Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген
«Абай әлемі» атты қорытынды кештің тұсаукесер бөлімі
Өткізілген жері: «Алмалы ОЖББ мектебі» КММ
Қатысушылар: 9-11-сынып оқушылары, ұстаздар, кітапханашылар
Мақсаты: Жас ұрпаққа Абай мұрасын дәріптеу, ұлы ақын шығармаларын насихаттау, ойшылдың философиялық толғамдарына назар аударту.
Кеш барысы:
(Сахнаға Абай бейнесінде киінген оқушы шығады. Фонда баяу күй ойнап тұрады)
Абай: - Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі – қан, бірі – май боп, енді екі ұртың...
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!..
(Сахнаға 1-оқушы шығады)
1-оқушы: - Иә, заманында мыңға сөзін түсіндіре алмай, қалың елі – қазағын өнер мен білімнің шыңына шығарсам деген арманы адыра қалып, құсамен күн кешкен алып Абай осы. Таныс та бейтаныс тұлға. Таныс дейтінім, ұлы ақынның осыдан 175 жыл бұрын, 1845 жылы Семей өңіріндегі Шыңғыстау баурайында Құнанбайдың отбасында дүниеге келгенін күллі қазақ біледі. Азан шақырып қойған шын есімі Ибраһим екендігін де білеміз. Алдымен молдадан, соңынан Семейдегі Ахмет-Риза медресесінен білім алғанынан да хабардармыз. Медресені бітірер тұста үш ай Приход мектебінен орысша білім алғанын да зерттеушілер жазған. Міне, «Адамзаттың Алыбы» атанған Абайдың бар оқыған-тоқыған оқуы осы ғана. Сонда Абай бүкіл әлем тамсанған кесекті ойлар мен ойлы өлеңдерді қалай тудырды деген заңды сұрақ туындайтыны даусыз. Енді осыны саралап көрсек...
Абайды Абай қылған, ең әуелі, әке тәрбиесі деп білеміз. Өз заманындағы кемеңгер адамдардың бірі де бірегейі болған Құнанбай қажы сөзі өткір, аузы дуалы, әрі би, әрі қазы, ел басқарған адам болғандығын ел біледі. Қажылық сапарын өтеп, Меккеде қазақ жұртынан қажылыққа барған адамдарға арнап қонақүй салдырған иманды адам болған Құнанбай. Әкесі Абайды әуелі ел басқару ісіне жұмсап, елді тану, елдің жағдайын жасау сияқты істерге баулыған. Бұл оның баласы елдің алдында жүретін айтулы азамат болсын деген тілегінен туса керек.
Абай тағдырына бөлекше әсер еткен екінші адам – әжесі Зере. Ескіден қалған сөздерді, ауыз әдебиетінің небір үлгілерін немересіне ұқтырып, жастайынан сөз өнеріне баулыған. Абай әжесінің түпсіз терең әңгімелеріне құлақ түре отырып, өзі де өлең шығармаққа талпынған. Ибраһим атының ұмытылып, Абай атанатын тұсы да осы кез.
Абайдың есті адам болып қалыптасуына анасы Ұлжанның да септігі аз тимеген. Қонаққа құрмет, үлкенге ізет көрсету, өнер адамдарын бағалау сияқты асыл қасиеттерді Абай анасынан алған.
Ұрпаққа мол мұрасын табыстап, адами қалпынан айнымаған абыз ақын 1904 жылы небары 59 жасында өмірден өтті. Абайдың қалдырған мол мұрасы біздер үшін, ұрпақ үшін баға жетпес қазына.
Абай: - Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін...
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы...
(Сахнаға 2-оқушы шығады)
2-оқушы: - Абай шығармашылығын үлкен 3 салаға бөлсек, осынымызды дұрыс деп білемін. Өйткені, дариядай мол мұраны қамтып шығу біз үшін қиынның қиыны болмақ.
Әуелі, Абайды ақын деп танимыз. Шығыс шайырларына еліктеп, алғаш жазған өлеңдерінде шығыстық сарын анық сезіледі. Бірақ уақыт өте келе, Абай өз арнасын тауып, қазақ өлеңдеріне жаңаша түр мен сипат алып келді. Қазақ әдебиетінде Абай тудырған реалистік бағыттың тұсауы кесілді. Абайдың арқасында қазақ өлеңі жыраулық дәстүрден шығып, әлемдік деңгейге дейін көтерілді.
Абай өлеңдері негізінен ағартушылық бағытта шығарылған. Оның «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», т.б. өлеңдері білім мен өнердің адамзат үшін баға жетпес байлық екендігін түсіндіруге құрылған. Ақын білімді жас кезде алу керек екендігін баса айтып өтеді. Абайдың:
-Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - аһ ұрып өкінуі де осыны аңғарса керек.
Абай қалам тербеген тағы бір сала – табиғат лирикасы. Оның «Жаз», «Қыс», «Жазғытұры», «Күз» өлеңдері осы тақырыпқа арналған. Ақын табиғатты тірі нәрсе түрінде суреттеуі – бұрын қазақ әдебиетінде кездеспеген нәрсе. «Ақ киімді, денелі, соқыр, мылқау, ақ сақалды, басқан жері сықырлап» келе жатқан Қыс көз алдымызға қатал да қатымыр шалды елестетеді. «Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңінде тек табиғат қана емес, сол кезеңдегі қазақ тұрмысынан да хабар береді. Малдың жайын барлап, көшпелі дала заңымен жүретін қазақ ауылының қалпы, байдың тұрмысы, оған жалданған кедейдің аянышты халі шебер суреттеледі. Абай бұл өлеңді ағасы Тәкежанның ауылында жазған деген дерек келтіреді зерттеушілер. Бауырлардың арасына осы өлең сызат та салған деседі. Реалистік бағыт дегеніміз осы болса керек.
Абайдың көп қозғаған тақырыбы – елдің жайы, қазақ қалпы, халық қамы.
-Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!... – деп тебіренген ақын қараңғы, надан жұртын оқу-білімге үндеп, дамудың жаңа шыңына шығаруды көздейді. Алайда ақын өмір сүрген қоғамда сөздің қадірін түсінетін, болашақты болжайтын, білім мен ғылымның мәнін түсінетін жандар аз болғанға ұқсайды.
Абай поэзиясының елеулі бөлігін аудармалары құрайды. Еуропа мен орыс ақындарының өлеңдерін қазақы қалыпқа келтіріп, төл шығармасындай етіп аудару да аз шеберлік емес. Және Абай аудармасы өлең табиғатына ешқандай өзгеріс келмейтіндей етіп аударған. Мысалы, Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін М.Ю.Лермонтовтан аударған. Өлең мазмұнына келсек, Гетеге Лермонтовтан гөрі Абайдың аудармасы өте мағыналас, жақын шығыпты. Бүгінде аталған өлеңнің Абай жазған қазақша аудармасы Гете мұражайында жазулы тұр дейді. Қазақ тілінде. Бұл – біз үшін өте үлкен мақтаныш. Абайдың И.А.Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы таза қазақи қалыппен аударылған. Шегіртке мен құмырсқа қазақы қоғамға лайық дәл бейнеленген персонаждар болып кеткен. Пушкиннен аударған «Евгений Онегин» поэмасы да қазақ салтына сай аударылған. Тіпті Татьянаның сөзі «Татьянаның қырдағы әні» деген атпен ән болып тарап кеткен.
Ән демекші, Абай тудырған туындылардың ішінде әндерінің алар орны ерекше. Абай әндері кең тынысты, әуезді, лирикаға толы келеді. Оның «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай» әндері табиғатпен етене жаратылған жанның сезім қылын шертсе, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндері ғашық жүректің ынтызар лүпілін анық аңғартады. Бүгінде Абай әндері қазақтың сахара даласын тербеп жүр десек, қателесе қоймаспыз.
Қалай дегенде де,Абайдың рухани мұрасын бір ғана сөзбен түйіндей салу – қиын шаруа.Өйткені, Абай – қарапайым қалыпқа сия қоймайтын алып тұлға. Мұқағалиша айтсақ, «Абай – Гималай!».
Абай: - ...Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байландым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
(Сахнаға 3-оқушы шығады)
3-оқушы: - Абай шығармашылығының философиялық иірімдерін дәл танытатын шығармалары – қара сөздері. Қара сөздерін Абай өзі «Ғақлия» деп атаған. Бізге белгілі қара сөздерінің саны – 45 қара сөз. Өмірінің он жылын осы қара сөздерін жазуға арнаған Абай өмірден көргені мен түйгенін қағазға түсіре отырып, қазақ әдебиетіндегі публицистика жанрын қалыптастырды.
Абай қара сөздерінің тақырыбы сан алуан. Онда ғылым-білім, ар-ұят, адамшылық, адамгершілік, ақыл, қайрат, т.б. қасиеттер сөз болады. «Адамшылықтың белгісі – есті сөзге құлақ салмағында»,- деп, хакім Абай өзі айтпақшы, ойшылдың ғақлияларын құлаққа сіңіріп, санаға орнықтыру – біздің халыққа керек-ақ. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында да осы жайында егжей-тегжейлі сөз болады. Абайдың өсиет-өнегесін, ақыл-насихатын қаперге алып, рухани тұрғыдан Ұстаз тұту – ғұламаға көрсетілген құрметтің ең ізгісі осы болар еді деп ойлаймын.
Абай: - ...Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!..
(Сахнаға 4-оқушы шығады)
4-оқушы: - Абай – сөз жоқ, қазақ әдебиетінің асқар белі, заңғар шыңы. Ол – қазақтың мың жылда бір туар адал перзенті, ғұлама ойшылы, ақылгөй ақыны. Тау алыстаған сайын биіктей түседі демекші, Абай да тарих түкпіріне қарай жол тартқан сайын, биіктей береді, биіктей береді...
Біз, өскелең ұрпақ, алып абызды ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҰСТАЗЫ, ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ, ЖАЗБА ӘДЕБИЕТТІҢ АТАСЫ, АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ деп білеміз. Абыз ақынның әр өлеңі, әр сөзі халықпен бірге жасап, әр қазақтың жүрегіне жол тауып, болашаққа жол тарта беретініне сенеміз.
«Алмалы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі
«Бекітемін»
МДОІЖО:
Р.Р.Айтмагамбетова
Тұсаукесер:
«АБАЙ ӘЛЕМІ»
(Абайдың 175 жылдығына орай өткізілген шара)
Жауаптылар: Бадракова Г.О.
Тасжанова А.Ү.
Өтешов Б.Н.
ҚАҢТАР, 2020
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз