Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

А. Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңі мен Ш.Құдайбердіұлының «Жастық пен кәрілік туралы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» өлеңі мен Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастық пен кәрілік туралы» өлеңдерін талдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» өлеңі мен Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастық пен кәрілік туралы» өлеңдеріндегі сабақтастықты анықтап, дәлелдеу

Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абай мен Шәкәрімге деген көңілі айнымады, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға. Абай мен Шәкәрім тұлғасы уақыт пен кеңістік әлемінде ешқашан да ескеріп, төмендемек емес. Бүгінгі жаһандану заманында, өркениеті дамыған елу елдің қатарына ену сапарын біз ұлылардың есімі мен өнегесін халқымыздың болашағы үшін Темірқазық етіп алуымыз керек. Қазақстанның алдында жаһандану, дамыған елу елдің қатарына ену деген мәселелер тұрған кезде өркениетімізді Абай мен Шәкәрім тұлғасы арқылы паш ете аламыз. Немістің Гетесінен, гректің Гомерінен танитын болсақ, әлем қазақ пен Абай, Шәкерім біртұтастықта тануы тиіс. Абай мен Шәкәрімді тілі шыққан баладан бастап әркім өз деңгейіне сай білуі қажет. Мен де өз деңгейіміз, өз дүниетанымды сай етіп, осы тақырыпты таңдап отырмын.

Қазақ поэзиясы тарихындағы көлемі де, ұйқас түрі де бір – біріне айнымай қалған екі өлеңі бар: бірі – Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі болса, бірі – Шәкәрімнің «Жастық пен кәрілік туралы» атты өлеңі. Абайтану ғылымының негізін қалаушы заңғар жазушымыз М.О.Әуезов өзінің Абай Құнанбайұлы монографиясында: «Сегіз аяқ қазақ құлағым естімеген өзгеше өлең үлгісі» деп көрсетеді. Абайдың бұл үлгісін Шәкәрім өз шығармашылығында қолданады. Бірақ қалай қолданған? Оған Абайдың көзқарасы қандай болды? Шәкірт шешімі ұстаз көңілінен шықты ма?

Абай мен Шәкәрім арасындағы тамырластық өте терең. Өз заманының келелі мәселелерін көтеруге дейінгі терең де сыни ой – пікірлерін, парасатты тұжырымдарын көзі ашық, көкірегі ояу азамат ретінде білдіріп отыру – екі ақынға да ортақ қасиет. Екі ақынның да лирикасы басты тақырыбы – адам. Айналасындағы адамдардың болмысына, түрлі қасиеттеріне мән беріп, жақсылығына қуанды, келешегіне күйзелді.

Абайдың ақындық мектебі – зерттелген тақырып. Белгілі абайтанушы Қ. Мұқаметхановтың «Абайдың ақын шәкірттері» деген төрт кітабының өзі бір төбе. Бұл жерде біз үшін маңызды болып отырғаны Шәкәрімнің ұлы Абайдың бас шәкірті екенін тануымызда.

Шәкірт Шәкәрім жас кезінде ақын, ұстаз Абайдың ақындық жаңалығы – «Сегіз аяқ» өлең үлгісін өз шығармашылығында қолданады.

Абайтану ғылымының негізін қалаған ғұлама жазушы Мұхтар Омарханов Әуезов өзінің «Абай Құнанбайұлы» монографиясында «Сегіз аяқ» қазақ құлағы естімеген өзгеше өлең үлгісі дей келе: «Өзінен бұрын ешкім таппаған қиын ұйқасты шебер түрге Абай әдейі арнап ән де шағарды» деп көрсеткенін ескерсек, бұл ерекше өлең үлгісінің Абай жаңалығы ешкім күмәнданбайды. Бір кездері «Шәкәрім шығармалары» жинағында «Жастық пен кәрілік» өлеңі 1879 жылғы деп қате таңбаланып, зерттеушілер арасында қарама – қайшы дау жүреді. Кей зерттеушілер «Шәкәрім «Сегіз аяқ» үлгісін Абайдан он жыл бұрын шығарған» деген пікірді біразға дейін ұстанады. Бұл күмәнді ойдың басын аршып нақты дәлелдермен Абай мен Шәкәрім «Сегіз аяқ» үлгісін қолдану ерекшеліктерін, өзара байланыстырып айқындап берген еңбек бар. Ол еңбектің иесі – зерттеуші Асан Омаров.

«Сегіз аяқ» - қазақ өлеңіне тыңнан қосқан шумақ өрнегі. Абайдың «Сегіз аяқ» атты өлеңінің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген:

« Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған.

Қиуадан шауып,

Қисыннан тауып,

Тағына жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл…»

Шумақ 5 буынды тармақтар мен 7-8 буынды тармақтардың жүйелі түрде үйлесіп, араласуы негізінде түзілген. Мұнда 3 және 6 тармақтар алыстан байланысады да, қалған көршілес тармақтар өзара үйлеседі. Келте тармақтарда ұйқас 2 буынды, ал ұзын тармақтарда 3 буынды болып келеді. «Сегіз аяқ» алдыңғы 6 тармақ тезис ретінде келеді де, соңғы екі тармақта ақындық ой қорытылады.

Абайдың әйгілі «Сегіз аяқ» өлеңі дүниеге келген 1888-1889 жылдары Шәкәрім үлкен ағаттық жасап, аға және іні ақындар арасына сызат түседі. Жігіт Шәкәрім іле – шала тура осы туындының калыбына салған өзінің «Жастық пен кәрілік» өлеңін елге таратып үлгереді.

Екі өлең тым ұқсас: тіл шеберлігі, өрнегі ырғағы, ұйқасы қос тамшыдай. Көлемдері де дәл ме – дәл: екі жүз жолдан тұрады. Сонда айырмашылығы неде?

Айырмашылығы жер мен көктей болып тұрған өлеңдердің ішкі мазмұн. Мысалы, Абайда:

Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде.

Адам бол – бай тап,

Адам бол – мал тап,

Қуансаң қуаң сол кезде.

Біріңді қазақ, бірің дос.

Көрмесең істің бәрі бос, -деп, халыққа жаны ашып, надандықтан арылу, ұят – әр сақтау, еңбек ету, еріншектіктен құтылу, ұрлық өтірікке жуымау, абырой ойлау секілді адами қындылықтарға бастайды.

Адам болуға үндеген ақын өз даусын өзі естіп, іші дертке толып жаны қалыпқа түседі. Бұл ақынның шын сырын, жан толқынысын өзгеше бір пішімге салынғаны еді :

Ауырмай тәнім,

Ауырды жаным,

Қаңғыртты, қысты басымды.

Осылайша 43 жастағы Абай сыр ашып, зәр – мұның атқарған өлеңін 39 жастағы Шәкәрім «Жастық туралы» өлеңінде :

Сынаптай толқып,

Түлкідей жортып,

Кетеді көңіл әр жаққа.

Қырандай қағып

Алмастай ағып,

Мұратын түгел алмаққа

Ел талабы бос калмас

Толқынды көңіл тоқталмас – деп, тұла бойын тауып, « көзі жаудыраған, шашы жібектен, бойы сымдай, белі қылдай, мінсіз» сұлуға қол жеткізу үшін, «шаруадан, ұйқыдан қалып, ауылды барлап, айналаны шарлап, жүрегі қағып, айлалы жолдастан хабар кетіп «тұрған ессіз серілік пен ғашықтықты сипаттайды. Ал «Кәрілік туралы» өлеңінде :

Қызусыз тәннің,

Сезімсіз жаның,

Болады кәрілік белгісі.

Оны да сезбей,

Үмітін үзбей,

Келмейді шалдың өлгісі.

Алпыстан әрі бармаңдар,

Аңдамай шал боп қалмаңдар! – деп жастықтың мойындағысы да келмейді.

Шәкәрім осы ұзақ толғауда «шын сөзге көңіл бөлетініне, надан болғанша, естінің айтқанымен өлуге, жүректі адалдықпен жууға, талаппен түзу жолға түсуге, білім іздеуге, қайратқа мінуге» белін бекен буады.

«Өлеңі бар өнерлі інім, сізге

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ

Есіл өнер қор болып керлер түзге.

Сәнқой, данққой, ойнасшы, керім – кербез,

Қанша қызық болады өзіңізге? – деп өлеңі бар інісі дұрыс жолға шақырған Абайды жалындырғанына ұялған Шәкәрім:

«Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық…

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жаңалық Абайға, жүр, баралық!»

Шын көңілден жұртқа күлкі болмай, жөнделудің жолын іздеп, өзімен қатар көп жасты соңынан ертіп, Абайдың алдына әкілгісі келеді.

Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,

Әр түрлі асылы көп өтпей жатқан, - деген жолдар немесе

Мынау Абай – бір ғылым жол шығарлық,

Замандасы болмады сөзді ұғарлық

Амалы жоқ, айналды енді бізге,

Күн туды етегіне жабысарлық, - дегенімен ұстаз сырын шын ұққандығын аңғарамыз.

Шәкәрімтанушы М. Мағауин біз тоқталған Абайдың Шәкәрімді сынға ұшыратқаны жайында былай дейді : «Зор талантқа өзгеше талап қойған ақын аға інісінің тым жеңілдеп кетпеуін ойлаған еді. Әрине, кезінде ауыр тигені анық. Қазір де ауыр естіледі».

Сонымен сөз етілген диалог, яғни шығармашылық байланыс, әрине, Абай мен Шәкерім үндестігі емес, бірақ ол қос ғұламаның жақын табысуының табалдырығы деп нық айта аламыз. Ең бастысы, Шәкәрім ағасы Абай «Сегіз аяқ» діттеген ел мұңын – зарын сезінудің, шыншыл халықшыл ақын болудың жолына беттейді. «Сегіз аяқ» - тек кұрылысымен ғана ерекше емес, мазмұны жағынан да биік поэзия түрі болуы тиіс.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2021
1074
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12