жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Абай - дана, Абай - дара қазақта" ҚМЖ 9-сынып
Күні: 14.09.2020 жыл Сыныбы: 9«Ж» Пәні: Абайтану
|
|
Абайтану |
9-сынып |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ақынның өмірі |
|
|
Жалпы мақсаты: |
Ақынның өмірі мен шығармашылығын талдай отырып, автор бейнесін әдеби шығармалары арқылы ашу. |
|
|
Сілтеме: |
Абайтану оқулығы Абай Құнанбаев шығармалары Интернет материалдары |
|
|
Күтілетін нәтижесі: |
Топпен жұмыс жасауда пікір алысуға, бір-бірінен үйренуге жетелейді және өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізуге дағдыланып, сындарлы ойлай алады. Өзін және өзгені бағалайды. |
|
|
Түйінді идеялар: |
Оқушының өмірдегі біліміне сүйену, жаңа ақпараттар арқылы жаңаша ойлау дағдыларын дамыту. |
|
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Слайд, бейнеролик |
|
|
Оқыту әдістері: |
Оқыту мен оқудағы әдістер «Кластер» әдісі «5 жолды өлең» әдісі |
1.Диалог 2.Жұптық жұмыс 3.Топтық жұмыс 4.Жеке жұмыс |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс- әрекеті
|
Уақыты |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
Ресурстар |
||
|
2 минут |
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу), топқа бөлу; |
Абай атамыздың 175 жылдығына орай оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында «Шашыраған жыр шумақ» арқылы топқа бөлу 1-топ: «Қыс» 2-топ: «Күз» |
Жыр шумақтары жазылған парақшалар |
||
|
3 минут |
Сергіту |
«Желсіз түнде жарық ай» әнінің сазымен сергіту сәтін орындайды. |
Компьютер |
||
|
Мағынаны тану кезеңі |
|||||
|
8 мин |
1. Тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсету арқылы сабақтың тақырыбын хабарлау. 2.Ақын өміріне байланысты слайдтағы мәліметтермен таныстыру Саралау тапсырмасы: Құлақтан кіріп бойды алар Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй. (Ақынның музыканы бағаланын осы өлең арқылы көруге болады) Әсемпаз болма әрнеге Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та, бар қалан. (Бұл өлең арқылы ақынның жас ұрпақты өнер, білімге шақырғандығын байқаймыз) Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма. (Қазақ қоғамындағы надандықпен күрескенін білдіреді) Болыс болдым мінеки Болыс болдым мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап. (Ақынның халқына еңбегі сіңген болыс болғандығын осы шығармасы арқылы аңғаруға болады) Ақын шығармаларын талдау арқылы оқушылар ақынның бейнесін, кім болғанын білетін болады. «Сен білесің бе?» ойыны Тақырыпқа байланысты топ бойынша сұрақтар 1.Абай дүниеге келген жайлау? (Қасқабұлақ) 2.Абайдың «Үміт еткен көзімнің нұры балам» деп өлеңге қосқан перзенттері? (Әбдірахман, Мағауия) 3.Абайдың болыс әкесі? (Құнанбай) 4.Абайдың ақын болып қалыптасуына кішкентайынан әсер еткен тұлға? (Әжесі Зере) 5.Абайдың кеңінен тараған әні? (Көзімнің қарасы) 6.Абай ел ісіне қанша жасынан бастап араласқан? (13 жасынан) |
Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты бейнебаян және слайдпен танысады Сабақтың мақсатына жету үшін оқушылар ақын шығармаларын талдайды |
Интерактивті тақта Балалар топпен жұмыс жасайды |
||
|
8 минут 5 минут |
«Кластер» әдісі арқылы Абай Құнанбаев өміріне қатысты бұрыннан білетін ақпараттарды жинақтайды. Жүзеге асыру қадамдары: 1. Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығына қатысты тақтада кластер жасау. 2. Әр жазуды топта талқыға салуға, топ атынан сөйлеуді ұсынады. «5 жолды өлең» стратегиясы арқылы оқушылардың білімін бекіту Абай кім? Абай қандай? Абай не істеді? Қарасөздерді қашан жазды? Қарасөздерді не мақсатпен жазды? |
Абай Құнанбаев
|
Power point таныстыры лымы Интерактвті тақта Топпен жұмыс |
||
|
7 минут |
«Абай» фильмінен үзінді көрсету. Ән:«Құйқылжыр көңіл құсы шартарапқа» Сабақты қорытындылау . |
Оқушылар «Абай» фильміне назар аударады. |
Интерактивті тақта |
||
|
3 минут |
Бағалау |
Формативті бағалау |
Бағалау парағы |
||
|
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут |
«Білім қоржыны» кері байланыс
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады. |
|
||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген