Материалдар / : «Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

: «Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлжан Мүсірбекұлы Жар¬мұ¬ха¬медов 1944 жылы 2-қазанда Оң¬түс¬тік Қазақстан облы¬сының КСРО кезіндегі Бостандық ауданында , Та¬бақ¬сай ауылында дү¬ние¬ге келген. Ор¬та¬лық ойыншы міндетін ат¬қа¬рған Әлжан Мүсірбекұлы, 1967 жылы кеңестік құрама еуропалық біріншілікте чемпион болады. Оның ең үлкен жетістігі 1972 жылы Мюнхенде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Алтын медаль алуы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
846
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЭССЕ

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы жайлы білесіз бе?

1972 жылы Мюнхен Олимпиадасында КСРО баскетболшылары (ерлер ) жеңімпаз атанған. Олар финалда жеңіліп көрмеген АҚШ құрамасын  51:50 есебімен жеңген. Олимпиада чемпионы атанған КСРО құрамасында жалғыз қазақ болғанын бірі білсе, бір білмейді. Ол, Әлжан Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы.




Әлжан Мүсірбекұлы Жар­мұ­ха­медов 1944 жылы 2-қазанда Оң­түс­тік Қазақстан облы­сының КСРО кезіндегі Бостандық ауданында , Та­бақ­сай ауылында дү­ние­ге келген.

Ор­та­лық ойыншы міндетін ат­қа­рған Әлжан Мүсірбекұлы, 1967 жылы кеңестік құрама еуропалық біріншілікте чемпион болады. Оның ең үлкен жетістігі 1972 жылы Мюнхенде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Алтын медаль алуы.

  Даулы финал жайлы талай деректі фильм түсірілген, әлем шулаған. 2017 жылы 28-желтоқсанда «Движение вверх» атты фильм көрерменге жол тартты. Кино дәл осы 1972 жылғы КСРО-ның баскетболдан Олимпиада чемпионы болуы жайлы түсірілген. Фильмде Әлжан Жармұхамедовтың рөлін ресейлік актер Александр Ряполов сомдаған. Әлжан Жармұхамедов даулы финалда ең ұзақ ойнаған ойыншы. 40 минуттың 36 минутында ойнап, әр таймда екі минуттан демалған. Оның лақап аты «Түркістан жыланы», бойының ұзындығы 207 см және ол құрамадағы ең бойшаң ойыншы болған.  Міне, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы жайлы аз-кем мәлімет.

 



Әлжан ағамыздың жұлдызды сәті 1967 жылдан басталған еді. Дәл сол жылы Тәшкенттегі КСРО құрамасының бас жаттықтырушысы Александр Гомельский болашақ спортшының қарымын байқап одақ құрамасына шақырады. КСРО құрамасы сапына өткен бойда Еуропа чемпионы атанады. Осыдан кейін жаттытырушысы оны ұлттық құраманың базалық командасы ЦСКА-ға ауыстыруға тырысады. Алайда, командаластарын қимай қалып қояды. Осыған қырсыққан Гомельский оны 1968 жылғы Мехико Олимпиадасына апармай қояды. Есесіне Әлжан ағамыз қолын бір-ақ сілтеп Алматыға тартып кетеді. Бас жаттықтырушы қайткен күнде де Әлжанды Мәскеуге әкетпек ниетпен артынан шақырту хатын ұстатып милиция жіберуге дейін барыпты. Осылайша, 1969 жылы қарашада КСРО қорғаныс министрлігінің бұйрығымен Әлжан Мүсірбекұлы Мәскеудің ЦСКА-сына алынады. Содан табаны күректей 11 жыл осы команданың, Кеңес Одағындағы ең үздік клубтың намысын қорғады.

БАҚ беттерінде ара-тұра жазылып тұратыны болмаса, расы керек  Әлжан Жармұхамедовтың есімі жалпы қазақ жұртшылығы арасында онша таныс емес. Тіптен кейінгі жылдары ұмытылып бара жатыр деуге де болады. Өйткені, батырымыз ел аумағында емес Мәскеуде тұрып келеді. Әрі жарыстарға Өзбекстанның атынан шығып жүрді  Зейнет жасындағы ағамыз бүгінде жаттықтырушы болып қызмет етеді.

Бостандық ауданы 1957 жылы «Қазақ КСР-ның біраз әкімшілік жер аумағын Өзбек КСР-ына жалға беру туралы» туралы қаулысы негізінде Өзбекстан республиканың әкімшілік аумағына қосылады. Осылайша, ауданның байырғы тұрғындары секілді Әлжан ағамыз да күллі туыс-туғандарымен бірге жалғыз күнде құжат бойынша «өзбек» болып шыға келген. Алайда, Әлжан Жармұхамедов өзбекке еш қатысы жоқ. Әкесі Мүсірбек – қазақ, анасы Просковья – украин қызы. Тағы бір айта кетерлігі, «Физкультура и спорт» журналының 1972 жылғы 10-санында жарияланған Мюнхен Олипиадасы чемпиондарының тізімінде Әлжан Жармұхамедов ұлты қазақ деп анық жазылған екен. туу туралы куәлігінде де «Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді» деп жазылған. Ресейлік паспортындағы «ұлты» деген жерінде де «қазақ» екені көрсетілген.

Табақсайда орта мектепті аяқтаған соң Шыршық қаласындағы зауыттардың бірінде бірнеше жылдай әртүрлі жұмыстар істейді. 1963 жылы Ташкенттегі дене тәрбиесі институтына құжат тапсырады. Оны 1967 жылы аяқтап Ташкенттің СКА баскетбол командасына қабылданады.

Сол жерде басында айтып өткеніміздей, мәскеулік мамандардың көзіне түсіп, дереу КСРО құрамасына шақырту алады.

Өкініштісі сол,  орыстар артынан милиция жіберіп алдырған азаматымыз өз елінің атынан үлкен жарыстарға қатыса алмады. Елге келуді талай мәрте ойлаған. Алайда сәті түспепті. Алматының атақты «Буревестник» командасында ойнауды армандаған. Нақтысын айтқанда, спорт шенеуніктері сәтін келтіруге тырыспаған. Қанына тартып бір емес, бірнеше рет Қазақстанға келіп отанының атынан жарысқа шығуға талпыныс жасап көріпті. Бірақ, ешнәрсенің парқын түсіне қоймайтын жоғарыдағылар оның бұл талабына көңіл бөлмеген. Біреулер  «өзбек» деп өзекке тепкен. Соған қарамастан, қалуға тырысады. Ақыры амалдары қалмаған соң  1987 жылы сол кездегі спорттың басы-қасында жүрген басшылар Әлжан Мүсірбекұлына баскетбол маманы емес нысана көздеуші қылып жұмыс «тауып» береді. Мұндай қорлыққа шыдамаған Жармұхамедов амалсыз Мәскеуге қайтуға мәжбүр болады. Бұдан кейін тағы бір рет келудің амалын жасапты. Оның реті келмеген. Содан бері Ресейде тұрып жатыр. «Мәскеу маған спорттық атақтың бәрін берді. Бірақ туған Отаным - Қазақ еліне деген махаббатымды жеңе алған жоқ», – депті чемпионымыз бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұқбаттарының бірінде.

Спорттық мансабын аяқтаған соң ол жаттықтырушылыққа ауысады. Есімі одақ қана алыс-жақын шетелдерге мәшһүр болған даңқты баскетболшының жаттықтырушылыққа келуі Ресей спортына үлкен серпіліс әкелді деуге болады. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасында үзеңгілес досы Сергей Беловпен бірге Ресей ұлттық құрамасын жаттықтырды. Белов пен Жармұхамедов баптаған Ресей баскетболшылары 1994 жылы әлем чемпионатында күміс медальға, 1997 жылы Еуропа біріншілігінде қола жүлдеге ие болды. Кейін де талай бәсекенің шаңын шығарып жүлдемен оралып жүрді.


финалдағы ойыншылар тізімі


Тәрбие сағаты аяқталды, бүгінгі Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы жайлы мәлімет, жалпы Эссе қызықты болды деп ойлаймын.

Сау болыңдар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!