Материалдар / " Үлгі болу - қызмет етудің ең тиімді жолы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Үлгі болу - қызмет етудің ең тиімді жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы

жалпы орта мектебі




















Өзін – өзі тану пәнінен

«Үлгі болу – қызмет етудің ең тиімді жолы» тимбилдинг











2020 оқу жыл



Тақырыбы: « Үлгі болу – қызмет етудің ең тиімді жолы» тимбилдинг ұстаздармен

Мерзімі: 18.11.2020 жыл

Мұғалім: Е. Г. Абуева

Мақсаты: біртұтас команда моделін қалыптастыру, ұжымда жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құру.

Міндеттері:

  • ойын барысында жағымды атмосфера құру, ортақ іс - әрекет негізінде бірін - бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру.

  • Бір тұтас команда моделін қалыптастыру: топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағыттау, топтың әрбір мүшесінің ерекшелігі мен пікірін ескере отырып бірыңғай ұжымдық ережелерді қабылдау, әр түрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдыларды дамыту, командадағы рөлдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісе алуға үйрету.

  • ойын арқылы түзету: шамадан тыс эмоционалдық стрессті төмендету, конструктивті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою, қарым-қатынасты реттеу.

Күтілетін нәтиже: бірін - бірі қолдауға дайын, біртұтас команда құрылады;

командалық ортақ пікір, тиімді қарым - қатынас, өзара сенім қалыптасады.

«Тимбилдинг» - бұл әлеуметтік-психологиялық тренинг, оның негізгі мақсаты – қызметкерлер ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылады. Қарапайым тілде айтқанда, бұл бірге жұмыс істейтін адамдарға қарым-қатынастарын жақсартуға және нәтижесінде ұжымның жұмысы тиімділігін арттыруға көмектеседі. Бірыңғай мақсат және жеңіп шығу игілігіне командалық жұмыс идеясы спорттан алынды және жетістікпен тек білімде ғана емес, сонымен қатар ойында да өздерін көрсете білді. Тимбилдинг — ұйымшыл ұжым қалыптастыруға, команданың әрбір мүшесі өз орнын табуға және қабілетті барынша дамытуға жағдай жасайтын қазіргі заманғы тәсілдердің бір түрі. Тимбилдингтің барлық түрі еркін бейресми қарым-қатынас жасауды, командада жұмыс істеуді үйретеді және ұжымдық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Осы мақсатта 18 қараша күні мектептің өзін – өзі тану пән мұғалімі мұғалімдерге арналған тимбилдинг  ұйымдастырды.  Іс-шара алдында шаршаудың алдын алу үшін ойын форматында өткізілді.

«Таңымды қалай қарсы аламын» тренинг көңіл - күйді көтеруге арналған жаттығу. Топпен бірігіп «Ыстық картоп» ойыны ойнатылды
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс. Сұрақтар:
Бүгінгі көңіл-күйің?
Сенің сүйікті тағамың?
Сенің хоббиің?
Спорттың қай түрін ұнатасың?
Қандай киім үлгісін ұнатасың?
Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Не үшін?
Қай түсті ұнатасың?
Жылдың ең қысқа айы?
Кактус гүліне ұқсайтын жәндік?
Сүйікті әнің?
«А» дыбысынан басталатын бес затты ата?
Кері оқығанда тура мағынаны беретін адамның дене мүшесі?
Саған ұнайтын кино?
Сүйікті әншің?

  1. Тур «Жіптік курс» психологиялық тренинг «Өткел» ойыны. 2. Тур Топ болып «Обручті» айнала мәреге жеткізу. 3. Тур Допты адамдар үмтінен өткізу ойыны. 4. Тур Шеңбер құрып таяқ ұстау ойыны. Арқан тартыс ойыны — ұлттық ойын.

Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады.

Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді.

Топпен бірге Дэнстерапия (топтық тапсырмаларды орындауға арналған билер); «Қара жорға» биіне ұйымдастырылды.

Picture 4 Picture 10

Picture 1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!