Материалдар / • Қазақстандағы еңбек ресурсының сандық және сапалық құрамы. 9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

• Қазақстандағы еңбек ресурсының сандық және сапалық құрамы. 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек ресурсы дегеніміз – халықтың физикалық және зияткерлік қабілеттері еңбек ету үшін жарамды адамдар тобы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Наурыз 2021
1191
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9-сынып.08.02.2021ж

Сабаққа шолу

Сенің білетінің:

  • Қазақстандағы еңбек ресурсының сандық және сапалық құрамы.

Сенің меңгеретінің:

  • еңбек ресурсы көрсеткіштерін салыстыру;

  • еңбек ресурстарының сандық, сапалық құрамына баға беру.

Сабақтың мазмұны

  • Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы

Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы

Еңбек ресурсы дегеніміз – халықтың физикалық және зияткерлік қабілеттері еңбек ету үшін жарамды адамдар тобы. Қазақстанда еңбек ресурсына: жасы 15-ке жеткен жасөспірімдер, 16-63 жас аралығындағы еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйелдер, әскерилер және жұмыс жасайтын зейнеткерлер жатады. Ерлердің зейнеткерлік жасы 63 жас, ал 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жылына жарты жастан қосыла отырып, 58 жастан 63 жасқа дейін ұзартылды.

Халықтың жұмыспен қамтылған бөлігі және еңбек жасындағы жұмыс іздеушілер экономикалық белсенді халық деп аталады. Экономикалық белсенді халыққа жатпайтындар: оқушылар, студенттер, әскерилер, үй шаруасындағы әйелдер. 2017 жылдан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті «жұмыс күші» терминін енгізді. Жұмыс күші – жұмыс істейтін кез-келген жастағы адамдар және еңбек жасындағы жұмыс іздеушілер. Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты еңбек нарығы деп атайды.

Еңбек ресурсына сандық және сапалық тұрғыдан баға беріледі. Сандық бағалауда халықтың еңбек жасы, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық деңгейі, жұмыс уақытының ұзақтығы, т.б. көрсеткіштер қамтылады. Сапалық бағалауда денсаулығы, білімі, қызмет ету саласы, т.б. көрсеткіштер қамтылады.

2020 жылдың басына Қазақстанда жалпы 9,2 млн жұмыс күші болса, соның 4,7 миллионы ерлер, 4,5 миллионы әйелдер. Жалпы жүмыс күшінің 8,7 миллионы жұмыспен қамтылғандар (1-сурет). Қалғаны жұмыссыздар болып есептеледі. Яғни жұмыссыздық – 5 %.

1-сурет. ҚР-ның еңбек нарығы

Жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздардың жалпы жұмыс күшіне қатынасы арқылы, мына формуламен анықталады:

u =

 100 %

Бұл жерде, u – жұмыссыздық деңгейі; U – жұмыссыздар; L – жұмыс күші;

Жекелеген мемлекеттер бойынша жұмыссыздықтың ең жоғарғы көрсеткіші Грекия, Испания, Италияға тән болса, ең төменгі көрсеткіш Жапония, Исландия, Ұлыбритания секілді аралдық мемлекеттерге тән (1-кесте).

Кесте 1. Жекелеген мемлекеттердегі жұмыссыздық деңгейі

Еңбек ресурсына халықтың жастық құрамы да әсер етеді. Мысалы, дамыған елдерде «халықтың қартаюы» жүруде. Себебі 60 жастан жоғары адамдар халықтың 17%-ын құраса, балалар 30 %-ға жетпейді. Дамушы елдерде керісінше, халықтың көп бөлігі 15-59 жас аралығындағы еңбекке қабілеттілер, ал егде адамдар 7%-дан төмен, балалар 36%-дан жоғары.

Қазақстандағы жұмыс аптасының ұзақтығы:

  • Қалыпты – аптасына 40 сағаттан аспайды;

  • Қысқартылған:

    1. 14–16 жасқа дейінгілерге аптасына 24 сағаттан аспайды;

    2. 16–18 жастағыларға, ауыр жұмыстағыларға, мүгедектерге аптасына 36 сағаттан аспайды.

  • Толық емес;

Елімізде жұмыс күшінің жоғары және орта кәсіптік білімі барлары 7,2 млн адам. Олар жұмыспен қамтылғандардың 82%-ын құрайды. Жұмыспен қамтылғандар кәсіби құрылымы бойынша экономиканың бірнеше секторында жұмыс атқарады:

  • 1-сектор: ауыл шаруашылығы;

  • 2-сектор: өнеркәсіп және құрылыс;

  • 3-сектор: қызмет көрсету.

  • Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы

  • Жауабын жасыру

  • Дұрыс жауапты тауып, сөйлемді толықтыр.

  • Еңбек ресурсы

  • дегеніміз – халықтың физикалық және зияткерлік қабілеттері еңбек ету үшін жарамды адамдар тобы.

  • Білгенің жөн!

  • Қазақстанда халықтың физикалық және зияткерлік қабілеттері еңбек ету үшін жарамды адамдар тобына: жасы 15-ке жеткен жасөспірімдер, 16-63 жас аралығындағы еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйелдер, әскерилер және жұмыс жасайтын зейнеткерлер жатады.

  • Түсіндіру

  • Еңбек ресурсы дегеніміз – халықтың физикалық және зияткерлік қабілеттері еңбек ету үшін жарамды адамдар тобы.

Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы

Жауабын жасыру

Қазақстандағы жұмыс аптасының ұзақтығын сәйкестендір.

  • қалыпты

  • 14-16 жасқа дейінгілерге

  • 16-18 жастағыларға

  • 24 сағаттан аспайды

  • 36 сағаттан аспайды

  • 40 сағаттан аспайды

Білгенің жөн!

Еңбек ресурсының сандық көрсеткішінің бірі – жұмыс аптасының ұзақтығы. Жұмыс аптасының ұзақтығы жас ерекшелігі мен халықтың әр түрлі топтары үшін әрқалай белгіленеді.

Түсіндіру

Жұмыс аптасының қалыпты ұзақтығы 40 сағатты құраса, 14-16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге 24 сағаттан аспайды. Ал 16-18 жастағыларға 36 сағаттан аспауы керек.

Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы

Жауабын жасыру

Экономикалық белсенді халыққа жататындарын көрсет.

Дұрыс жауап саны: 4

15 жастағы жұмыс істейтіндер

Еңбек жасындағы жұмыссыздар

Еңбек жасындағы жұмыспен қамтылғандар

Студенттер

Еңбек ететін зейнеткерлер

Оқушылар

Әскери қызметтегілер

Үй шаруасындағы әйелдер

Білгенің жөн!

Экономикалық белсенді халық дегеніміз – халықтың жұмыспен қамтылған бөлігі, яғни өздерін жұмыспен қамти отыра, мемлекетке қаржылай пайда түсіріп отырғандар және еңбек жасындағы жұмыс іздеушілер.

Түсіндіру

Студенттер, оқушылар, үй шаруасындағы әйелдер, әскери қызметтегілер еңбек ресурсы болғанымен, олар экономикалық белсенді халыққа жатпайды.

Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы

Жауабын жасыру

Кестеде өңірлер бойынша еңбек ресурсының саны берілген. Еңбек ресурсының көрсеткіші жоғары аймақтарды анықта.

Shape1

Дұрыс жауап саны: 3

Алматы

Маңғыстау

Батыс Қазақстан

Қызылорда

Түркістан

Солтүстік Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Ақтөбе

Білгенің жөн!

Еңбек ресурсы дегеніміз – халықтың физикалық және зияткерлік қабілеттері еңбек ету үшін жарамды адамдар тобы.

Түсіндіру

Еңбек ресурсы жоғары аймақтарға: Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары жатады. Бұл облыстарда халық саны басқа өңірлермен салыстырғанда жоғары.

Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы

Жауабын жасыру

Графикте Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі көрсетілген. Жұмыссыздықтың ең жоғары көрсеткіші болған аралықты анықта.

2008 – 2014 жылдар

1996 – 2000 жылдар

2002 – 2006 жылдар

2014 – 2018 жылдар

Білгенің жөн!

Жұмыссыздық деңгейі экономикалық факторларға байланысты өзгеріп отырады. Дағдарыс кезеңінде жұмыссыздық деңгейі жоғары болса, ел экономикасы дамығанда жұмыссыздық төмендейді.

Түсіндіру

Графиктен 1996 – 2000 жылдар аралығында жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейін көруге болады, жұмыссыздық деңгейі 13%-дың шамасында.

Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы

Жауабын жасыру

Берілгені бойынша жұмыссыздар санын және деңгейін анықта.

2019 жылы Қазақстандағы жұмыс күші 9,2 миллион адамды құрады. Оның 8,7 миллионы жұмыспен қамтылғандар.

500 мың – 4,5%

1 млн – 6%

500 мың – 7%

0,5 млн – 5,4%

Білгенің жөн!

Жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздардың жалпы жұмыс күшіне қатынасы арқылы, мына формуламен анықталады:

u =

 100%

u – жұмыссыздық деңгейі;

U – жұмыссыздар;

L – жұмыс күші.

Түсіндіру

L – жұмыс күші 9,2 миллион адам, оның 8,7 миллионы жұмыспен қамтылғандар. Жұмыссыздар санын табу үшін, жұмыс күшінен жұмыспен қамтылғандар санын азайтамыз.

U = 9,2 млн – 8,7 млн = 0,5 млн.

Жұмыссыздық деңгейін анықтау үшін, еңбек күшінің жұмыссыздар санына қатынасын есептейміз.

u = 0,5 млн: 9,2 млн  100% = 5,4%

Жауабы: 0,5 млн – 5,4%

Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы

Жауабын жасыру

Берілген тұжырымдардың ақиқат не жалған екенін анықта.

1. 2017 жылдан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті «жұмыс күші» терминін енгізді.

Ақиқат

2. Еңбек ресурсы = экономикалық белсенді халық.

Жалған

3. Экономикалық белсенді халық = жұмыс күші.

Ақиқат

Білгенің жөн!

Еңбек ресурсы дегеніміз – халықтың физикалық және зияткерлік қабілеттері еңбек ету үшін жарамды адамдар тобы. Қазақстанда еңбек ресурсына: жасы 15-ке жеткен жасөспірімдер, 16-63 жас аралығындағы еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйелдер, әскерилер және жұмыс жасайтын зейнеткерлер жатады.

Түсіндіру

2017 жылдан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті «жұмыс күші» терминін енгізді – иә, ақиқат.

Еңбек ресурсы = экономикалық белсенді халық – жоқ, дұрыс емес. Себебі еңбек ресурсына студенттер де, оқушылар да, үй шаруасындағы әйелдер де жатады. Экономикалық белсенді халыққа тек жұмыспен қамтылғандар және жұмыс іздеп жүргендер жатады.

Экономикалық белсенді халық = жұмыс күші– иә, ақиқат.

Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы

Жауабын жасыру

Сарапшылар дамыған елдерде жұмыс күшінің болашағы жоқ, экономикалық құлдырау болады деп болжайды. Ал дамушы елдерде керісінше. Себебін топтастыр.

Дамыған елдер:

Балалардың үлесі 30%-дан төмен

Егде адамдар үлесі 17 %

Дамушы ел – Қазақстан:

Балалардың үлесі 30%-дан жоғары

Егде адамдар үлесі 7 %-ға жетпейді

Білгенің жөн!

Еңбек ресурсына халықтың жастық құрамы да әсер етеді. Мысалы, дамыған елдерде «халықтың қартаюы» жүруде. Халық санында егде адамдар саны көп болса, экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып саналады.

Түсіндіру

Дамыған елдерде 60 жастан жоғары адамдар халықтың 17%-ын құраса, балалардың үлесі 30 %-ға жетпейді.

Дамушы елдерде керісінше, халықтың көп бөлігі 15-59 жас аралығындағы еңбекке қабілеттілер, ал егде адамдардың үлесі 7%-дан төмен, балалардың үлесі 36%-дан жоғары.

Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы

Жауабын жасыру

Кестеде мемлекеттердің жұмыссыздық деңгейі төмен елдер көрсетілген.Жұмыссыздықтың төмен деңгейі тән елдердің ортақ белгілерін анықта.

Дұрыс жауап саны: 3

жағалаулық мемлекеттер

халық саны біршама көп

дамыған елдер

Еуропа мемлекеттері

халық саны өте аз

аралдық мемлекеттер

ауданы бойынша алып елдер қатарына кірмейді

Азия мемлекеттері

Білгенің жөн!

Жұмыссыздық деңгейі ел халқының әлеуметтік жағдайын анықтайтын, елдің даму деңгейін көрсететін басты фактор. Жұмыссыздық неғұрлым төмен болса, мемлекет соғұрлым дамыған болады.

Түсіндіру

Кесте мәліметін талдайтын болсақ, жұмыссыздықтың төмен деңгейі тән елдердің ортақ белгілері: барлығы жағалаулық мемлекеттер, барлығы дамыған және жер көлемі бойынша орташа және кіші мемлекеттер.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!