Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Серпімділік күші. Гук заңы» 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал физика пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған қысқа мерзімді жоспар.Физика пәні мұғалімдеріне жас мамандарға арналған. Барлық оқушылар: Гук заңын тұжырымдай алады. Серпімділік күшінің формуласын жаза алады. Күш, қатаңдық, серіппенің ұзаруының өлшем бірліктерін біледі. Көптеген оқушылар: Серпімділік күшіне есептер шығара алады,күштің, қатаңдықтың өлшем бірліктерін ХБЖ келтіре алады. Кейбір оқушылар: Гук заңын тәжірибе жүзінде тексеріп,қортынды жасай алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:

7.2.2 – Денелердің өзара әрекеттесуі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7. Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Серпімділік күші. Гук заңы

Оқу мақсаттары

7.2.2.5- Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Гук заңын тұжырымдай алады. Серпімділік күшінің формуласын жаза алады. Күш, қатаңдық, серіппенің ұзаруының өлшем бірліктерін біледі.

Көптеген оқушылар: Серпімділік күшіне есептер шығара алады,күштің, қатаңдықтың өлшем бірліктерін ХБЖ келтіре алады.

Кейбір оқушылар: Гук заңын тәжірибе жүзінде тексеріп,қортынды жасай алады

Бағалау критерийі

1. Гук заңының физикалық мағынасын түсінеді,формуласын өрнектейді..

2. Серпімділік күшінің формуласын пайдаланып есептер жүргізеді.

3. Гук заңын тәжірибе жүзінде тексеріп , өмірмен байланыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Күш-сила-Force

Серпімділік-упругость-Elasticity

Гук заңы-закон Гука-Hooke`s law

Деформация – деформация –Deformation

Деформация – латын сөзінен аударғанда дене пішінінің өзгеруі мағанасын береді

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Серпімділік күшінің басқа күштерден айырмашылығын көрсете алады, серпімділік күшінің пайда болу шартын біледі.

Қандай жағдайда ....?

Серпімділік күшінің бағыты ....?

Басқа күштерден айырмашылығы ... ?

Құндылықтарды

дарыту

Топтық жұмыс – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау; өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарау,жоғарғы жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылу, өздік жұмыс – адалдылық

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану,математика ,информатика

Алдыңғы білім

Денелердің өзара әрекеттесуін, күш оны өлшейтін құралын, күштің еселік бірліктерін ретке келтіруді біледі.

Серпімділік күшінің формуласын түрлендіріп есептер шығарады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақ

тың басы (10 мин)


2 мин




5 мин


1 мин





2 мин



- Сәлемедесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару. Психологиялық ахуал туғызу: «Сыйлығымды қабыл ал». Оқушылар шеңберге тұрып, қол мимикасымен көрсету арқылы бір-біріне сыйлық сыйлайды және сыйлығын атайды. Топтарға біріктіру (стикер арқылы):

(Күш,Деформация,Динамометр)

Үй тапсырмасын сұрау

«Қос шеңбер» оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, үй жұмысын талқылайды. алдымен сыртқы шеңбердегілер сұрақ қояды ішкі шеңбер жауап береді (үш сұрақ қойылады). Келесі ішкі шеңбер сұрақ қояды сыртқы шеңбер жауап береді (үш сұрақ қойылады).

ҚБ: «Қолмен қолдау» әдісі.

Қолды жоғары көтеру- Барлық сұраққа толық әрі нақты жауап берді

Қолды иық деңгейінде көтеру - Түсінеді бірақ ойын жинақтап жеткізе алмайды

Қол төмен бағытталса – Жауап толық емес, жауап беруде қиналды



Сабақтың ортасы (25 мин)

2 мин




15 мин



















2 мин









6 мин

«Ой қозғау»

Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын сілтеме ретінде серіппенің жасалынуы және қолданылуы жайлы видеоролик көрсетіледі.

Елші әдісі ( әр топ берілген тапсырмаларға дайындалып топтар бір-біріне түсіндіреді)

Тақырыпты меңгеру үшін.

Бізден сізге, сізден бізге ( сұрақ жауап).

1.Гук заңы қалай тұжырымдалады?

2.Серпімділік күшінің формуласын жаз?

3.Серпімділік күші қандай физикалық шамаға тәуелді?

4.Серіппенің қатаңдығын анықтайтын формуланы жаз?

5.Серіппенің созылуын қалай есептеуге болады?

6.Серпімділік күшінің еселік бірліктерін ата?

*Дескриптор:

-Гук заңының физикалық мағынасын түсіндіреді, формуласын біледі.

-Серпімділік күшінің формуласын түрлендіре алады.

-Өлшем бірліктерін ХБЖ-на келтіре алады.

Бағалау критерийі:

- Постердің эстетикалық талғамға сай болуы;

- Нақты дәлелдемелердің болуы;

- Тақырыптың ашылуы;

- Шешу жолдарының ұсынылуы;

- Уақытты тиімді пайдалану;

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Оқушылар бағалау критерийіне сүйеніп өзара бағалайды.


Есептер шығару

Инсерт кестесі.

F, Н

x, м

k, Н/м

1

60

30

2

2

10

2,5

4

3

180

30

6


Оқулықтағы есеп шығару үлгісін қарастыра отырып 2,3,4,5,6 есептерді шығару. Есептерді шығарып болған соң жауаптарын бір-бірімен салыстыру.

Дескриптор

  • формуладан қатаңдықты және серіппенің ұзаруын өрнектей алу.

  • есеп шығаруда Гук заңын пайдалана білу.

  • Өлшем бірліктерін ХБЖ-ға келтіру.

  • ЕShape1 септеулерді дұрыс жүргізе алу.

ҚБ: «Геометриялық фигура» әдісі арқылы.

Бес бұрыш – барлық есептер есептеу жолы көрсетіліп, толығымен шығарылған, жауаппен сәйкес келеді.

ТShape3 Shape2 өрт бұрыш – есептер толығымен шығарылған, бірақ жауаппен сәйкес келмейді, қателері бар.

Үш бұрыш - есептер толық орындалмаған, қателері бар, жауаппен сәйкес келмейді.

Видеоролик





Физика 7- сынып


Стикер, маркер, постер.

Shape4





Shape5














Инсерт кестесі


Физика 7- сынып







Сабақ тың соңы (10 мин)


(7 мин)





















Гук заңына байланысты деңгейлік тапсырмалар (Гук шыңына шығу)

Әр топ үшін таудың суреті беріледі. Таудың шыңында ту орналасқан. Тау шыңына жету үшін барлық топқа бірдей алты тапсырма беріледі. Қай топ шыңға бірінші және дұрыс жауап беру арқылы шығады сол топ жеңімпаз. Топтар жауаптарын бір-бірімен салыстырады. Тапсырмалар:

А деңгей

  1. Гук заңының формуласы.

  2. Гук заңының формуласынан қатаңдықты өрнекте.

  3. Бос орынды толтыр. «Дененің деформациясы кезінде туындайтын серпімділік күші дененнің ұзаруына тура пропорционал»

В деңгей

  1. Қатаңдығы 2 кН/м серіппе қандай күштің әрекетінен 4 см-ге сығылады?

  2. Қатаңдығы 1,2 кН /м серіппеге 240 Н күш әсер етеді. Осы күш әсерінен серіппені қанша метрге дейін созуға болады?

С деңгей

  1. Суретте берілген құралдармен серіппенің қатаңдығын қалай анықтауға болады? (массасы 100 г жүктер, сызғыш, штатив, серіппе)


Дескриптор

  • Өткен материалдарды еске түсіріп, білімді бекітуде пайдалана алу.

  • Гук заңына байланысты есептерді шығару.

  • Берілген құрал-жабдықтар суреті арқылы серіппе қатаңдығын қалай анықтауға болатындығын түсіндіру.


ҚБ: «Гүл шоғы» арқылы бағалау

Гүлдеп тұрған гүл – шыңға бірінші болып шықты, барлық тапсырмалар қатесіз болып орындалды

Бүршік атып тұрған гүл – шыңға шықты бірақ тапсырмаларда қате бар.

Жаңа шығып келе жатқан гүл – шыңға жете алмады, тапсырмаларда қателіктер бар.

Кері байланыста жазбаша «SWOD” талдау

Менің тақырып бойынша мықты жақтарым

Әлсіз жақтарым

мүмкіндіктерім

қауіптерім


Үйге тапсырма. 15 §, 7 және 8 есеп


Саралау –

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қабілеті жоғары оқушылар:

.

.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2017
4461
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі