: Қазіргі цифрлық қосымшаларды бастауыш сынып сабақтарында қолдану тиімділігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

: Қазіргі цифрлық қосымшаларды бастауыш сынып сабақтарында қолдану тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада біз қазіргі жасөспірімдердің басты проблемаларын шешу жолдарын ұсынуға тырыстық. «Learning Apps», «Kahoot», «Додокаэдр» цифрлық қосымшалары, әдістерімен қандай жұмыстар жүргізгеніміз жайында айттық. Кілт сөздер: Инновация, ғаламтор, смартфон, платформа, ұлттық құндылық, миссия, IT саласы. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Материалдың қысқаша нұсқасы

.





Тақырыбы: Қазіргі цифрлық қосымшаларды бастауыш сынып сабақтарында қолдану тиімділігі

Бұл мақалада біз қазіргі жасөспірімдердің басты проблемаларын шешу жолдарын ұсынуға тырыстық. «Learning Apps», «Kahoot», «Додокаэдр» цифрлық қосымшалары, әдістерімен қандай жұмыстар жүргізгеніміз жайында айттық.

Кілт сөздер: Инновация, ғаламтор, смартфон, платформа, ұлттық құндылық, миссия, IT саласы.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Елбасымыздың Жолдауында : «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын оқытушы жауапкершілігінің өсуі, танымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.

   «Бaлa oқытудың жұмыcы шиpaқ, жiгepлi, қызу бoлғaны дұpыc» Ж.Aймaуытoв.

Ең бірінші мұғалімнің ұстанымы мықты болу керек, оқыту үдерісінде қалыптасқан дағды мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалім өз жұмысында арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, тәрбие салаларының қазіргі заманғы жаңашылдықтарын да қамтуы тиіс болғандықтан онан үлкен дайындық (педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық)  талап етіледі.

    Инновация – ол құрал және үдеріс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация өздігінен пайда болмайды, ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі.

Қазіргі таңда кәсіптік және технологиялық білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:

проблемалық оқыту;

дамыта оқыту;

деңгейлеп оқыту;

дәстүрлі оқыту;

модульдік оқыту

сұрақ-жауап ойындары;

цифрлық білім беру ресурстары.

Біз проблемалық оқыту, дамыта оқыту, модульдік оқыту, сұрақ-жауап ойындарын қамти отырып оқу процесін жүргіземіз.

Жалпы, біздің тәжірибемізде кездескен мәселелерге тоқталар болсақ:

Бәріміз білетіндей, қазіргі таңда көптеген балалар ғаламтормен дос. Ата-аналар балаларын қатарынан кем қылмай, барлық жағдайларын жасауда. Бүгінде бастауыш сынып оқушыларының смартфондарды жиі қолданатыны белгілі. Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Мектеп оқушылары смартфонды көп пайдалануына байланысты уақыттарын тиімді ұйымдастыра алмайды.

Оқушылар уақыттарын дұрыс пайдалана алмағандықтан оқуда үлгерімдері нашарлайды. Қазір көптеген оқушыларда оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдылары әлсіз.

Проблемаларды шешу жолында ұстаз ретінде мектеп оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруымыз керек. Мәселен, цифрлық технологиядағы платформаларды қолдана отырып, балалардың зейінін сабаққа аудара аламыз. Біз өзіміздің практикамызда «Learning Apps», «Kahoot» платформаларын пайдаланамыз. Мысалы: 2 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Ғаламшарлар қалай орналасқан?» тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Сабақ барысында «Learning Apps» платформасында ғаламшарларды аттарымен сәйкестендіру тапсырмасы орындалды.

Оқу процесі кезінде қолданатын бірден-бір тиімді әдісіміз «Додокаэдр» әдісі. Бұл әдіс-тәсілді кез-келген сабаққа, тақырыпқа қолдана аламыз. Мектеп оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарын тудырамыз. Мәселен: Мектепалды даярлық сыныбына өткізілген ашық сабақ. Тақырып: «Мақал- сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы»

Цифрлық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

 

Болашақта, біздің жоспарда цифрлық технологиялар аясын кеңейтіп, «4exam, EdApp, Padlet, Whell Decide» платформаларын қолдану бар. Цифрлық технологиялардың балалардың білім сапасына беретін әсерлері өте көп.

Нәтижесінде, мектеп оқушылары IT саласын меңгереді және ғаламторда цифрлық платформалардың бар екенін біледі, білім сапасы жақсарады.

Қорыта келе, заманауи дағдыларды игерген, тез бейімделе алатын, сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу педагогтың алдында тұрған үлкен миссия. Сол миссияны өз деңгейінде орындау үшін жас маман, яғни біздер аянбай жұмыс жасауымыз қажет.

Саналы ұрпақ тәрбиелеуге және іздену, дамуға біз қашан да дайынбыз!






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2025
80
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі