Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы
Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы» заңы мен стандарт талаптарына сай терең білім беріп, шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін ашу, кейіпкерлер болмысын танытудағы жазушы шеберлігін таныту; оқушылардың білімді өз беттерінше игере білу дағдыларын дамыту, оқушылардың өзіндік көзқарасын, жеке пікірін қалыптастыру; адамгершілікке,туған жерді сүюге, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа материалды игеру, көркем шығарманы талдау
Сабақтың технологиясы: Қ.О.Бітібаеваның «Жаңа білімді меңгерту және қисынды жобалау технологиясы».
Сабақ әдісі: талдау, жинақтау, сұрақ- жауап, пікірлесу, ұжымдық, топтық жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақ көрнекілігі: жазушы портреті, шығармалары, интерактивті тақта
Әдебиет теориясы: роман, мемуар
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
Топ мақсатын айқындау.
ІІ. Ш. Мұртаза өмірінен мәлімет
а) туған жері, өскен ортасы
ә) білімі мен атқарған қызметтері
б) қайраткерлігі
ІІ Жаңа сабақ
-
Бүгін «Халық жауының» ұлынан «ұлт жазушысына» дейін көтерілген жазушының «Ай мен Айша» атты мемуарлық романын өтеміз.
Әдеби теориясы: Роман – ХІ-ХІІ ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар атауынан шыққан.
Күрделі, дамыған сюжетті, көбінесе қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кесек тұлғалы эпикалық әдеби шығарманың бір түрі.
Роман өмірді, соның әр алуан құбылыстарын, адамдар арасындағы қарым-қатынастарын кең қамтып суреттейді.
Әдеби теориясы: Мемуар (француз сөзі еске алу) – автордың өздері қатысқан немесе куә болған тарихи оқиғалар, қоғам қайраткерлерінің өнегелі өмірі туралы көркем естеліктер жазбасы.
Шығарманың мемуарлық романға тән сипаттарын анықтау
-
Өз өмірі: бас кейіпкер Барсхан автордың прототипі
-
Кезең: балалық шағы
-
Қоғам: 1937 жылғы “Қызыл қырғын”, соғыс жылдарындағы қазақ аулының жай-күйі
-
Адамдар арасындағы қарым қатынас: қиянат-намыс, зорлық-мейірім, жауыздық-ізгілік
Негізгі проблемалары, талдау сұрақтары |
|
Оқушы жұмыстары
Негізгі проблемалары |
Жазушы шеберлігі |
1 топ. Кеңес үкіметі кезеңіндегі адам мен қоғам арасындағы қайшылық. |
|
1937 жыл «Қызыл қырғын» |
«Ұрлық қылмаса, кісі өлтірмесе, үкіметті боқтамаса... Неге сотталады? «Халық жауы дейді». Бір адаммен, екі адаммен жауласалық. Ал тұтас халықпен қалай жауласуға болады. |
Солақай саясат |
Әділеттіліктен аттан өтіп, беттің арынан таспа тіліп, түйіндеп тастайтың саясат деген сайқал бар. Саясат – тақ үшін талас. |
Имандылықтың жойылуы |
Жетім – жесірді қорлап, зорлағанның кінәсі батпан-батпан ауыр. Имансыздар білер еді, иман сабағы жоқ. Сабақ айтатындарды сабады, қамады, атты, шапты. Ұлыларға тіл бітсе – алапестер аласталып, заман түзелер еді... |
Адам еңбегінің, ерлігінің бағаланбауы |
Шолақ Сияқұлдың, соғыс мүгедегі Калининге хаты. «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» деген ұранның өмірде іске аса бермеуі. |
2 топ.Соғыс жылдарындағы қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі |
|
Қиыншылық |
Медреседе оқып жүргенімде айтар еді: бұл дүниеде жазықсыз азап шеккен адам, о дүниеде жұмақта болады деп. Болса-болар. Тамұққа, тозаққа жіберсе де аса өкінбеспін. Өйткені ондағы тамұқ мұндағы тозақтан қиын емес- ау. |
Аштық |
Қара арпа, ақ талқан тағзым саған |
Аналар еңбегі |
Шіркін, сол кездің әйелдері-ай! Азамат орнына азамат та болды, Ақыл ес айтар ақылман да болды. Отқа да түсті, суға да түсті. Бірақ бүк түсіп, белі сынбады. Егер олар сынғанда, елде ешкім қалмас еді. |
Тамызық, оттықтың жоқшылығы |
Айшаның там-тұмдап жиған отыны таусылды. Жол-жөнекей отын арқалай келеді. Бір тал ши. Ол – құдірет. Ол таусылса ше? Таста от бар, от болса жаны – бар. Адам кеудесіндегі от мың күн жанып, бір түн өшеді. Ал тас тамырындағы от мәңгілік. |
Жем-шөптің жоқшылығы |
Жуалының бораны. Аш ешкінің бақырғанын құдай сізге естіртпей-ақ қойсын. Аш ешкі албастыдан айнымайды. Еуропалықтар шайтан суретін ешкі бейнесінде салатыны тегін емес болуы керек. |
Өмір заңдылығының бұзылуы |
Бала балаға тән аз дәуренді басынан кешіру керек. Егер балалық дәуренің шала болса, сол жетіспей қалған сыбағаңды кейін де аңсап тұрасың. |
3 топ. Адами құндылықтар |
|
Туған жер құдіреті |
Құстар отаншыл. Жұмыртқа жарып, үрпек балапан болып, дүниеге жеткенше асығады. Жол-жөнекей қанша қасірет шексе де, сол былтырғы ұясына жетіп жығылу зор арман. |
Намыс |
Көк бөрі туралы аңыз. Көк бөрі ит сияқты жарымсақтануды білмейді, үрмейді, қыңсылап жыламайды да. Жүдесең, жүндей түтіліп кетесің. |
Мейірім |
Заман қанша тасбауыр болса да, сол кездегі адамдар, Жуанқұл сияқты бірлі-жарымы болмаса, мейірімді, бауырмал еді. |
Еңбекқорлық |
Қазақтың басты байлығы- мал. Малдың басын құрап, көзін тауып, ерінбей-жалықпай еңбек еткендер бай болады. Еңбекпенен құт келеді, Құт келеген үйден жұт кетеді. Құт пен жұт-күн мен түн сияқты көне күндес. |
Ізгілік |
Адам адам болған соң хайуанаттан артық жаратылып, ақыл-есті болған соң, бірінен биік тұру керек. |
Тектілік |
Жеті атасын білмеген – жетім, түп атасын білмеген – тексіз. |
Отбасы |
Бабалар өсиеті сен болашақ азаматсың, отбасының иесісің, алтын діңгексің, болашақ анасың, болашақ әкесің деген ұғым. |
Имандылық |
Бұл жалған дүниедегі ізгілігің болса – ізгілігің, залымдығың болса – залымдығың ұмытылмайды. Алланың таразысы, космос компьютеріндей қылаудай қате жібермей, бәрін шотқа салып отырады. |
К ейіпкерлер әлемі
Ана және тілеулестері
Барсхан, ұстаздары
Тасбет,
Жуанқұл
Кейіпкерлерді талдау
Айша бейнесі
Эпиграф: Жылу – Анадан!
Жылу – Алладан!
Жылу – Күннен!
Бөлімдері |
Іс-әрекет |
Қырау қанат балапан |
Мұртаза ұсталып, Айша балаларымен жалғыз қалды, тағдыр тәлкелігіне ұшырады |
Бір тарының қауызы |
Мұртазаны іздеп түрмеге барды |
Саусақ сорғыш бала |
Емшектегі баласын тастап, колхоз жұмысына шықты. |
Ай шуақ түндер |
Шамсыз, қараңғы, ұзақ кеште балаларына әңгіме айтты, ана тәрбиесі. |
Аққыз |
Қаны тасып, қатты ауырды. |
Үш ешкінің қайғысы. |
Аш малдары үшін колхоз шөбін ұрлады. |
Жалақсары финагент |
Жылмақай финагентті өткір тілімен қуып шықты. Намысын қорғады. |
Айлы түн, арықта сусап тыйылды |
Күнкөріс қамымен тары егіп, суарды. |
Артына бұрылып, мөңіреген сиыр |
Тасбеттің кесірінен үйінен айырылып, Әулиеатаға көшті. |
Безгек |
Ауырған Барсханды аналық мейіріммен емдеді. |
Тескетаудың қуысында, Бір Алланың уысында |
Жоқшылықпен күрес жолында, тігін машинасын әкелу барысында жүк поезынан құлай жаздады. |
Ай мен Айшаның көз жасы |
Туған үясына оралды. |
Қорытынды: Айша – тағдыр талқысында жігері мұқалмай, балаларына өмірлік адами мәнді жұмыстарға араласуына бағыт-бағдар берген, намысқой, жігерлі, төзімді қазақ әйелі.
Барсхан бейнесі
Эпиграф: Ана сүтін ақ ішкен ақ ұлға
Дүниенің төрт бұрышы болар тұлға
Бөлімдері |
Іс-әрекет |
Боз ала таң |
Әкесімен бірге 1 май мерекесіне барды. Балалық еркелігі |
Қырау қанат балапан |
Әкесінен айырылып, ерте есейді |
Бір тарының қауызы |
Түрмедегі әкесімен кездесуге барды |
Саусақ сорғыш бала |
Жасы алтыда, бауырын қарау міндеті жүктелді. Ойын қызығына түсіп, анасынан таяқ жеді. |
Бақа жұтқан жылан |
Жыланнан бақаны құтқарды. |
Ноха |
«Халық жауының баласы» деп мектепте қабылданбай, Ноханың көмегімен мектепке алынды. |
Жалаңаш қасқыр, қоңыраулы еліктер |
Ана әңгімелерін қызыға тыңдады. |
Киіз доп |
Өзегі талып жүрсе де, ойыннан қалмады. |
Қара арпа, қара бие |
Колхоз жұмысына, өгіз соқаға шықты. |
Аққыз |
Айша ауырғанда басқарма атын мініп, емшіге баруы,ұйқысыз түн өткізді. |
Өскенбай |
Жылқы күзетті. Ат құлағында ойнады. |
Шолақ Сияқұл |
Соғыстан жаралы келген жауынгерлердің өтініші бойынша хат жазды. |
Шақпақтас |
Оттық әкелу жолында боранда үсіп кете жаздады. |
Көк ала үйрек |
Аштықтан қиналды. |
Шалдар ысқырады |
Кеселді болған Сүлейменге қымыз әкелуге барды. Тасбеттің қорлығына ызаланып, айыр ала ұмтылды. |
Қаратаудың «Күйік» деген асуы бар |
Туған жерін қимай қоштасты, нағашы ағаларының аулында қонақта болды. |
Тентек көше |
Үйсіз қалып,туған жерінен көшті. Молотов мектебіне қабылданды. |
Алғашқы сынақ |
Әдебиет, тарихқа жүйріктілігін, дүниетанымының мол екенін көрсетті. |
Көк қалпақ. |
Ұстаз Мұхаметжан Қаратаев сабағын тыңдады |
Шолақтаудың шойын жолы. |
Ауру нағашы апасы Зибаға көмектесуге ұмтылысы сәтсіз болды. |
Қарашай қамбашы |
Өз қоймасына өзі түскен қоймашыны әшкерелемеді. |
Қалайы қасық |
Қорлық пен мазаққа төзбей Сейсеннің маңдайын жарды. |
Сұңғыла соғыс |
Қауын егіп, арамшөп жұлып, айдалада жападан-жалғыз еңбек етті, еңбегі еш болды. |
Арыз |
Безгек ауруымен ауырды. Әнге, әуенге құмарлығы оянды. |
Ерулік |
Фабрикадан жүн иіртіп, алғаш рет ақша тауып, анасын қуантты. |
Құмарпаздар ойыны |
Кірпіш тасып, ақша тапты. Оны шарик-малик ойынында ұтқызды. |
Фамилия дауы |
Өз тегін әкесінің аталуы бойынша сақтап қалды. |
Төрт күрек тіс |
Әлімжеттікке қарсы төбелес |
Шақпақтың желі |
Айша мен бауырлары туған жеріне оралды, өзі оқуын жалғастыруға кетті. |
Қорытынды: Барсхан қиын-қыстау күндерді басынан өткізсе де, өмір ерте есейткен ақылды, еңбекқор, өжет, туған жеріне, адамдарға деген ізгілігін жоғалтпаған кейіпкер.
Қорлық-азапқа жаны қас, балаға тән аңқаулығы бар, ойын баласынан ойлы балаға айналған.
Жуанқұл, Тасбет
Эпиграф: Басшы ақылсыз болса – елге азап
Жуанқұл
Бөлімдері |
Іс-әрекет |
Қара арпа |
Баланы түнгі арпа күзетіне қойды, халық жауының баласы деп аузын аштырмады. |
Қара арпа, қара бие |
Егіндікте масақ қырыққан екі баланы (Қорғанбай, Барсхан) қамбаға қамап, соттатамын деп қорқытты. |
Сүдігерде изен ызыңдайды |
Ақжол күшікті атып тастады. |
Жілігімді жағайын |
Айша аштықтан, суықтан бейнет көргенде, көмегін Айшаның киіз үйіне айырбастады. |
Шалдар ысқырады |
Жағдайы жақсы үйінде қымызы бар. Дімкәс Сүлейменге бір жұтым қымыз бермеді. |
Тентек көше |
Жаңадан көше саламыз деген желеумен Айшаны отбасымен үйінен қуды, далада түнетті. |
Тасбет
Бөлімдері |
Іс-әрекет |
Аққыз |
Шешесі ауырып қасында қалған Барсханды қамшының астына алды. Контра деп тілдеді. Мал дөктірі шығыпты, малың ауру деген сылтаумен сиырын тартып ала жаздады. |
Шалдар ысқырады |
Ұятсыз. Әр маяның түбіне бір жатады. Мұқтаждық қысқанда «тырқ» еткізіп жел жібереді. Қырман басында әртүрлі тілдеулер айтып, Айшаны боқтайды. Жұмыстан себепсіз кетті контра түрмемен сес көрсетеді. |
Қорытынды: жүректерінде мейірім жоқ, имансыз, обал-сауаптың не екенін білмейді. Сол кездегі атқамінерлердің жетім-жесірлерге істеген қиянаты көп болатын.
Айша мен Барсханның тілеулестері
Эпиграф: Адамдардың маған істеген жақсылығы – Алланың нұры
Қапаста қалмағаным – соның арқасы
Нәметқұл |
Мешел болып қалған Батырханды қамқорлыққа алды. Нәметқұл бөдене аулауға ертіп шықты. Еңбекке баулыды. |
Ноха |
Барсханға әліппе, дәптер, қалам, қарындаш әкелді. |
Қамқа |
Жоғалған ешкілерін табуға көмектесті. |
Аққыз |
Ауырған Айшаға емшілік шарапаты тиді |
Арыз |
Нағашылары Сәли, Қали, Бөпетайлардың қамқорлығын көп көрді. |
Хасен Өзденов |
«Көйлегің тозғақ, өмірің озғақ болсын» киіммен көмектесті. |
Салыстыру
Осыған ұқсас шығармаларды еске түсіру, салыстыру.
Пәнаралық байланыс
Тарихи деректер
1929-1933 ж. нәубат – жаппай ұжымдастыру, мал-мүлікті кәмпескелеу, қуғынға ұшыраушылар, көрнекті тұлғалар, ауылнай-билер, діни қызметкерлер, сонымен қатар тіпті Кеңес өкіметін орнатуға тікелей қатысқандар малшы-қосшыларда бар. Үш миллион қазақ аштан қырылған.
Қазақстан 1937 жыл – “халық жауларын” ұстау. Көрнекті тұлғалар, “Алаш” партиясы өкілдері қуғындалды, атылды.
1941-1945 ж. – Қазақстан – тыл, соғысқа аттану, майданға көмек
Берілген білімді бекіту
Мақсат: берілген білімді оқушының қай дәрежеде қабылдауын пайымдау.
Тест
1. Сияқұл алғашқы хатын кімнің атына жазды?
А) Сталин
В) Калинин
С) Ворошилов
D) Молотов
2. Заман соққан жел. Біз – қаңбақ. Троптың қандай түріне жатады?
А) теңеу
B) эпитет
C) метафора
D) символ
3. «Ай мен Айшаны» жазғанда жазушының жасы нешеде болды?
А) 30-40 аралығы
B) 40-50 аралығы
C) 50-60 аралығы
D) 60-70 аралығы
4. Ш.Мұртазаның туған жері?
А) Мыңбұлақ
B) Көксай
C) Ақсай
D) Әулиеата
5. Түрмеден Мұртаза не жіберді?
А) сыйлық
B) тамақ
C) кітап
D) ине
6. Барсханның алдына жан салмайтын ойыны?
A) доп ойнау
B) тығылыспақ
C) демалмас
D) жүзу
7. «Үйшік-үйшік» ойынын ұйымдастырушыны белгіле
А) Тұрымтай
B) Әсем
C) Мүнира
D) Жолдасбек
8. Барсханның туған күні?
А) 28.09
B) 28.10
C) 21.09
D) 27.10
9. «Мұхтар Әуезов: Абай» кітабын Барсхан қайдан алды?
А) Дүкеннен
B) Кітапханадан
C) Нәметқұлдан
D) Досмырза Нұрпейісовтен
10. Кетпе деп кәріқыз, ошаған, тікен, алабота, қарасора, тобылғы, аяққа шырмауық оралды. Табиғат ана көз жасын төкті. Троптың қай түріне жатады?
А) теңеу
B) кейіптеу
C) метафора
D) эпитет
Сабақты қорытындылау
Проблемалық сұрақтар:(Өзіндік сыни баға беру)
Шығарманың «Ай мен Айша» аталуы...
Жазушының балалық шақта алған тәрбиесі қазіргі азаматтық ұстанымына әсер етті ме?
Қамқаның «Тәңіртаудың басындай болмасаң да, бауырындағы тасындай бол» деген батасы орындалды ма?
Қандай тәлім-тәрбие алдыңдар ?Не ұнады,не ұнамады?
Бағалау
Үйге тапсырма: Жазушының тіл шеберлігі
«Ай мен Айша» романының көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.