mail.ru электрондық поштаға сіздерге анрналған сұрақтар келіп тұр екен сол сұрақтарға жауап беріп стикерлер арқылы тақтаға ілсеңіздер.
-
Сіздің көңіл күйіңіз төмен болса, жанұяға, балаларыңызға әсері тие ма?
-
Бала тәрбиесіндегі қандай әдісті жиі қолданасыз?
-
Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келема?
-
Балаңызды еркелетке қандай сөздерді пайдаланасыз?
-
Балаңызға ашуланған кезіңізде ең алдымен қандай сөз түседі?
-
Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсызба?
-
Балаңызға уәде беріп, жақсы, -құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
-
Сіздің балаңыз өтірік айтатын байқадыңыз.Не істер едіңіз?
Міне ата-аналар сіздерге көп рахмет.
Ү. Келесі кезек
те «Біздің
отбасы» Бұл кезекте 3 топқа үш түрлі сұрақ беріледі. Сол
сұрақты кірпіштерге жазылған сөздермен біздер
өзіміздің Үйімізді қалайық. Біздер балалар барлығымызда өз
өміріміздің құрлысшысымыз. Біздің үйіміздің фундаменті неден тұрады
екен?
Оқушыларға актуальдық
сұрақтар:
1- топ Үй дегенді
қалай түсінесің?
2- топ Үйдің жылу,
ата – ананың аялы алақаны дегенді қалай
түсінесің?
3-топ Бақытты
отбасы дегенді қалай
түсінесіздер?
Біздің алдымызда үй
салатын мынандай кірпіштер
жатыр:
1.
байлық.
2.
бауырмалдық
3.
татулық
4.
әке
5.
қайырымдылық
6.
әдептілік
7.
инабаттылық
8.
шыдамдылық
9.
толеранттық
10.
түсіністік
11.
ізеттілік
12.
ауызбірлік
13.
сенімділік
14.
махаббат
15. ата – ананың балаға
деген махаббаты
16. достық
17. шаңырақ шаттығым.
18.
ана
Осы кірпіштердің көмегімен біздер өз
үйлерімізді тұрайық. (Балалар үй тұрғызуға
кіріседі)
Кане ата-аналар және оқушылар бір жақсы «Ата-анаға қамқорлық» бейне роликті көріп тамашалайық.
ҮІ. Сурет салу осы кезекте әр оқушы өз отбасы туралы түрлі – түсті бояуларды пайдалана отырып «Менің отбасым» тақырыбында суреттер салады. Сол боялған суреттерде қолданған түрлі-түсті бояулар арқылы отбасының қандай екендігін білуімізге болады.
ҮІІ.
Әке мен
ана – шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі
міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады.
Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен
құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген
екен.
Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек
берейік.
1- оқушы:
Бала
тәрбиесі бесіктен.
2-
оқушы:Баланың жақсысы – қызық,
Жаманы күйік.
3- оқушы:
Әке
көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
4-
оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің
нұры.
5- оқушы:
Құс
балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа
түседі.
6- оқушы:
Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.
7-
оқушы:
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
8- оқушы:
Жақсы әке
– жаман балаға қырық жылдық ризық.
9- оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
10-
оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні
баласы сыйламайды.
11-
оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың
көңілі далада.
12-
оқушы: Ағайын – алтау, ана –
біреу.
13-
оқушы: Ағайынның алтын сарайынан,
Ананың жыртық лашығы артық.
Міне біздің балаларымыздың көптеген мақал - мәтелдерімізді жеке - жеке айтып шықты. Рахмет сендерге оқушылар.
Құрметті ата-аналар және оқушылар енді жақсы ата-ана жайында ән А.Жорабаева “Перзент сыры” тыңдасақ. /ВИДЕО РОЛИК/
Қорытынды:
Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы
ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық -
тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа
ауыспасын деген үлкен үміт
тұр.
Мен бүгінгі
тәрбиелік іс-шарамызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен аяқтағанды
жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе
анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны
адам етем,
Басқалардың осындай
балалары,
Тап осындай
жаңғалақ шала ма
екен
Ойым емес, оллаһи,
біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ
алабөтен
Туа сала тұлпардың
жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып
қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына
жылу сыйлап,
Бұ да бір күн
алаудай жана ма
екен?
Ел қатарлы елеулі
еңбек етсе - ау
Болмаса да топ
жарған дара бөтен.
Мүше тістеп
мықтылар той
жасаса,
Жерге қарап мен
сорлы қалар ма
екем?
.... Үміт пен
күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті
талады екен!
Міне осылайша өз
баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген
ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен. Ата-аналар
уақыттарыңызды бөліп тәрбие сағаттарыңызға қатысқандарыңызға
рахмет. Отбастарыңызда әрқашанда аманшылықұ болсын.
Көріскеншекүнжақсы!
Аман-сауболыңыздар!
Информатика пәні мұғалімі, сынып
жетекшісі Абдикерова Құралайдың
өткізген ашық тәрбие сағатының
қорытындысы туралы
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: «Отбасы – өмір айнасы
Уақыты: 21.01.2017ж
Сыныбы: 6б
Тыңдалды:
1. Абдикерова Құралай: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Баланың жан- жақты өз елінің, халқының қамсын ойлайтын, ата- анасын, жора- жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау. Осы мақсаттарды алдыға сала отырып оқушыларға нақты ақпарат бердім.
2. Г.Аяғанова- қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі:
Жұмыс маған өте ұнады, ата-аналар мен жақсы жұмыстар қамтылған. Сабақ өз мәнінде өтті. Оқушылардың қолдан істелінген қабырға газеттері жақсы жасалған. Оқушылар белсене араласып отырды. «Өте жақсы» деп бағалаймын.
3. К.Кенжалиева, тәрбие ісі меңгерушісі:
Бұл ата-аналар мен оқушыларды бірлескен тәрбие сағаттары өте жақсы ұйымдастырылған. Мұғалім оқушылар мен ата-аналарға тәрбие жөнінде көптеген жұмыстар қамтылған. Барлық оқушылар белсене араласып отырды. Жақсы тәрбиелік мәні бар деректі фильмдер көрсетілді. Сол көрсетілген бейнероликтердің мәні мен мағынасын оқушылардан сұралып, оқушылар өз ойларын жақсы жеткізді. Бұл жұмыста құрылым жақсы жоспарланған және соған сай алып шықты.Деректі фильмдер тиімді таңдалынған, көрнекіліктері талапқа сай. Барлық оқушы қамтылған, өзіндік үлестерін қосты деп айта аламын.Ата-аналар жақсы атсалысып отырды. Бұл бәрбие сағатын «Өте жақсы» деп бағалаймын.
Қорытынды:
Ұсыныстар мен пікірлер ескеріле отырып, «Отбасы-өмір айнасы»» тақырыбында 6б сынып жетекшісі Қ.Абдикерованың ұйымдастыруымен өткізілген ашық тәрбие сағаты «өте жақсы» деп бағаланды.
Анықтама беруші: Қ.Абдикерова
6 б сыныбында «Отбасы – өмір айнасы» тақырыбында өткізілген
ашық тәрбие сағаты.
№ 279 орта мектебі
«Отбасы – өмір айнасы»
ашық тәрбие сағаты
Күні: 21.01.201
Сыныбы: 6 б
Сынып жетекші: Абдикерова Қ