" Қызықты математика әлемі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Қызықты математика әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша .Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Воскобович технологиясы,Дьенеш блогы

Тақырыбы: " Қызықты математика әлемі"

Мақсаты: Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту.Заттардың түсін, көлемін, пішінін айырып,ұзын-қысқа,биік-аласа ұғымдарын қолдана білуге үйрету. 5-ке дейін тура және кері санауды,,жеке тапсырмалармен жұмыс жасай білу дағдыларын жетілдіру,қиялдарын ұштау.

Керекті құралдар: Әр-түрлі пішіндегі кілттер,жеке балаға жұмыс жасауға арналған геоконт құралдар,5 көлемінде сандар карточкасы,.,аудио жазба,музыка. тақырыпқа байланысты суреттер, , пішіндер.

Әдіс – тәсілдер: шаттық шеңбері, жұмбақ, түсіндіру, сұрақ – жауап, , сергіту сәті, дидактикалық ойындар.

Билингвальді компонент: сандар – цифры, пішіндер – фигуры.

Оқу іс-әрекет кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық кезең

Педагогтың іс-әрекеті

Шаттық шеңбері

Қане балалар барлығымыз бір – біріміздің қолымыздан ұстап, күн жасайық. Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады. Бізде амандасып алайық.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің ісі ғой.

Ал, қанекей бәріміз,

Сәлеметсиздер бе, - дейік үлкенге.

Қайырлы күн қонақтар,

Қайырлы таң балалар!

Балалардың іс-әрекеті

Балалар қимылмен көрсету арқылы орындайды

Педагогтың іс-әрекеті

-Балалар мен бүгін өте қуанып тұрмын себебі кеше бір ерекше шақырту хат алдым ол хатта «Математика патшалығының ханшайымы» бізді өзінің еліне қонаққа шақырып жатыр.

Барлығымыз берге барамыз ба?

Балалардың іс-әрекеті

Иа барамыз.

Педагогтың іс-әрекеті

Онда менің артыма тұрындар паровозға мінейік.

Балалардың іс-әрекеті

Іс –қимылын,дыбысын келтіріп тәрбиешінің артынан журеді.

Педагогтың іс-әрекеті

Таңғалдыру сәті:Ой,балалар ол елге баратын қақпада үлкен кілт тұр екен ғой енді не істейміз?Қараңдашы мына жерге кілтер қойып кетіпті.Балалар неше кілт тұр санайықшы.
Балалардың іс-әрекеті

1-2-3-4-5

Педагогтың іс-әрекеті

Ал,құлып нешеу?

Кілтердің бәрі бірдей ме?

Қандай пішіндер бар?

Бұл кілттердің қайсысы тура келетінін білмей тұрғаным.

Ал,бізге қандай пішіндегі кілт дәл келеді?
Балалардың іс-әрекеті

Біреу
Жоқ әртүрлі.

Үшбұрышты,тік төртбұрышты,шаршы пішінде,сопақша,домалақ пішінді кілттер бар.

Үшбұрышты себебі кілт салатын орын үшбұрыш болып келген.

Педагогтың іс-әрекеті

Олай болса ашып қарайық, дұрыс таптыңдар балалар.Математика әлемінің есігі ашылды

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Аудио жазба: Жәрайсыңдар достар! Менің бірінші тапсырмамнан сүрінбей өттіңдер.Құттықтаймын! Ғажайып математика патшалығына хош келдіңдер.Мен сендерге көптеген тапсырмалар әзірлеп қойдым.Менің барлық тапсырмаларымды мүдірмей орындап шықсаңдар математика елінің құрметті қонағы деген атаққа ие боласыңдар .Менің тапсырмаларыма дайынсыңдарма ?
Балалардың іс-әрекеті

Аудио жазбаны мұхиат тыңдайды.
Педагогтың іс-әрекеті

1- тапсырма

Жұмбақ.

Гүлден ұшты 5 ара

Қайтып қонды 2 ара

Қоңбады оның нешеуі

Кәне оны кім біледі?

Балалардың іс-әрекеті

3 ара

Педагогтың іс-әрекеті

Дұрыс айтасыңдар балалар.

2- тапсырма

Сұрақ – жауап

Қазір жылдың қай мезгілі?

Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Атап беріңдерші.

Балалардың іс-әрекеті

Күз

Төрт жыл мезгілі бар.

Көктем, жаз, күз, қыс.

Педагогтың іс-әрекеті

Қараңдаршы балалар менің қолымдағы не нәрсе?

Шарды біз қалай толтырамыз?

Балалардың іс-әрекеті

Шар Үрлеу арқылы

Педагогтың іс-әрекеті

Дұрыс айтасыңдар. Ендеше шарды алып үрлейік.

Тыныс алу жаттығуы

Балаларға шарды үрлету.

Қараңдаршы балалар шардың пішіні қандай?

Түстері қандай?

Балалардың іс-әрекеті

Балалар шарларды үрлеп шықты.

Шардың пішіні домалақ, түстері ақ, сары, жасыл, қызыл, т.б. болатындарын айтты.

Педагогтың іс-әрекеті

Жеке жұмыс

Балалардан жеке – жеке шардың түсін, пішінін сұрау.

Балалар менің қолымдағы қандай түсті шар?

Бұл шардың түсі қай жыл мезгіліне сай келеді?

бұл жай шар емес, сиқырлы шарға ұқсайды. Шардың ішінде не бар екен? Жарып көрейік.

Шарды жарып ішіндегі тапсырмаларын орындау.

Ашық жасыл

Шарларды тақтадағы жыл мезгілдерінің түстерімен сәйкестендіру.

Педагогтың іс-әрекеті

Балалар биз шаршап қалдық бір сергіп алайық

Сергіту сәті: видео запись арқылы


3 – тапсырма.

1 ден 5 дейін тура және кері санау.

1,2,3,4,5 5,4,3,2,1

Билингвальді компонент.үш тілде орындау

Бір, екі, үш, төрт, бес

Один, два, три, четыре, пять

One, two, three, four, five

Өте жақсы балалар.

4 – тапсырма.

"Күн сәулесін жина"(түс,пішін,ұзын,қысқа.сан)

5– тапсырма

Геоконт тақтайшасы арқылы пішіндерді құрастыру және оларды атау. Біз пішіндерді құрастыра аламызба?

Билингвальді компонент

Дөңгелек – круг

Тік төртбұрыш – прямоугольник

Үшбұрыш – треугольник

Өте жақсы балалар.

6 – тапсырма

Воскобович шаршылары арқылы белгілі бір бейнені құрастыру.

Құрастырылған бейнелерге тоқталып өту.

Балалардың іс-әрекеті

Балалар шаршылар арқылы бақаның, үйдің, шыршаның бейнелерін құрастырды.

Өте жақсы балалар.

Аудио жазба: Менің барлық тапсырмаларымды мүдірмей орындап шықсаңдар:Менің кішкентай достарым! Мен сендерге ризамын сендер ақылды да алғыр балалар екенсіңдер.Болашақ математика жұлдызары болатындарыңа мен сенемін сондықтан болашақ математика әлемінің кішкентай жұлдыздары деген марапат беремін. «Математика патшалығының ханшайымы»сендерге сыйлықтар дайындап қойды.Сау болыңдар!

Ойын ойнағыларың келеме?

Дидактикалық ойындар.

Енді біз елімізге қайтатын уақыт болып қалды .енді қайтайық балалар

Поровозға мініп қайтайық!

Рефлексиялық –түзетушілік
Педагогтың іс-әрекеті

Балалар Математика патшалығында сендерге ұнады ма?

Біз не білдік?

(Балаларға жұлдызшалар таратылады)
Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: 5-көлеміндегі сандарды тура және кері санайды ,заттың кеңістікте орналасу ретін түсін,пішінін ажыратады.

Түсінеді: "Биік" ,"аласа" ,"ұзын", "қысқа" ұғымдарын дұрыс қолданады.

Қолданады:Берілген тапсырманы түсініп,өз бетінше әрекет етуді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
1312
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі