Ә дыбысы мен әрпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ә дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
бірінші сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: сауат ашу

Сынып: 1

Дюсембекова Алия Алихановна

Алматы облысы,Талдықорған қаласы Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Ә дыбысы мен әрпі туралы жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Ата, дедушка.

Жұмбақтың шешуі: күн, солнце, sun (сан)

Алдыңғы білім:

Ә дыбысы мен әрпі

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Қазақ тілінде қанша әріп бар?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Ә дыбысы қандай дыбыс?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері






Сабақтың ортасы

8 минут



1 Мәтінді оқы. ҰЖ

- Мұғалім оқу.

- Хормен оқу.

Аққаланы сипаттап айт.

2 Ойлан,тап.

Кәрі-жас. Ащы-тұщы.

Мұндай сөздерді қазақ тілінен қандай сөздер деп атайды?

Бұдан басқа қандай қарсы мағыналы сөздерді білесіңдер?

Ендеше жұппен осындай сөздер айтайық. Ақ- қара, жуан-жіңішке.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


Аққаланың суреті




Кесте

Сергіту сәті

1 минут

«Қызыл гүлім-ай» сергіту сәтін көрсетілім бойынша орындау.


Smk.edu.kz

Аяқталуы

16 минут

Қызықты тапсырма

8 минут




3 Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

Мына суреттердің қайсысы осы жұмбақтың шешуі болады?


Дәптермен жұмыс жүргізу

Ә дыбысына байланысты берілген сөздерді жазу.


Оқулық

дәптерлер.


Дескриптор:

-Ә дыбысын оқып, жаза алады;

-Қарсы мағыналы сөздерге мысал келтіре алады;

-Тапсырманы дәлелдей алады;


Сабақтың соңы

2 минут


Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі ар қылы сабақты

қорытындылайды.




-Балалар, біз қандай әріпті өттік?

-Қандай сөздермен таныстық?

- Ә дыбысына сөздер айтайық: сөздің басында, ортасында, аяғында.

Рефлексия

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Смайликтер






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2018
535
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі