400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Партизан – Қасым Қайсенов»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсенов туралы мағлұмат беру, материалдар жинақтау және білімдерін тереңдету. Оқушылардың бойына патроиоттық сезім ұялатып, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Тәрбиелік: Оқушыларға Қасым Қайсеновтың өмірін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Партизан – Қасым Қайсенов»

Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсенов туралы мағлұмат беру, материалдар жинақтау және білімдерін тереңдету. Оқушылардың бойына патроиоттық сезім ұялатып, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Оқушыларға Қасым Қайсеновтың өмірін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Батырдың өмірін бейнелейтін слайдтар, бүктемелер, жұлдызшалар.

Сабақтың әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, пәнаралық байланыс: тарих, математика, әдебиет.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Сабақтың барысы:

І. Өмірдерек. «Партизан-Қасым Қайсенов

ІІ. Қасым Қайсеновтың шығармалары

ІІІ. Қ. Қайсеновтың туралы деректі фильм

IV. Қорытынды



Жаңа сабақ.

Қасым Қайсенов 1918 жылы сәуір айының 23 күні Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асу-бұлақ аулында кедей шаруа отбасында туған.

Туған ауылында жетіжылдық мектепті бітіргеннен соң Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп оны 1938 жылы бітіріп шығады. Алғыр жас түлек оқуды бітіре салысымен сол жылы техникум маңынан ашылған cаяси ағарту курсына басшылық етуге тағайындалады. 1938-39 жылдары Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспекторлық қызмет атқарады. Ал 1939 жылы әскери-барлаушылар  мектебіне қабылданып ол оқу орнын 1941 жылдың күзінде бітіреді. Бұл уақытта фашист басқыншылары Отанымыздың батыстағы көп жерлерін жаулап алып қойған болатын.

1941 жылдың караша айында ол Оңтүстік-батыс майданы  штабының қарамағына жіберіліп, штабтың арнайы тапсырмасымен жау жайлаған Украина жеріне парашютпен түсіріледі. 1941-1942 жылдары Киев, Полтав облыстарында коммунистердің астыртын ұйым жұмыстарына белсене араласып Чапаев атындағы партизан құрамасын ұйымдастырысып, кейіннен сол партизан құрамасының үшінші партизан отрядына басшылық етеді.

1943 жылдың қыркүйек айының 21 күні Чапаев атындағы партизан құрамасы Совет Армиясымен қосылғаннан кейін ол тағы да жау тылына жіберіліп, төрт рет арнайы тапсырмамен Украина, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерлерінде партизан отрядтарын басқарады. 1944 жылдың қараша айының екінші жартысында Карпат тауында партизан отрядтары 44-Украин майданы әскери бөлімдерімен қосылған соң, осы майдан әскері құрамында соғыстың соңына дейін жаумен шайқасып, 1945 жылдың басында туған еліне оралады. 1945-1946 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы  аппаратында референт қызметінде болады,  1946-1949 жылдары Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында аудандық атқару комитеттері председательдерінің орынбасары, 1949-1950 жылдар аралығында ҚазССР жеңіл өнеркәсіп Министірлігінде кадр бөлімінде аға инспекторы қызметтерін атқарады. 1951-1953 жылдары  Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті жанындағы партиялық мектептің аудармашылар даярлайтын бөліміне оқуға жіберіледі.

Оны 1953 жылы бітірген соң ұзақ уақыт «Қазақ елі», «Жазушы», «Қайнар», баспаларында редактор, баспа директорларының  орынбасарлары болып және Қазақстан Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарады.

Қ. Қайсенов 1957 жылдан Қазақстан Жазушылар одағына мүше.

Қ. Қайсенов қолбасшылық ордені «Богдан Хмельницкий», «Чехославакия партизаны», II, III-дәрежелі «За заслуги» және 2 рет I дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен шетелдердің және Совет Одағының медальдарымен сонымен қатар Қазақ ССР-нің, Украин ССР-ның «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.

1995 жылы 24 сәуірде оған «Халық қаһарманы» атағы және армия полковнигі деген шен берілді. 2003 жылы Халықаралық

А. Фадеев атындағы сыйлықтың, жазушылар одағының Б. Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының иегері болды.

Өскемен облысы Ұлан ауданының және Арқалық қаласының құрметті азаматы. Республикамызда оның атында орта, орталау мектептер, елді мекендерде оның атында көшелер бар. Мемлекеттік Шығыс Қазақстан және Қарағанды университеттерінің құрметті профессоры.

Қ. Қайсенов 2006 жылы қайтыс болған.

Қорытынды.

Ияа , жоқ әдісімен оқушыларға сұрақ қою арқылы сабақты қортындылаймыз.































«Жас сарбаз» үйірмесінің жетекшісі: Жалимбетов Еркебулан Тагибергенович



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.02.2025
196
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі