« Ядролық қарудан таза әлем »

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Ядролық қарудан таза әлем »

Материал туралы қысқаша түсінік
Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері Ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

АPicture 1 қмола облысы

Целиноград ауданы

3 Талапкер орта мектебі

Калиева А.К



« Ядролық қарудан таза әлем »

Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері
Ашық тәрбие сағаты


Мақсаты:


1. Оқытып үйрету: Оқушыларға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру. Қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсініктер беру. Семей полигонын жабуға күш салған Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, К. Бозтаев, Х. Матаев, Н. Сабильянов, М. Аймақов сынды қоғам қайраткерлерімен таныстыру, олардың өнегелі өмірлерін үлгі ету.


2. Тәрбиелік: Өз ата-мекенін сүюге тәрбиелеу. Өз еліне, өз туған жеріне сүйіспеншілігін сақтай отырып оның табиғатын, табиғат байлықтарын қорғауға ұмтылдыру. Мәнерлеп оқуға, сахналық өнерге баулу.


3. Дамыта оқыту: Жер бетіндегі тіршілік атаулының қайнар көзі - күн, су, ауа жайлы және олардың денсаулыққа пайдасын, пайдалану жолдары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың жоғары деңгейде қабылдауын, логикалық ой қорытуын дамыту.


Сабақтың көрнекілігі:


1. Интерактивті тақта материалдары
2. Эмблема: Экология және балалар
3. Ядролық жарылыстар - видео фильмдер, ядролық жарылыстан зардап шеккен адамдардың суреттері - слайдтар.
4. Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, К. Бозтаев т. б. суреттері мен кітаптары.
5. Ұлы адамдар сөзінен цитаталар.

 Мұғалім:

Армысыздар ардақты қонақтар, ұстаздар, аяулы оқушылар. Бүгінгі «Семей полигоны - тарихтың қасіретті беттері»атты экологиялық кешімізге хош келдіңіздер!


Баяндама

Тақырыбы :Атомдық трагедия

Орындаған: Садыкова Гүлден


Қазақстан XX ғасырдың екі ғаламат оқиғасына – ядролық қаруды игеру және космостық кеңістікке шығу секілді тарихи оқиғаларына тікелей қатысы бар елдің қатарына қосылуға мәжбүр болды. Кеңес өкіметінің экономикасының миллитарландыруы қоршаған ортаға кері әсерін тигізді, ядролық қаруларды жасап шығару, сыналуы және сақталуы Қазақстан территориясына үлкен зиянын тигізді. Қазіргі кезеңде республикамыздың егемендігі мен тәуелсіздігі жағдайында Қазақстан мемлекетінің алдында аса күрделі экологиялық проблемалар тұр.

Жеріміздің экологиялық қауіпсіздігі мен мемлекеттің экономикалық тағдырына төнген қауіптің алдын алмаған жағдайда экологиялық қатер уақыт өткен сайын шиеленісіп, келешек ұрпақ үшін шешуі табылмас, өте күрделі жүздеген, тіпті мыңжылдық апатқа айналатынына күмән жоқ. Өткен 1949-1991 жылдары қазақ жерінде ракеталық – космостық, ядролық полигондар, уран кеніштері пайда болды.

Бүгінде еліміздің үлкен жер көлемінің жер қабаты, жер астындағы және жер үстіндегі сулар, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын көлдері улы қалдықтармен ластанған ұзақ уақыт бойына күрделі экологиялық жағдайлар орнықты. Бұл дағдарыс жекелеген аудандарды емес, бүкіл Қазақстан территориясын қамтиды. Табиғи ортаның биологиялық жағынан азып – тозуы, ол қазақтар үшін құрып кету қаупі еді. Қазақстанның 19 облысында ресми, 7 ресми емес полигон орналасқан.

Қазақстан Республикасының 19 облысында 5 аймағында Солтүстік, Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Орталық аймақтарда 12 ресми, 7 ресми емес полигондар орналастырылды. Оларда барлығы 642 ядролық жарылыс жасалды.

Республикамыздағы қырық жылғы ядролық жарылыстардың үлкен қайғылы тарихы, көпшілік біле бермейтін, халыққа сезілмеген қауіпті сырлары бүгінгі күнге дейін құпия болып келді.

1947 жылы салынған Семей ядролық полигоны Қазақстан жеріндегі Кеңес өкіметінің полигондарының ең күрделісі, жаппай қырып-жоятын қарудың ең көп сыналған жері. 1949-1990 жылдар арасында Семей ядролық полигонынында сыналған ядролық қарудың саны 475-ке жетті, 125 жер үсті, ауада жер асты ядролық жарылыстар өткізілген. Ядролық полигонның хронологиялық мерзімін екі кезеңге бөлдік. Жер үсті және ауада болған жарылыстар кезеңі 1949 жылдан 1963 жылдарда және жер асты жарылыстар кезеңі 1964-1989 жылдар аралығын қамтиды. Семей полигонының жер көлемі 18 500 шаршы км. Бұрынғы Семей облысы Қазақстан Республикасының Солтүстік – Шығыс жағында орналасқан және Абай, Бесқарағай және Жаңа Семей аудандарымен шекараласуда.

Атмосферада жарылған 125 жарылыс ядролық қаруды сынау нәтижесінде Қазақстан территориясының біраз бөлігі радиациямен ластандырылды. Радиоактивті бұлттардың ізімен радиоактивті тұнбалар 2624 мың адам тұратын Қазақстан территориясының 304 мың шаршы метрге дейін тарады. Халық қоныстанған 711 пункттерде доза санитарлық ауа нормасынан 0,1 эра мөлшерінде асып түсті. 1949 жылы жер үстінде жүргізілген атомдық жарылыс зарядтарының төмен биіктікте болуына, соның нәтижесінде төмен тұратын радиоактивті бұлт түсуіне байланысты халық үшін өте қауіптілердің қатарынан саналды.

1990 жылдың қыркүйегінде И.П.Велихов басқарған Курчатов атындағы атом энергиясы институтының комиссиясы полигонда болған еді, комиссияның ресми «Информацияға» берген ақпаратында құпиясы ашылған мұрағаттық қорлардағы мәліметтерін Гусев тағы да қайталап берді. Онда жан түршігерлік мынадай мәлімет бар: «Атомның алғашқы жарылысы (1949 ж.) жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындарына сұрапыл опат әкелді. Жарылыстың радиациялық әсері жергілікті халыққа Хиросима мен Нагасакидегі радиацияның салдарынан бірде бір кем болған жоқ.

Алғашқы сағатта бір аймаққа түскен радиоактивті қоқымнан соң (Долонь селосы) жер бетіндегі сұмдықтың мөлшерлі күші сағатына 200 рентген болды. Гамма сәулесінің адамға сырттай әсер жасайтын мөлшері алғашқы тәулікте 60 рентген, аптасына – 100, айына – 130, жылына 160 рентген келеді».

Бірінші атомдық жарылыстан соң 1953 жылдың 12 тамызында КСРО - да тұңғыш рет термоядролық жарылыс болды. Жарық тереңдігі 1 км, күші 470 кт, желдің жылдамдығы 40-50 км/сағ, жарылыс болған сәттен 9-19 күн аралығында гамма сәулеленудің күшінің дозасы Семей облысының Бесқарағай, Абай, Шар, Жаңа Семей т.б. аудандарында 40-60 м/сағ мөлшеріне теңелді.

Тұрғылықты жер тұрғындары үшін гамма сәулеленуінің жиынтық дозасы 42 ретгенді құрайды. Тамақпен, сумен радиоактивті заттардың түсуіне байланысты ішкі органдар уланды. 1949 жылдан 1963 жылға дейін полигонға жақын елді мекендер сәулеленудің ең жоғарғы дозасын алды. 1963 жылы жер үстіндегі және ауадағы жарылыстарды тоқтату адамдар денсаулығы мен экологиялық ахуалға радиацияның тигізетін кері әсерін тоқтата алмады, жер асты жарылыстары 1989 жылға дейін жүргізілді.

Аса қауіпті радиациялық аймақ: бұған Абай ауданындағы Саржал, Жаңа Семей аудандарындағы Сарапан және Иса, Бесқарағай аудандарындағы Долонь селолары жатады. Бұл елді мекендердің тиімді эквивалентінің жиынтық дозасы 100-ден 447 бэр-ге дейінгі мөлшерді құрайды.

Жоғарғы радиациялық қауіпі бар аймақ: бұған Абай, Бесқарағай, Жаңа Семей және Абыралы аудандарының территориялары енеді. Дозаның тиімді эквиваСемейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 16424-ке, ақыл – ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеген. Бұрын қазақтар өкпе ауруын тұқым қуалайтын ауру деп келсе, Саржалдықтар нағыз тұқым қуалайтын дауасыз рак, паралич, анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түріне душар болып отыр. Бұл ұрпқтан-ұрпаққа жалғасатын дертке дәрі де, дәрігер де дәрменсіздік жасап келеді. Өйткені олардың бұрын-соңды адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлеріне тап болып отырғандықтары жасырын емес.

Президент Н.Ә.Назарбаев антиядролық конгресте 30-тамызда сөйлеген сөзінде: «1949 жылғы тамыздың 29-да Семей түбіндегі полигонда ядролық бомбаның жарылуы Қазақстан тарихының қайғылы беттерін ашты. Аса ауыр экономикалық, әлеуметтік, рухани сілкіністер – ұзақ жылдарға созылған адамгершілікке жатпайтын ядролық сынақтардың қорытындысы осындай. Семей полигонын жабу туралы Жарлық ішкі проблемаларын дербес шешу туралы айқын мәлімдеген жас мемлекеттің алғашқы актілерінің бірі болуы тегін емес. Оның үстіне, дүниежүжілік тәжірибеде мұндай қадам алғаш рет қабылданды» деді [5].

1990 жылы 29 тамызда Семей полигонындағы ядролық жарылысының кезекті 1 жылдығында президент Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.

Әлемде жыл сайын көптеген атомдық апат болуда. Кейбіреулері жарияланбаған, жасырылған осы үлкен не кіші атомдық апаттар тек қана қоршаған ортаны ластаумен шектеулі қалмай, адамдардың жанын да алуда.Атомдық ластанудан әсерленген топырақ пен су көздері айналасында жүздеген жылдарға жалғасатын зияндарға себеп болып, тіршілікті жоюда.

Аталған кіші апаттардан басқа 1986 жылдың 26-шы сәуір күні ғаламшарымызда маңызды бір атомдық аварияның болғаны соншама, жасырыла алмайтындай үлкен болатын. Үлкендігі соншалықты оқиғадан 25 жыл өткеніне қарамастан адамдар мен қоршаған ортаға берген зияны өкінішке орай әлі реттелмеді. Бұл әлемнің екі үлкен атом апаттарының бірі – Чернобыль болатын. Екіншісі болса жаңа болған жәнеЖапонияны шайқаған Фукусима апаты. Украинадағы Чернобыль атом станциясы апатының адамға тигізген шын әсерлері тақырыбында әлі ортақ көзқарас қалыптасқан емес. Мамандар Чернобыльдың жақсы зерттелмегенін алға тартуда. Бүгін сіздерге бұл үлкен апатты, Чернобыльді түсіндіргіміз келеді. Біз болғандар жайлы әңгіме қозғап, атом станциялары жайлы қайта ойлану керек екенін ортаға саламыз

1986-жылдың көктемі. Сәуірдің 26-сы, түнгі сағат 1-ден 23 минут өткенде, Украинадағы Чернобыль атом стансасында бұрын соңды кездеспеген сұмдық жарылыс болды. Ол минуттерде жергілікті жұрт қалың ұйқыда болатын. Бірақ, бірнеше сағат ішінде ол апаттан хабардар болған халық үрейлі дүрбелеңге түсіп, тұс-тұсқа қаша бастады. Алайда, жоғарыдан келген бұйрықпен, жарылған стансаның өртін өшіріп, ол араны тазалау шараларына қатысқандар да аз емес еді. Кейінірек, компартия, комсомол жолдамасымен келген он мыңдаған адамның ол арада алған сәуле ауруынан қазіргі кезде көбі ол дүниелік болды немесе айықпас дертке ұшырады.

Адам сәулеленудің екі түріне - сыртқы және ішкі сәулеленуге үшырайды.

Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жүлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелөну дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, азонның қорғаныс қабаттары жүқара түседі, сондықтан да сәлелену жоғары.

Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты қүрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер үшырайды.

Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосфера-дағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады.

Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда түратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр (0,03-0, Ібэр).

Табиғи көздерден адамның сыртқы сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бүғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар түрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бүл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері кө-бірек кездеседі.

«Қазақстан - 2030» Бағдарламасында Елбасы Н. Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады»,- деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау - әрбір адамның төл міндеті.



Бейнеролик : «Әлем ядролық қарудан қашан құтылады.»




Қазіргі ғылыми прогрестің шарықтап, дамыған тұсында ауаның шектен тыс ластануы - жер бетіне көптеген аурулар мен дерттерді қоса ала келеді. Осының салдарынан адам өмірі мен бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төнді, адам өлімі жылдан - жылға көбейе түсуде. Климат өзгеріп, ауа - райы бұзыла бастады. Бүгінде табиғатта болып жатқан дағдарыс біздің республикамызға да қауіп төндіріп тұрғаны баршамызға аян. Қазақстан жерінің бүлінбеген бір бұрышы, бұзылмаған бір ұясы қалмағаны анықталып, кеш те болса, әлемге жар салынып, зерттелуде, алдын алу іс - шаралары қарастырылуда.


Қорытынды:


«Тәрбие - тал бесіктен басталады» дегендей, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау - әрбір адамның міндеті. Ендеше, табиғатты аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуларыңа тілектеспін.
«Жаса, Қазақстан» оқушылардың орындауында.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
1024
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі