400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

ӘБ есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану математикалық цикл пәндері ӘБ жылдық есебі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ



Picture 1



ЖАРАТЫЛЫСТАНУ - МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЦИКЛ ПӘНДЕРІ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ









ӘБ ЖЕТЕКШІСІ ОХАН МАЙРАГУЛ













2023-2024 оқу жылы

«Өлеңті ауылы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ЖМЦ пәндері әдістемелік бірлестігінің 2023-2024 оқу жылы І жартыжылдықта өткізілген жұмыстарға талдау

Әдістемеік бірлестікте барлығы 10 мұғалім бар. Олардың ішінде біреуі жас маман . Бірлестікте педагог – зерттеуші -1, педагог эксперт -4, педагог модератор-1 категориясыз 4-мұғалім бар. 1-жартыжылдықта 2 отырыс өтті. 1- отырыста 2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың нәтижелеріне талдау жасалды. Жаңа оқу жылына ӘБ құрылымын , кеңес мүшелерінің құрамын бекітті. 2023-2024 оқу жылындағы ӘБ жоспарына талдау жасап, бекітуге ұсынылды. Жаңа оқу жылына пәндер бойынша тақырыптық күнтізбелік жспарлар , бағдарлама және «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін ұйымдарда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» әдістемелік - нұсқау хат негізінде құрылып, математика, физика, биология, химия пәндері бойынша жазба жұмыс дәптерлері туралы ережелер қарастырылып, бекітуге ұсынылды. Сонымен қатар пән мұғалімдерімен келісіле отырып, пәндер бойынша БЖБ және ТЖБ кестелері құрылды.

2-отырыста 1- тоқсан қорытынды талқыланып, ҰБТ –ға дайындық барысы талқыланды. Мектепішілік пән олимпиадасының өткізу кестесін құрып, олимпиадаға дайындық барысы жайлы сөз қозғалды. Математика пәнінің мұғалімі Дуулат М. «Математика пәнін оқытуда интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану» тақырыбында баяндама оқыды.

Қараша айында өткізілген педагогикалық кеңесте ӘБ мүшелері «Жас мамандардың педагогикалық кәсіптік шеберлігін арттыру» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг жоғары деңгейде бағаланды.





















Қазан айында «Кенгуру - математика барлығы үшін» халықаралық олимпиада өткізілді. Қатысқан оқушылардың ішінде 5 оқушы жүлделі орынға те болды.

Рет №

Оқушылардың аты - жөні

Сынып

орын

Пән мұғалімі

1

Сарқытбек Нұрдина

5«А»

ІІІ

Рахимова Н.М.

2

Айқынұлы Ералы

6«А»

ІІІ

Дуулат М.

3

Жанатқызы Жазира

7«А»

І

Рахимова Н.М.

4

Айтуғанқызы Аружан

8«А»

І

Охан М.

5

Дәуренқызы Фатиха

8«А»

І

Охан М.



Зерделі ақыл ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларының арасында өткізілетін «Алтын сақа», 10-11 сынып оқушыларының арасында өткізілетін «Алтын түлек» олимпиадасының мектепішілік және аудандық кезеңі өткізілді. Алтын сақа олимпиадасының аудандық кезеңінде 6- сынып оқушысы Айқынұл Ералы жүлделі 1-орынды иеленсе, 5- сынып оқушылары Таңжарық Нұржұма, Хилько Дамир арнайы мадақтамамен марапатталды. Ал «Алтын түлек » олимпиадасының аудандық кезеңінде 10- сынып оқушысы Рахат Марғұлан, 11- сынып оқушысы Макашева Наргиз арнайы мадақтамамен марапатталды.

Ауыл жастарына арналған «Ауыл дарын» олимпиадасның облыстық кезеңіне қатысып, 9- сынып оқушысы Асылбек Нұрсағым жүлделі 2-орынға ие болды.

Мектепішілік пән олимпиадасы жоспар бойынша өткізілді. Мектепішілік пән олимпиадаларында жүлделі 1- орын иеленген оқушылар аудандық пән олимпиадаларына жолдама алды.



Биылғы оқу жылында пән олимпиадалары 5-6, 7-8, 9-11 сыныптарда өткізілді. Аудандық пән олимпиадасы 9-11 сыныптарда ғана өткізілді..

Аудандық пән олимпиадасына қатысқан оқушылардың ішінен 11- сынып оқушысы Молдабек Айсұлу география пәні бойынша жүлделі 3- орынды иеленді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23.05.2024
265
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі