Материалдар / Абай әлемі

Абай әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай әлеміне саяхат.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2020
290
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай әлемі

Абай Құнанбайұлы– қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылы

Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ, 
Бес дұшпаның білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым ойлап қой, 
Бес асыл іс көнсеңіз
. 


Абайдың бұл сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор. Абай еңбегінің ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы толығымен құнды. Абай өз өлеңдерінде ғалым болу мен адам болуды бір –бірімен ұштастырып тұрады, бұл екеуінің түпкі тамыры бір. Ғалым болудың басты шарты – не нәрсе болсын таразысына салып өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау. Абайдың идеясы тек өлеңдерінде ғана емес қара сөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан.  Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құралған. Ақын шығармаларындағы терең философияны мұғалім өзі түсінгенде ғана баламен білімдік және тәрбиелік істері жүзеге асады.Мысалы, өзін -өзі тану сабақтарында Абайдың қара сөздері, өлеңдері жиі қолданылады. Өзін өзі тану оқулығындағы 17 қара сөзінде ақыл ,қайрат, ғылымның таласы және оның барлығы жүреккке басшылыққа туралы айтылады. Осы қара сөзінде оқушылар жүректің тазалығы, жүректің алдамайтындығын түсінеді. Осыдан, не істесекте шын жүрекпен істеу керек деген ой қалыптасады.Тағы мысалы ретінде Абайдың «Ойға түстім, ойландым. Өз мінімді қолға алдым» деген өлеңінен оқушылар өз бойларындағы қасиеттеріне назар аударып, қайсы дұрыс, қайсы бұрыс екенін айыруға үйреніп,ұнамсыз қасиетті жоғалтуға, ал жақсы қасиеттерін дамытуға тырысады.

«Жетінші», «Отыз бірінші сөзінде» Абай оқу, өнер –білім мәселесі ой қозғайды.  «Жетінші сөзінде»: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмас, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жылтыр –жылтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай –керней болса,даусына ұмтылып, онан ержетіңкіреген ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», « бұл немен?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Абай айтып отырған «жан құмары» және «тән құмары» сөздеріне тереңірек үңілейік. Жан құмары – рухани қажеттілікті білдірсе, тән құмары – табиғи қажеттілік, тән құмарыхайуанда да болады. Ал адамды етіп қалыптастыратын жан құмарлығы.

Яғни, Абай адам қуаты мен ақыл, ғылым, білім жинауына деген қөзқарасын ұғынды. Ол – адам өмірінің мәні – ғылым мен білімге жету. Данышпан ақын дүние құбылыстарының ұғыну мәселесінде ғылымның үлкен мән бере отырып, ғылым- адамның танымдық қызметінің ерекше түрі, яғни қоғам өміріндегі рөл. 32- қара сөзінде ғылымды үйретудің алты түрлі шартын түсіндіреді. Ғылымды үйренбекке талап қылушылар, ең әуелі, ғылымды шын көңілімен сүюі керек. Оның көңілінің ғылымға деген бұл мейірімі- шешенің балаға деген мейірімі секілді болсын, - дейді Абай. Адам өмірін түзеу үшін барлық адамдар тату, тыныш өмір сүруі тиіс. Олардың еңбегі арлы, адал болуы қажет. Мұнымен қоса, ақжүректілік, ақылдылық қажет. Сонда ғана адамдардың алаңсыз өмір сүруіне мүмкіндік тумақ. Әрине адам ұдайы оқып, ізденуі тиіс. Ғылымсыз, білімсіз ешнәрсеге де қол жетпейді, онсыз мәдениетті адам боламын деу құрәурешілік. Ал, ғылымның, білімнің арасында табылмайтын байлық жоқ. Сол байлықты барша

адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек. 
Ұлы ойшыл өзінің шығармаларында адамгершілік, имандылық тәрбиесіне, оқу –білімге, әлемдік өркениетке жетуге көп көңіл бөлген. Ол жастарға арналған сөзінде жаман қылықтардан аулақ болуға,салмақтылыққа, сабырлыққа, жас кезден бастап иманжүзді болуға шақырады. Олар жалқаулардан арылып, білімге ұмтылса дейді. Ғұлама өз заманындағы жастарға сенбесе де, болашақ жастарға сенім білдіреді. 
Қорыта айтқанда, Абай атамыздың ұстанған мұраты – адамшылықты бұзбау, адамгершілік ізгілік қасиеттерді жоғару көтеру, адам деген ардақты атқа сай болу, яғни қазіргі ұздаздар да осыны жас ұрпақ бойынан көруге қызмет етеді. 

Филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы өз сөзінде: "Бүгінгі дүниетаным тұрғысынан алып қарағанда, Абайдың әдеби мұрасы мен ақын дүниетанымын танып білу жолында жүргізілетін жаңа ғылыми зерттеу жұмыстары қандай бағыт бағдарда болатындығын айқындауға аса басым түрде мән беретін уақыт келіп жетті. Абайды зерттеп, тану саласында 125 жылдық мерзімде жазылған өткендегі ғылыми творчестволық зерттеулерге де осы жаңа дүниетаным тұрғысынан қарап, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізге де сын көзімен қарап, бағаламақпыз. Бұл өте орасан жауапты жұмыс болса да, қолға алатын тікелей парызымыз екенін естен шығармауымыз керек.

Елордамызда ашылатын абайтану ғылыми зерттеу институты барлық абайтану орталықтарын біріктіруші үлкен күшке айналады деп сенемін. Бұл үкілі үміт жүзеге асуы үшін республикадағы абайтанушы ғалымдардың басын қосып, ғылыми теориялық семинар ұйымдастырып, пікірлер ағысын айқындап, жаңа ғылыми танымға негізделген ортақ бағыт бағдарымызды нақтылы түрде айқындап, бекітіп алуымыз қажет. Осы тұрғыдан келіп абайтанудың болашақта алға қойылар міндеттері туралы өз пікірімізді ортаға тастап және басқалар тарапынан қосымша толтырулар болар деген үміттемін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ