400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

«Абай атамыздың мәдени мұрасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Серикканов Ильяс Рустемов


«Абай атамыздың мәдени мұрасы»


Ғылыми жетекшісі: Амирова Кулимхан Байкариевна география пәнінің оқытушысы.


«Электротехника колледжі» КМҚК,

Қазақстан Республикасы, Семей қаласы

eko_semsk@mail.ru


Тәуелсіздік алғаннан бері Қaзaқcтaн тapихи-мәдeни мұрa саласындағы үлкен өзгерістер мен жетістерге ең алдымен, «Мәдeни мұpa» мeмлeкeттiк бaғдapламacының, Қазақстан Республикасындағы Мәдени саясат тұжырымдамасының және қазіргі уақытта «Бoлaшaққа бaғдap: pухани жaңғыpу» бағдарламасының ықпалы зор болды.

«Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру ұлттық сана-сезім мен танымның сұрауына, қалыптасуына және нығаюына жауап болып, елімізде жаңа мәдени-тарихи ландшафтының құрылуына және қазақстандықтардың өз тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығының артуына үлкен ықпал етті.

Тәуелсіздік жылдарында тарихи-мәдени мұра саласындағы ұйымдар желісі едәуір кеңейіп, 165 республикалық деңгейдегі музейлер мен музей-қорықтар құрылды. Айталық, бүгінде еліміз бойынша республикалық деңгейдегі 12 музей-қорық жұмыс істеуде. Олар өз аумақтарындағы мыңдаған тарихи ескерткіштерге қамқорлық жасап отыр.

Осындай мекемелердің бірі-өлкеміздегі Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы. Семей қаласындағы Абай қорық-мұражайдың құрамына қалалық кешен, Абай ауданы Бөрілі ауылындағы М.Әуезовтың мұражай –үйі, Жидебайдағы Абайдың мұражай –үйі, 6400 га қорық аймағына кіретін ескерткіштер мен тарихи орындар,Абай ауданындағы Құндызды ауылындағы Шәкер Әбенұлы мен Ұржар ауданы Мақаншы ауылындағы Әсет Найманбайұлының мұражайлары кіреді. Мұражай 1940 жылы 16 қазанда әдеби мұражай болып ашылды.1990 жылы Абайдың «Жидебай-Бөрілі»мемлекеттік тарихи мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы болып қайта құрылды.

Қалалық кешен құрамына Ленин көшесі, 12 үйде орналасқан көпес Роман Ершовтың үйі, 1995 жылы салынған жаңа ғимарат,1993 жылы кешен аймағына көшірілген Ахмет Ризаның медресе-мешіті, мұражайдың әкімшілік үйі, сонымен бірге Бөгенбай батыр көшесіндегі 132 ші үйде орналасқан «Алаш арыстары» және М.Әуезов мұражайы кіреді.

Мұражай мен оған келушілердің өзара қарым-қатынасының жаңа әдістеріне байланысты «мәдени-білім беру қызметі» термині пайда болды. Мұндағы «білім беру» ұғымы кең ауқымды, адамның интеллектісі мен ой-өрісін дамыту, оның жан дүниесі мен жеке қасиеттерін, қарым-қатынастарын дамыту. Мәдени-білім беру қызметінің теоретикалық дәне әдістемелік негізі мұражай педагогикасын құрайды; ол мұражайға келушілермен бірге жасалатын жұмыстың жаңа әдістері мен бағдарламасын құрайды, мұражайдағы көпшілікпен жасалатын жұмыстар түрлі формаларда жүргізіледі. Абай қорық-мұражайында осындай жұмыс формалары түрлі бағыттарда жүргізіледі. Олар –экскурсия жүргізу, лекция оқу, әдеби-танымдық кештер, сайыстар, танымдық сабақтар өткізу және т.б.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау дегенді ұқтырады. Өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. Ақын және оның ақын шәкірттерінің шығармаларынан оқушылар үлкен үлгі-өнеге алады.Абай ғылым-білімге, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті сақтауды жастарға өсиет етті.

Абай атамыздың әдеби мұрасы өзінің көркемдік құндылығымен заманауи ұлттық өнердің қайнар бұлағына айналып, ел тарихында өшпес із қалдырды. Ұлы ағартушының асыл туындылары қанша уақыт өтсе де өз маңызы мен құндылығын жойған емес. Керісінше, Абай мұрасы – күннен-күнге нәр алып, өз ұрпағының рухани қазынасына айналып отыр. Абай шығармаларында ұлы Далада өмір сүрген қазақ халқының бар болмыс-тіршілігі, ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен жан-дүниесі суреттелген. Абайдың туындыларына зер салсақ, елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі - білім мен ғылымда жатыр.

Кемеңгер Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. Ақын «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын баса айтты. Ағартушы ақынның сол замандағы тұжырымдары қазір де аса өзекті. Себебі, ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты - биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз. Ал, біздің міндетіміз – осы ілгері көштен қалмай, алдыңғы қатардан орын алу.

Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет пен еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат – «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.

«Адамның білімі, өнері – адамшылықтың таразысы» деп санаған Абай білімді барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан жоғары қояды. Ақын адамның ең қымбат кезі – жастық шақты оқуға, ғылымға, жұмсауды еске салады. Ойын-сауықты кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, білімдіден үйрен, үлгі ал, солардай болуға тырыс дей келе:

«Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз…», — деген тұжырым ұсынады.

Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойына адамшылықтың қандай нәрін, нендей ізгілікті қасиеттерді егу, орнықтыру керектігін «Ғылым таппай мақтанба…» өлеңінде:

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз…» — деп, айқындап берді. Осындағы «Адам болу, оған тезірек жетуге, асығуға ұмтылатын бес нәрсе не?» деген сұраққа кемеңгер тұлға:

«Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз…» — деп, кесімді, тұжырымды жауап береді.

Шын мәнінде нағыз адам болу үшін адамгершілікке тән, жағымды жақсы қасиеттер, жақсы сипаттар – адамдық, әділеттік, достық, махаббат, ар-намыс, сабырлық, батырлық т.б. толып жатыр. Солардың ішінен ақын жастардың бойындағы адамгершіліктің негізгі қасиеттері, «Бес асыл іс»: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым туралы даналық ой қозғауының өзіндік мәні бар.

«Бес дұшпан» — Абай айқындап берген адамгершілікке жат этикалық-әдеп нормалары. Абай «Бес асыл» ісінде нағыз адам болу үшін бес нәрсеге асық болу керектігін айтса, «Бес дұшпанында»:

«Адам болам десеңіз,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер, мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз…» - деп адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады. Ақынның түсіндіргеніндей адамгершілікке жат жаман қылықтар – арамдық, әдепсіздік, әділетсіздік, жағымпаздық, жылпостық, менмендік, қулық-сұмдық, пәлеқорлық т.б. толып жатыр.

Абай қазақ халқының дамуы үшін, оның басқа елдер қатарына жетуі үшін бұл әдеттердің бәрі де кедергі болатын қылықтар деп ұғып, бұларға барынша қарсы шықты. Ақын сол кездегі жағымсыз әдеттер – өсек, өтірік, мақтаншақ, бекер мал шашпақ тәрізді елді аздыратын мінез-құлықты әшкерелеп, жұршылықты олардан сақтандырмақ болды.

Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу - әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Ұлтымыздың осы бір жақсы әдет-салты бүгінгі тәрбие үрдісінде тиімді екені даусыз мәселе. Адамзат ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді.

Хакім Абай туындылары бүгінде халқымыз үшін үшін, ұлттық тәлім - тәрбиенің негізгі, жастарымыздың адаспай, білімді һәм білікті, тәрбиелі де тәлімді тұлға болып қалыптасуының алтын темірқазығы рөлін атқаруда десек артық айтқанымыз емес. Осы сөзіміздің айқын дәлелі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді» - деп ерекше атап өткен болатын.

Қазақ қауымының болашағы жастардың бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін қалыптастыру туралы даналық ой қозғайды. Адам болам десең, байлықпен озбай ақыл, әділеттілік, ғылым, ар, жақсы мінезбен оз дейді. Қазақ қоғамында жан-жақты жетілген адамды арман ете отырып, оның мінезді болуына, мінездің әлеуметтік өмірдегі қызметіне айрықша мән береді. Туған халқын барынша сүйгендіктен, оның әлеуметтік өміріндегі кемшілігін мінеп, соны жоюға күш салды. Өз мінін көре алмаған халықтың дамуға ұмтылмайтынын түсінді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.

Рухани жаңғыру, яғни, кез келген қоғамның, ұлт болмысының мәдени дамуы мемлекеттің рухани өміріндегі қоғамдық сана түрлерінің заман талабына сай жетілуі арқылы көрінеді.

Тарихтың тағылымы және бүгінгі уақыттың талабы негізінде қарайтын болсақ, рухани жаңғыру әр ұрпақ буынның тарихи сана негізінде өзіндік санасының қалыптасуы. Ұлттық сананы иеленген (ұлттық санасы бар) және өзі өмір сүріп отырған қоғамның өрісін кеңейте білген ұрпақ болмысын рухани жаңғыру құбылысымен өлшейміз.

Ұлттық сана. Сана дегеніміз адам болмысында мағынасы терең әрі күрделі ұғым. Ғылыми әдебиеттерде адам миының атқаратын ерекше қызметі деп көрсетеді. Классикалық неміс философиясының өкілдері тарихта адамның ішкі рухани әлемінің картинасын жасауға ұмтылған. Бірақ бұл да адам санасының феноменін толығымен ашып бере алған жоқ. Сонау Аристотель заманынан бастап философияның өзі осы иррационалды (адамның тәжірибесіне бағынбайтын, ақыл ойдан тыс өмір сүріп жатқан) құбылыстарды зерттеумен келеді. Қалай десекте адамның тәжірибесіне көне бермейтін сана ұғымы адам болмысының рухани мәнін, әлеуметтік өрісін айқындап отыратын құбылыс, адам бойындағы рухани қасиеттерді біріктіріп отыратын нәрсе болып табылады. Философиялық тұрғыдан айтатын болсақ, сана дегеніміз адам танымының негізі, негізгі көзі, адам болмысының ерекше қасиеті. Сана болмаса адам ештемеге жарамайды.

Адам өмірінің рухани мәні адамгершілікпен келіп, осы қасиет арқылы сақталып отырады. Адамгершіліктің негізінде тәрбие, сезімталдық, зеректік, ақылдылық, жанашырлық жатыр. Бұның барлығы адам санасынан шығып, санаға келіп тіреледі. Адамның мінезі мен ой -өрісінен көрінетін бұл қасиеттерді кісілік сананың белгілері дейміз. Адамның жиған білімі, байлығы халықтың, ұрпақтың игілігіне жарамаса ол ештемеге жарамас еді. Қазақ даналығындағы «адам дүниеге жалаңаш келіп, жалаңаш кетеді» – деген ұғым осыдан шыққан. Абайдың даналық сөзіне тағы да назар аударсақ, сананы күтпесе, сананы тәрбиелеп халықтың санасында сөзі мен ісін қалдырмаса адам дүниеге жылап келіп, өзіне киіп өледі. Егер, сана, өзіндік сана (кісілік), ұлттық сана болмаса адам болмысының тарихи мәні ашылмас еді. Жоғарыда айтып өткеніміздей барлық адами қасиеттер, адам танымында өмір сүретін ақпараттар санамен ғана мәнге айналып отырған. Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынов жазып кеткендей, «Өз еркім өзімде, өз ісім өзіме қожа, өзім себеппін деп жүрген адам тұрмыс ісінің орауынан, шырмауынан әр аса алмайды. Адам қанша дана, білімді болса да, қанша қаһарман қайратты болса да, әлеумет оның мақсатын ұқпайтын болса, қайраткер қамалға жалғыз шапқан батырдай әлек болады».

Дәстүрін, тарихын, мәдениетін білмейтін адамда ұлттық сана қалыптаспайды. Кез келген әлеуметтік мәдени даму өзінің уақыты шеңберінде ұрпақтан ұлттық сананы талап етеді. Мемлекетіміздің тарихынан, өзге елдердің де тарихынан белгілі қоғамның дамуына ықпалын тигізіп отыратын дүниелер ұрпақтың тұлғалық деңгейдегі (ұлттық сана деңгейіндегі) қызметі арқылы қалыптасып жүзеге асып отырған.

Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіштер сақталынған. Бұл тарихи-мәдени мұралар көне тарихтың куәсі, өткенімізден сыр шетіп, бүгінгі күнге дейін сақталынып жетіп отырған ескерткіштерді қорғау мен сақтау, оларды насихаттау әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығы болмақ.

Өткенге құрметпен, болашаққа биік зердемен қарайтын ұрпақ ұлттық бірегейлігі күшті ортадан шығатындығын тарихымыз да, бүгінгі уақыттың шыныдығымен қатар көрініп отырған уақыттың талабы да дәлелдеуде.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. М. Әуезов. Абай Құнанбаев. Алматы: Санат 1995ж.

2.Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы. Алматы, 1995 жыл.

3. Назарбаев Н. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс Егемен Қазақстан, 29 қараша 2003 жыл.

4. Назарбаев Н. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», Егемен Қазақстан, 12 сәуір 2017 жыл.

5.А.Қ Алдабергенова «Абай мұражайы –ұлтымыздың рухани ордасы», Ақпараттық партал,2015 ж.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі