Ұлы
даланың ұлы есімі
Мемлекет
басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ұлы даланың
жеті қыры» мақаласының «Тарихи сананы
жаңғырту» деп аталатын екінші бөлімінде
ұлы даланың ұлы есімдеріне тоқталып
«Көптеген халықтар өз елінің ерекше
елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін
мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі
Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын,
Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж
Вашингтон сияқты дүниежүзіне белгілі
тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің»
баға жетпес символдық капиталы саналады
әрі сол елдердің халықаралық аренада
тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп
отыр. Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи,
Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен
Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да
көптеген ұлы тұлғаларды дүниеге
әкелгендігін», атап өтеді. Осындай
ұлыларымыздың еңбегін елеп, есімін
ардақтау әрбірімізге парыз болып
саналады. Біздің қаһармандарымыздың
өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер
ғана емес, сондай-ақ , шет елдегілер де
білетін болады. Ол үшін ұлы тұлғаларды
ұлықтау мәселесіне әрбір қазақ
шама-шарқынша өз үлесін қосу керек.
Әсіресе, ұстаздар қауымының атқаратын
рөлі ерекше болмақ.
«Өлсе
өлер табиғат, адам өлмес, жаманның емес,
жақсының аты, ақынның хаты өлмес» екенін
әрбір қазақ баласы жете түсінеді.
Президентіміз «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» бағдарламалық мақаласында
«Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы,
Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының
күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен
бабалар үні – бұлар біздің рухани
мәдениетіміздің бір парасы ғана» дейді.
Рас, себебі, рухани мәдениетіміздің
дамуына үлес қосқан қазақта небір есімі
елге әйгілі дара тұлғалар бар. Алайда,
қазақ үшін Абайдың орны бір төбе.
«Абай
сөзі- қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы
– қазақтың ең қасиетті қазынасы»
(Н.Ә.Назарбаев)
Орыстар
үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир,
грузиндер үшін – Руставели қандай
болса, қазақтар үшін Абай да сондай
теңдесі жоқ құбылыс... Ол поэзияның
батыры, құдіретті ақылы, қуатты таланты
(К. Кулиев)
Абайды
таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге
танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай
әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы
тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
Ия, өйткені, Абай ұлы даламыздағы ең ұлы
есімнің бірі. Абай туралы Елбасымыздың
құнды пікірлері өте орынды. Себебі, Абай
- дана, Абай - дара қазаққа! Абайды оқып
таңырқап, оны өмірдің ұстазы деп баға
беруге болады. Сондықтан, қазақ халқының
ұлы ағартушысы Хакім Абайдың мерейтойына
орай барлық мектептерде оның шығармашылығын
дәріптеуге арналған шаралар атқарылуда.
Көзі
тірісінде өлмейтін сөз жазған, еліміздің
ертеңіне алаңдап, жастарға жол сілтеген
ұлы Абайдың шығармашылығына байланысты
біздің Шымкент қаласындағы №90 мектебімізде
де қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ай
сайын «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
атты әдеби, мәдени кештер және әр апта
сайын Абайдың «Қарасөздерін» талдауға
араналған іс-шаралар өткізіледі. Мұнда
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы
тереңірек меңгерту, өмір жолы мен
шығармашылығын кеңінен таныту, Абайдың
даралығын, рухани асыл мұраларын
насихаттау, құрмет ету мақсаты көзделеді
және Бала Абайдың Дана Абайға айналуы
себептері түсіндіріледі . Ұлт мүддесіне
қызмет еткен қазақ зиялыларының тарих
пен әдебиет кеңістігіндегі заңды
орындарын бүгінгі ұрпақ білуі тиіс.
Елбасының аталмыш мақаласындағы
міндеттер мен жоспарларды бірте-бірте
орындау үшін ұлы тұлғалардың туындыларын
үлгі етіп, оқушы жастарға үйрете білсек,
ұлттық құндылықтарымыздың құнары артып,
қатары көбейері анық. Талапқа сәйкес
ұлы тұлғалардың ел санасындағы бейнелерін
мәңгілік қалдыру үшін осындай шаралар
өткізу бүгінгі күнде өзекті мәселе
болып табылады.
Көп
адам дүниеге бой алдырған,
Бой
алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді
деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған - деп
төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын
бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен
бірге мәңгі жасап келеді.