Қызылорда қаласы
«Шарипа Ана» жеке
балабақшасы
«Балдырған» ересектер
тобы
Тәрбиеші: Малдыбаева Жазира
Рахатқызы
Тақырыбы: «
Қызықты кітаптар әлемі шақырады».
Мақсаты:
Білімділік: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру,
кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы
түсіндіру; Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, балаларға қазақ
ақын-жазушылары туралы мәліметтер беру.
Дамытушылық: Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту; кітапқа
деген қызығушылығын арттыру; сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін
ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Тәрбиелік: Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, кітап көрмесі «Кітап деген бір әлем»,
жазушылар суреттері, слайд, проектор.
Меңгерілетін сөздер:
кітапхана, кітапханашы, оқырман, баспахана,
ақын-жазушылар, көркем әдебиет, ертегілер елінде, ертегі
кейіпкерлері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші:
Балалар, біз бүгін кітапханаға саяхатқа
барамыз.
Кітапханашы апаймен танысу. Ол кісі кітапхана
туралы айтып береді.
(Кітапханашының сөзі)
Тәрбиеші: Абай Құнанбаев атамыз
айтқандай,
«Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге»- деп тегін айтылмаған
ғой.Енднше,балалар бүгінгі
«
Қызықты кітаптар әлемі шақырады» атты ашық тәрбие сағатымыз
бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің
құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені қызықты кітапқа
арналады.
Балалар, кім кітап туралы тақпақтар
біледі?
Ақнұрай:
«Кітап – білім бұлағы»,
Кітапхана сол кітаптар тұрағы.
Көп
үйреніп, көп оқыған баланың,
Анық тағы, білімпаз болып
шығары.
Хор: «Құпия кітап»
Тәрбиеші: Ал,
сендер кітаппен дос болғыларың келе ме?
Ертегі-жұмбақ шешу.
Орман жанында
Үшеуі бір үйде тұрады.
Үш
төсек, үш жастық,
Қане, олар кімдер? (үш аю)
Қаймаққа иленген,
Терезеде суытылған,
Сап-сары домалақ
Қай
ертегі айта ғой? (бауырсақ)
Жерден аспанға ұшу үшін оған,
Үлкен сыпыртқы керек. (мыстан
кемпір)
Кітапханашы:
Ал,
балалар сендер оқырман болғандықтан, «Кітапты қолдану ережесін»
еске түсірейік.
Кітап беттерін, бұрыштарын
бүктеме.
Кітап сырты бүлінбес үшін, қаптап
ал.
Кітап беттерін жыртпа.
Кітапқа сурет салма, жазба.
Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма.
Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам
салма.
Тәрбиеші:
Үлгі - сөзі атаның, үйренеміз мақалың - дегендей
мен мақалдың басынан айтамын, сендер
жалғастырасыңдар:
• Кітап – білім бұлағы, ... (білім өмір
шырағы)
• Кітапсыз білім жоқ, білімсіз ... (күнің
жоқ)
• Кітапсыз үй - ... (жансыз
дене).
• Күш
– білімде, ал білім – ... (кітапта)
• Артық ғылым кітапта,
Ерінбей...( оқып көруге).
• Наданмен дос болғанша,
...(Кітаппен) дос бол.
• Оқысаң озарсың...(оқымасаң
тозарсың)
Қорытынды:
Тәрбиеші:
Білімнің атасы – кітап. Кітап балаларға
ақыл-кеңес ,тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге береді.Кітап – ел мен
жерді сүю, талантты кішіпейі болуға, сабырлы болуға
тәрбиелейді.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің
сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Сондықтан,
балалар сендер кітаптарды оқып кітаптармен дос болу
керек.
Кітап қадірін білетін, жақсы балалар көбейе
берсін!