400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Тәуелсіз елдің жастары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәнерлеп оқу сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  « Тәуелсіз елдің жастары»
Мақсаты:
  Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту,
Түрі: Өлеңді мәнерлеп оқу сайысы
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд,видиоролликтер.

Барысы:

1-Жүргізуші:
Ассалаумағаликум, халқым менің,
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?!
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,
Ендігі елдігіңнен тартынба елім.
2-Жүргізуші:
Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың жиналған топ үлкен, кіші,
Армысың айналайын халқым менің.

1-Жүргізуші:
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

2-Жүргізуші:

25 қазан – Республика күніне арналған ұлттық мерекелік салтанатты бастаймыз.( Әнұран ойналады) Туған жеріміздің тұғыры биік болсын!

1-Жүргізуші:

Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық! Қазақстан Республикасы күніне арналған « Тәуелсіз елдің жастары» атты мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялаймыз!

2-Жүргізуші:

1990 жылыдың 25 – қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлтық мереке, Республика күні.

1-Жүргізуші:

Елім менің!
Қазақстан – менің туған анамсың,
Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.
Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,
Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.
Елім менің атыңды атап ер жеттім,
Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің.
Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,
Тек өзіңе тең биікпен сөйлетің.
Соның бәрін көрскттірген өзіңсің,
Ғажаптармен жол шектірген өзіңсің.
Қазақстан, менің Қазақстаным!
Сөзімсің де жұртқа қарар көзімсің!

2- жүргізуші:

Жас талапкерлерге өздерінің әділ бағаларын беру үшін әділ-қазылар алқасын сайлап алайық:

1.

2.

3.

1-жүргізуші:

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым

Алабыңнан арманыма нәр алдым.

Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі

Алтын арай таңғы жұпар самалдың.   – дей келе мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Бұл сайыс интернат тәрбиеленушілері арасында өтеді.

  1. - қатысушымыз 7 сынып оқушысы Білімбекұлы Мейрамбек бокс бөлімінің тәрбиеленушісі

  2. -қатысушымыз 7 сынып оқушысы Сағидолла Алихан бокс бөлімінің тәрбиеленушісі

  3. -қатысушымыз 8 сынып оқушысы Супыгалиева Фатима дзюдо бөлімінің тәрбиеленушісі

  4. - қатысушымыз 8 сынып оқушысы Мақсот Маралбек еркін күрес бөлімінің тәрбиеленушісі

  5. –қатысушымыз 11 сынып оқушысы Каримова Татьяна дзюдо бөлімінің тәрбиеленушісі

  6. қатысушымыз 8 сынып оқушысы Сапарғали Шыңғыс дзюдо бөлімінің тәрбиеленушісі

  7. - қатысушымыз 7 сынып оқушысы Сағындық Айару дзюдо бөлімінің тәрбиеленушісі

9 - қатысушымыз 8 сынып оқушысы Калиляев Талғат грек-рим бөлімінің

тәрбиеленушісі

10- қатысушымыз 7 сынып оқушысы Махамбет Құрманай дзюдо бөлімінің

тәрбиеленушісі

11 - қатысушымыз 7 сынып оқушысы Мұханғали Дамир бокс бөлімінің

тәрбиеленушісі

12-қатысушымыз 9 сынып оқушысы Ақболат Нұрдаулет дзюдо бөлімінің

тәрбиеленушісі

 
1-Жүргізуші: 

«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы,-демекші, сөзді оқушыларға береміз.

1-нөмірлі сайыскеріміз

2-нөмірлі сайыскеріміз                         12 сайыскеріміз


2-Жүргізуші:

Қазақ болып тумағанда нетер ем?
Бұл жалғаннан бақыт таппай өтер ем
Желдей жүйрік жылқы мінбей жалғанда
Аламанда ат оздырмай кетерем
.

Ән: «Мен қазақпын» Орындайтын: Жайылхан Әсет

1-Жүргізуші:

Осымен бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Біздің өнерлі оқушыларымыз бүгінгі сайысты тартысты өткізді деген ойдамыз. Олай болса, бүгінгі сайысты таразылап, әділ бағасын береді деген оймен сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз. (Әділқазылар шешімін айтып, марапаттарын айтады)

2 -жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын

Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!

Қазақ халқының ерекше сүйіспеншілігіне бөленген Ескендір Хасанғалиев пен Қадыр Мырза Әлі аталарымыздың әні «Атамекен» әнің бәріміз бәрге шырқайық.

1-Жүргізуші:
Қазақстан – туған Отан алтын бақ, Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік! – деп
«Тәуелсіз елдің жастары» атты мәнерлеп оқу сайысын  аяқтаймыз.































Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының

«Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ



«Бекітемін»

ДТЖЖО: Баймукашева Ж.А.

_______ 2023ж.











« Тәуелсіз елдің жастары»

мәнерлеп оқу сайысы












Тәрбиешілер: Бапашева Д.Т.

Истайкина Р.М.

Тасанова С.К.






Орал қаласы

2023жыл













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
175
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі