Тақырып бойынша 11 материал табылды

А. Байтұрсынұлы -тіл біліміндегі жаңа бағыттардың негізін қалаушы

Материал туралы қысқаша түсінік
А. Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеулері істеген еңбектері жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.Байтұрсынұлы-тіл біліміндегі жаңа бағыттардың негізін қалаушы



Бүгінгі таңда қазақ тіл білімі инновациялық бағыттар тұрғысынан қарастырылуына байланысты көптеген ұстаным-түсініктер жаңа қырынан зерттеле бастады. Бұл орайда көбінесе жаңа, тың дүниені шетел тәжірбиесімен, шетелдік озық үлгісімен байланыстыру әдетке айналған. Сол себепті когнитивті лингвистика,функционалды лингвистика, коммуникативті грамматика т.с.с. бағыттарды сипаттауда жалпы тіл біліміндегі зерттеуші-ғалымдардың еңбектерін негізге аламыз. Шын мәнінде, қазіргі қазақ тіл біліміндегі инновациялық парагдималар,жаңа бағыттар Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінде жан-жақты сипатталғанын көруге болады. Ғалым зерттеулерінде тіл мен сана, тіл мен таным, тілдік сапа, ұғым, концептуалды, категориялау, сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары, грамматикалық мағынаныңьсипаты т.с.с. мәселелер жан-жақты сөз болған. Мәселен, А.Байтұрсынұлы сөз өнері де адам санасының үш негізіне ақыл, қиялға, көңілге тірелетіндігін айта келіп, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін көрсетеді. (Ақыл ісі –аңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау. Қиял ісі-меңзеу яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау. Көңіл ісі-түю, талғау) де: «Тілдің міндеті-ақылдың аңдуына аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау»,-деп қорқытады. Яғни, ғалым тілді (сөз өнерін) сана, тілдік сана, таным тұрғысынан сипаттайды. Сонымен қатар ғалым өнердің бес түрін сәулет, сымбат, суреттеп, көрсету, әуез, сөз өнері деп бөледі. «Өнердің ең алды сөз өнері деп саналады. «Өнер алды қызыл тіл» деген қазақта мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің қызметін сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл да өзге өнердің қолынан келмейді»,-дейді. Осы бір шағын мәтінде ғалым концептуалды мазмұн мен тілдің өзара байланысын, концептуалды мазмұнды тілдің көмегінсіз сипатау мүмкін еместігін, санадағы құбылыстарды тіл ғана бейнелей алатынын ескертеді.

Қазақ тілі жайында А.Байтұрсынұлынан бұрын да зерттеулер болған. Бірақ бәрі де орыс тілінде жазылған еді. Бірде-бірінде И.И.Ильминский, П.М.Мелиоранский т.б. қазақ тілінің өзіне тән терминдік жүйесі туралы сөз де болмайды. Сондықтан бұлардың ешқайсысы да, өзінше құндылығына қарамастан, қазақ тіл білімінің басы ретінде қарастыруға келмейді. Осылармен салыстыра келгенде де, А.Байтұрсынұлының еңбектері жоғары саналды. Міне, сондықтан да Ахметті қазақ лингвистикасының бастауында тұрған басты тұлға деп есептейміз.

Ахмет Байтұрсынов қазақ тілін оқыту методикасының да іргетасын қалаушы болып саналады. Ол-қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы. Ол бұл салада 1910 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жариялаған. Жазу таңбаларын (әріптерді) түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылдан бастап жарық көрген. Бұл методикалық құрал тұңғыш әліппемен яғни «Оқу құралымен» қатар дүниеге келгендігін автор өзі білдіреді. Мұны дәлелдейтін және бір дәлел-«Баяншының» 1920 жылы Қазанда шыққан басылымында автор бұл құралды 14 жыл бойы бала оқытқан тәжірибесінен шығарып жазғандығын айтады. Ал оның бала оқытқан кезі-1895-1909 жылдары ұсынған. Бұл көлемі жағынан өте шағын (не бары 15 беттік кітапша ), бірақ нағыз әдістемелік құрал.

Сауат аштыру әдістерінің жөн жобасын А.Байтұрсынов «Әліп-би астары» атты еңбегінде де көрсетеді. 1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» журналында «Ана тілінің әдісі», «Зерттеу әдісі туралы», «Қай әдіс жақсы?» деген әдістерінің мәселелерін сөз ететін бірнеше мақала жариялайды.

Мектеп балаларына арналған оқулықтарында болсын, үлкендерге арналған «Сауат ашқышта» болсын А.Байтұрсынов иллюстративтік материалдарды ұсынуда үлкен тәрбиелік әрі тіл ұстарту мүддесін көздегені байқалады. Автор жалпы оқулыққа тән «жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрдделіге» деген принципті ұстағандықтан, бастауыш балаларына арналған материалдарды түсінікті беруді көздейді, мысалдарды қазақ баласына таныс мақал-мәтелдерден, нақыл сөздерден, мысалдардан алады. Және олардың барлығы дерлік адамгершілікті, адалдықты, еңбексүйгіштікті тағы да сол сияқты игі қасиеттерді уағыздайтын дидактикалық мәні зор өлең-жыр жолдары болып келеді. Ал белгіілі бір тақырыпқа лайықтап өзі жасаған мәтіндерді ауыл балаларының күнделікті тұрмысынан алынып, олардың арман-тілегін, талап-талапынысын танытатын шағын әңгімелер түрінде беріледі.

А.Байтұрсынов өзінің алдына жүйелі жұмыстарды қойғанға ұқсайды:ол әуелі қазақша сауат аштыруды мақсат еткен, бұл үшін әліппен –«Оқу құралды» жазған, одан соң қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап, пән ретінде оқытып үйретуді мақсат еткен, бұл үшін үш бөлімнен тұратын «Тіл-құралды» жазған; үшінші-дұрыс сөйлеп, дұрыс оқып, дұрыс жазуды үйретуге көмектесетін және бір құралды жазуды ойға алған, бұл үшін «Тіл жұмсарды» жазған; төртінші-сауат аштыру, тілді оқыту әдістемесін жасауды міндетіне алған, бұл үшін «Баяншыны» жазған. «Әліппе астарында» жазған, бесіншіден-балалардың тілін ұстартып, оларды көркем сөзге баулуды көздеген, бұл үшін Т.Ш.Шомановпен бірігіп, үлкен хрестоматия «Оқу құралы» еңбегін құрастырған.

«Оқу құралы» жинағының құндылығы: әр тақырыпқа байланысты суреттердің беріліп отыруы. Оқулықта сурет арқылы сөйлету әдісі басым екендігі байқалады. Суреттер әр мәтіннің мазмұнына сай бейнеленген.

Қазақ тілін талдап-тануда Батұрсыновтың еңбегін және бір тұрғыдан ерекше атау керек: ол-термин жасаудағы іс-әрекеті. Ғалым қазақ тілі фонетикасы мен грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша термин ұсынған. Осы күнгі қолданып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік,одағай, үстеу, шылау, бастауыш, сөйлем, қаратпа сөз, леп белгісі деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А.Байтұрсыновтікі. Бұлардың өте сәтті жасалғандығын күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан өміршеңдігі дәлелдейді.

Міне,А.Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбегі осындай.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Байтұрсынұлы А. Көп томдық шығармалар жинағы. 5-т. Алматы: Алаш баспасы, 2006.-288б.

  2. Байтұрсынұлы А. Көп томдық шығармалар жинағы, әліппелер мен мақалалар жинағы. Алматы: Алаш, 2006ж.- 320 б.

  3. Қосымшаны қара, 107б.



Күршім ауданы, Шеңгелді ауылы

«Жақыпбек Малдыбаев атындағы негізгі орта мектебі»КММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жумекенова Назгүл Қахарманқызы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2025
123
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11