Материалдар / «А1;В1 санатындағы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер міндеттері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«А1;В1 санатындағы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер міндеттері»

Материал туралы қысқаша түсінік
- Студенттерді жолда жүру ережесімен таныстыру, осы «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты тақырып бойынша бейнелеу әдісін түсіндіру, бағыт беру. Оқыған материалдың өмірдегі құндылығын бағалай білуге тәрбиелеу. -Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту. - Студенттерді көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Ақпан 2024
171
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Семинар сабақтың тақырыбы:

 «А1;В1 санатындағы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер міндеттері»

Дайындаған педагог: Альметов Хамза Туламатович

Курс, оқу жылы, топтар: І, 2023-2024ж, І курстар.

Сабақтың түрі: Семинар

Мақсаты мен міндеттері:

- Студенттерді жолда жүру ережесімен таныстыру, осы «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты тақырып бойынша бейнелеу әдісін түсіндіру, бағыт беру. Оқыған материалдың өмірдегі құндылығын бағалай білуге тәрбиелеу.
-Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту.
- Студенттерді көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдыларының тізбесі: Жол жүрісіне қатысушысын жалпы міндеттері, олардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілігі; жолдардың негізгі құрылыстары мен құрылғылары; Жол жүрісі қағидалары; Бағдаршам және реттеуші дабылдарының рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелері;

Қажетті ресурстар: Компьютер, проектор, слайдтар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен амандасу.

Ә) кабинеттің тазалығын тексеру, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай оқушылардың отырғандықтарын қадағалау, сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ оқушыларды белгілеу.

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Психологиялық кезең (оқушылардың назарларын жинақтау ) Автобус қай бағытқа қозғалады?













ІІ. Семинар сабақты түсіндіру

Семинар жоспары:

А) Жол жүрісі қағидаларындағы негізгі ұғымдар

Б) А1;В1 санатындағы жүргізушілер міндеттері

В) Жаяу жүргіншілермен велосипед жүргізушілері міндеті


Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар, электро самокаттар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта бізбүгін «А1;В1 санатындағы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер міндеттері» атты жол ережелері туралы айтпақпыз.

А) Жол жүрісі қағидаларындағы негізгі ұғымдар



 велосипед - екі немесе одан да көп дөңгелегі бар (мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалардан басқа) және үстіндегі адамның бұлшықет күшімен қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;

велосипедші - велосипедті басқаратын адам;

в елосипед жолы - велосипедтердің жүруіне арналған және тиісті белгімен белгіленген жеке жол немесе жолдың бір бөлігі. Велосипед жолы басқа жолдардан немесе нақ сол жолдың басқа элементтерінен конструктивтік түрде бөлінеді;

 велосипед жүретін жолақ - жолдың жүру бөлігінің велосипедтер жүруге арналған жолағы. Велосипед жүретін жолақ жолдың басқа жүру бөлігінен ұзына бойындағы жол таңбасы және арнайы белгілер арқылы бөлінеді;

жаяу жүргінші - жолда көлік құралынан тыс жүрген және онда жұмыс жүргізбейтін адам. Жаяу жүргіншілерге мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалармен қозғалатын, велосипед, электр самокат, шағын электр көлігі құралын, мопед, мотоцикл жүргізетін, шана, арба, балалар арбасын алып жүретін жеке тұлғалар теңестіріледі;

жүргізуші - көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен мал табын, жүк артылған, жегілген немесе мініс малын айдаушы;

 мопед - цилиндрінің көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті көлік құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары теңестіріледі;

  мотоцикл - қозғалтқышы бар, бүйір тіркемесімен немесе онсыз екі дөңгелекті механикалық көлік құралы. Мотоциклдерге жүктемесіз салмағы төрт жүз килограмнан аспайтын үш және төрт дөңгелекті көлік құралдары, цилиндрінің көлемі 50 текше сантиметрден асатын скутерлер және осыған ұқсас сипаттамасы бар басқа көлік құралдары теңестіріледі;

шағын электр көлігі құралы – электр қозғалтқышы бар электр самокаттар мен мопедтерді қоспағанда, электр қозғалтқышпен жарақталған, жеке жүріп-тұруға арналған, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар көлік құралы;

электр самокат – екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышты (электр қозғалтқыштарды) пайдалану арқылы бір адамның жүріп-тұруына арналған, орындығы жоқ, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына жиырма бес километрден аспайтын жеке мобильді көлік құралы.


Б) А1;В1 санатындағы жүргізушілер міндеттері

Мопедтердің, электр самокаттардың, велосипедтердің, шағын электр көлік құралдарына қойылатын қосымша талаптар

      165. Мопедті басқару құқығы он алты жасқа толған адамдарға беріледі.

      166. Велосипед жүргізушілер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, ал олар болмаған кезде жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда не жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жаяу жүргіншілердің жүрісіне қауіп төндірмей жүреді.

       Он төрт жасқа толмаған велосипедшілерге жүру бөлігінің оң жақ шетімен, маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен, жолдың жиектерімен жүруге жол берілмейді.

      Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 7.14 тақтасы бар 4.5 белгісімен белгіленген велосипед жүретін жолағы бар жолдарда осы жолақпен мопедтен басқа, басқа көлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды.

      Егер осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 7.14 тақтасы бар 4.5 белгісімен белгіленген жолақ қалған жолдың жүру бөліктерінен үзік-үзік таңбалау сызықтарымен бөлінген болса, онда бұрылу кезінде көлік құралдары соған орын ауыстырады. Мұндай жерлерде сонымен қатар жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетінен жолға кірер кезде және жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін кіруге де рұқсат етіледі.

      168. Мопед жүргізушілердің велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым салынады.

      168-1. Электр самокат жүргізушілер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен жүреді. Электр самокат жүргізушілер велосипед жолы, велосипед жүретін жолақ болмаған кезде:

      осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес, жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда;

      жол жиегімен;

      жаяу жүргіншілердің жүрісіне қауіп төндірмей, сағатына алты километрден аспайтын жылдамдықпен тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүреді.

      Он сегіз жасқа толмаған электр самокат жүргізушілердің өзімен бірге жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігінсіз не көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәліксіз жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен жүруіне жол берілмейді.

      169. Ат-арба көліктері (шаналар), жүк артылған, жегілген немесе мініс малдары шеткі оң жолақпен бір қатармен немесе егер бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе, жолдың жиегімен жүреді.

      170. Велосипедшілер, ат-арба көліктері (шаналар), жүк артылған, жегілген немесе мініс малдар колонналары жолдың жүру бөлігімен жүрген кезде велосипедшілер, мініс және жүк артылған малдар он-оннан және арбалар (шаналар) бес-бестен топтарға бөлінуге тиіс. Басып озуды жеңілдету үшін топтардың арақашықтығы сексен - жүз метр болуға тиіс.

      171. Мопед, электр самокат және велосипед жүргізушілердің:

      1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуге;

      2) жолаушыларды тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен тасымалдаудан басқа, жолаушыларды тасымалдауына;

      3) тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен жүкті, сондай-ақ габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұрмайтын жүкті тасымалдаудан басқа, жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауына;

      4) трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуына немесе кері бұрылуына;

      5) мопедпен және велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтерді, электр самокаттарды және велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен, электр самокаттармен және велосипедтермен сүйретуіне;

      6) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуіне;

      7) жол жүрісі қағидаларында айқындалған талаптарға сәйкес келетін, басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп-тұруына;

      8) жолдың жүру бөлігінде басқаруы кезінде түймеленген шлемсіз болуына тыйым салынады.

      172. Велосипед жолының көше қиылысынан тыс орналасқан жолмен реттелмейтін қиылысында велосипедтердің және мопедтердің жүргізушілері осы жолмен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол беруге тиіс.

      172-1. Шағын электр көлігі құралын жүргізушілердің:

      1) рульсіз шағын электр көлігі құралдарын қоспағанда, ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуге;

      2) жолаушыларды тасымалдауына;

      3) жүкті тасымалдауына;

      4) жолдың жүру бөлігімен жүруіне;

      5) жанында велосипед жолы, велосипед жүретін жолақ болған кезде тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне;

      6) шағын электр көлігі құралдарын, шағын электр көлігі құралдарымен сүйретуіне;

      7) шағын электр көлігі құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуіне тыйым салынады.

В) Жаяу жургіншілермен велосипед жүргізушілері міндеті:

  1. Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған кезде - жол жиегімен, сондай-ақ Қағидалардың 17-бөлімі 1 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес жүреді.

      Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ қозғалтқышы жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүру бөлігінің жиегімен (бөлу жолақтары бар жолдарда - жолдың жүру бөлігінің сыртқы шетімен) жүре алады.

       Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен жүру мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе жолдың жүру бөлігінің шетімен (бөлу жолақтары бар жолдарда - жолдың жүру бөлігінің сыртқы шетімен) бір қатарда жүре алады.

Елді мекендерден тыс жерлерде жолдың жүру бөлігімен жүрген кезде жаяу жүргіншілер көлік құралдарының жүрісіне қарсы жүруі тиіс.

       Жолдың жүру бөлігінің шетімен қозғалтқышы жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары жүрісінің бағытында жолдың оң жағымен жүреді.

2. Ұйымдасқан ж аяу жүретін лектердің жолдың жүру бөлігімен жүру көлік құралдарының жүру бағытында оң жақпен, төрт адамнан аспайтын қатармен жүзеге асырылады. Лектің алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында - алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен ілесіп жүрушілер жүреді.

3 . Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өткелдерімен, ал олар болмағанда көру шегінде — қиылыстарда тротуарлар және жол жиегі сызығы бойымен кесіп өтеді. Көру аймағында өткел немесе жол қиылысы болмағанда жолдың жүру бөлігінің шетіне тік бұрыштап, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден жолды кесіп өтуге болады. Жолдың жүру бөлігін елді мекенде бөлу жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілер немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде жаяу жүргінші өткелдерінен тыс кесіп өтуге рұқсат етілмейді. 4. Жаяу жүргіншілер жүріс реттеліп тұратын жерлерде - реттеушінің сигналын немесе жаяу жүргіншілер бағдаршамын, ал ол болмағанда - көлік бағдаршамын басшылыққа алады.

5 . Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу жүргіншілер жолдың жүру бөлігіне жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығады. Жолдың жүру бөлігін жаяу жүргінші өткелдерінен тыс жерлерде кесіп өткен кезде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмейді және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпайды.  




     



6. Жолдың жүру бөлігіне шыққаннан кейін жаяу жүргіншілер, егер бұл жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдайды. Әрі қарай жүру қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін бағдаршамның (реттеушінің) сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады.

7. Жарқылдайтын көк маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге рұқсат етілмейді, ал жол үстіндегілер осы көлік құралдарына жол береді және мүмкіндігіне қарай жолдың жүру бөлігін босатады.

8. Маршруттық көлік құралы мен таксиді жолдың жүру бөлігіне қарағанда биіктеу тұрған отырғызу алаңдарында, ал олар жоқ болған жағдайда - тротуарда немесе жол жиегінде ғана тұрып күтуге рұқсат етіледі.

Велосипед және мопедті басқару

1. Мопедті басқару құқығы он алты жасқа толған адамдарға беріледі.

2. Велосипедшілер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, ал олар болмаған кезде – жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен не жолдың жиектерімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге жүру үшін қауіп төндірмей жаяу жүргінші жолымен жүреді. Он төрт жасқа толмаған велосипедшілерге жүру бөлігінің оң жақ шетімен, маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен, жолдың жиектерімен жүруге жол берілмейді.

 7.14 тақтасы бар 4.5 белгісімен белгіленген велосипед жүретін жолағы бар жолдарда осы жолақпен мопедтен басқа, басқакөлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды.

3. Велосипедшілер жолда бір қатармен жүреді.

  4. Мопедтер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, ал олар болмаған кезде – жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатармен жүреді.

  5. Ат-арба көліктері (шаналар), жүк артылған, жегілген немесе мініс малдары шеткі оң жолақпен бір қатармен немесе егер бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе, жолдың жиегімен жүреді.

 6. Велосипедшілер, ат-арба көліктері (шаналар), жүк артылған, жегілген немесе мініс малдар колонналары жолдың жүру бөлігімен жүрген кезде велосипедшілер, мініс және жүк артылған малдар он-оннан және арбалар (шаналар) бес-бестен топтарға бөлінуге тиіс. Басып озуды жеңілдету үшін топтардың арақашықтығы сексен – жүз метр болуға тиіс.


БҰЗУШЫЛЫҚ ТҮРІ

ӘҚБТК/ҚК БАБЫ

АЙЫППҰЛ (АЕК)

АЙЫППҰЛ СОМАСЫ

БІР ЖЫЛ ІШІНДЕ ҚАЙТАЛАП БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

79

Жаяу жүргіншілердің және қозғалыстың өзге де қатысушыларының ЖҚЕ бұзуы

615 б. 1

2

7 384

36 920

80

Жаяу жүргіншілердің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірген, екіншісіне материалдық залал келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзуы



615 б. 2

10

36 920

73 840
немесе 3 тәулікке қамауға алу


2. Видео көрініс


ІІІ. Семинарды қорытындылау:

Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген адамдар жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біз семинар сабағымызда «А1;В1 санатындағы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер міндеттері»атты жол ережелері жаңа улгісі мен таныстыру әрекет жасадық. Назар аударып тыңдағаныңызға рахмет!


Арнайы пән оқытушысы: Альметов Х.











Шымкент қалалық білім басқармасының



«ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК


«Білікті маман - заман талабы»

тақырыбында ұйымдастырылған

«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» әдістемелік бірлестігінің онкүндігі


Баяндама




Тақырыбы: «ТАЙҒАҚ ЖОЛДАРДА АВТОМОБИЛЬДІ

ЖҮРГІЗУ»
















Арнайы пән оқытушысы: Х Альметов



Шымкент-2024


ТАЙҒАҚ ЖОЛДАРДА АВТОМОБИЛЬДІ ЖҮРГІЗУ


Көліктің тайғақ жолда жүруі; айналу, домалау, жолдан шығып кету және тіпті аударылу сияқты қауіпті салдарға әкелуі мүмкін. Мұндай жерлерде қозғалысты иінді біліктің айналу саны аз болған кезде екінші немесе үшінші берілісте жүзеге асырылуы мүмкін.

Муфтаны қосу, руль дөңгелегін бұру, жанармай тасымалдау және тежеу ​​тетіктерінің орнын өзгерту мүмкіндігінше тегіс болуы керек. Тежеу кезінде ілінісу механизмін ажыратпаңыз. Бұрылыстарда тежеуге немесе иінді біліктің айналу санын көбейтуге жол берілмейді. Бұрылу кезінде, егер көлік құралы бүйірге қарай бұрыла бастаса, егер жағдай мүмкіндік берсе ілінісуді ажырату және жанармай беру тоқтатылады.

Қыс мезгілінде таза әрі құрғақ жолдың кей жерлерін көктайғақ басып қалуы мүмкін. Жүргізуші мұндай жерлерді байқаса, бірден көліктің жылдамдығын азайтады. Жылдамдықты азайтып үлгермесе де, мұзға кіре берісте басталған тежеуді аяқтау керек. Автокөліктің бір дөңгелегі мұз үстінде болған кезде тежеу ​​өте қауіпті, себебі дөңгелектер арасындағы тежеу ​​күшінің айырмашылығы үлкен, ал машина айналып кетуі мүмкін.

Мұз басқан биіктіктер мен еністерден төмен беріліспен өткен жөн. Көліктің дөңгелегі жоғары көтерілу кезінде айналса, биіктіктің түбіне қайтып оралу және жоғары жылдамдықпен қайта бастау үшін дереу артқы берілістерді қосқан жөн.

Созылмалы тайғақ жолдармен жүруге тура келсе, жүксіз автокөлік доңғалағындағы ауа қысымын 30-35%-ға төмендетуге болады. Бұл шинаның жолда ұстауын арттыру арқылы сырғанау қауіпін айтарлықтай азайтады.





«Шымкент аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК

Оқытушы: Альметов Хамза Туламатович.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!