Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Философия және саясаттану
факультеті
“Мәдениеттану” 2 курс студенті Баяхмет
Аружан
Жетекшісі Кудерина Айжан
«Абай атындағы Қазақ ұлттық
опера және балет театрының бәзге берер
сыйы»
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және
балет театры-Қазақстанның маңызды мәдени рәміздерінің бірі. Театр 1934
жылы құрылған және
көрнекті қазақ ақыны, композитор және
қоғам қайраткері Абай
Құнанбаевтың құрметіне аталған. Театр өзінің алғашқы
күндерінен бастап жоғары сапалы опера және
балет қойылымдарын ұсына отырып,
елдің мәдени өмірінің орталығына айналды. Театр тарихы Қазақ опера және
балет мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты. Бұл
дарынды суретшілер мен
композиторлар өздерінің қабілеттерін көрсете
алатын және шығармашылық тұлғалардың жаңа
буынын шабыттандыратын орын
болды. Абай
атындағы Театр Қазақ ұлттық музыкалық дәстүрін сақтауда және
насихаттауда да
маңызды рөл
атқарды.
Абай атындағы театрдың шығармашылық мұрасы қазақ мәдениетін, тарихын және
Ұлттық тақырыптарын бейнелейтін көптеген опера және
балет қойылымдарын қамтиды. Театр халықаралық әртістер мен
труппалармен белсенді жұмыс
істейді, бұл тәжірибе алмасуға және
әлемдік опера және
балет сахнасының дамуына ықпал етеді.
Биыл Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет
театрына 90 жыл толып отыр. Бұл – жоғары кәсіби шығармашылық
ұжымдар мен солистер, түрлі дәуірдегі ұлттық және әлемдік опера
және балет классиктерінің театр репертуарының алуан түрлілігін
ұсынған еліміздегі алғашқы опера және балет театры. Театр ұжымы
классика өнерін сүйетін көрермен назарына әлемдік сахналардың ең
ғажайып қойылымдарын, шоқтығы биік туындылар мен әсем әуезді
симфониялық кештерді ұсынады. Джузеппе Верди - "Бал-Маскарад",
Джузеппе Верди - "Травиата", Джакомо Пуччини "Богема", Григорий
Фрид «Дневник Анны Франк», Джоакинно Россини " Золушка", Жорж Бизе
"Искатели жемчуга", Гаэтано Доницетти "Лючия ди Ламмермур",
Вольфганг Амадей Моцарт "Похищение из сераля", Дж. Пуччини "Мадам
Баттерфляй", П.И. Чайковский "Пиковая дама"опералары, ал отандық
туындыларға келетін болсақ Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди "Абай"
Либреттосы Мұхтар Әуезов, Е. Рахмадиев "Абылай хан", М.Төлебаев
"Біржан-Сара", Либреттосы С. Жиенбаевтікі М.Әуезовтың осы аттас
драмасы негізінде "Еңлік-Кебек", Сыдық Мұхамеджанов "Жұмбақ қыз",
Е. Брусиловский "Қыз - Жібек" және т.б. Театрдың балет
қойылымдарына келсек Адольф Адан "Жизель", Петр Ильич Чайковский
"Лебединое Озеро", А. Хачатурян "Спартак", П.И.Чайковский
"Щелкунчик", Либретто А. Бенуа "Шехерезада", Тимур Мынбаева
"Фрески", Х.Левенсхольд "Сильфида", С. Прокофьев "Ромое и
Джульетта", А.Меликов "Легенда о любви", Людвиг Минкус "Дон Кихот",
Меирбеков Алмабек "Алдар Көсе" және тб көптеген қойылымдар
қойылуда.
Оқу өндірістік практиканың
аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
мәдениеттану мамандығының 2 курс студенттері Абай атындағы Қазақ
ұлттық опера және балет театрында өткен болатынбыз. Әдетте театрға,
қойылымдарға барған күндері қарапайым көремен болып барумен және
практикант болып барудың айырмашылығы өте үлкен екен. Көрермен
қойылымның басталуына кемінде 10 минут бұрын орындарына жайғасып
отырса, практика кезінде қойымға бірнеше сағат бұрын барамыз.
Актерлердің, дирижерлердің, режиссердің дайындығын, сахна сыртында
актерлердің Гримёркасын, арнайы
тігілген сахналық киімдерін реттеу, оларды кигізуге
көмектесу,
қойылым
алдында арнайы жаттығу жасауларын сырттан көру ерекше сезім
қалдырады. Көрерменнің сезетін күйін ғана емес сондай үлкен топтың
арасында қызмет етіп, топпен бір толқында болу ол өте ерекше.
Маусым айының 6 жұлдызында Х. Левенсхолльдтің «Сельфида» екі актілі
романтикалық балеттің премьерасы өткен болатын. Көптеген БАҚ
өкілдері мен журналистер, арнайы шақыртылған кұрметті қонақтар
келіп, театрымыздың кезекті керемет туындысын тамашаладық.
Осылайша
Абай атындағы Қазақ ұлттық
опера және балет театрынының 90-шы маусымын жаптық. Театр маусымы
жабылсада біз архивтегі құжаттармен жұмыс істедік. Куляш
Байсеитова, Курманбек Жандарбеков, Байгали Досымжанов, Каукен
Кенжетаев, Гарифулла Курмангалиев, Канабек Байсеитов, Туткибаева
Гульжан, Куралай Саркытбаева, Букенов Болат, Нурлан Жарасов, Алма
Аскарбекова, Шолпан Токсанова, Тохта Адетбекова, Мурат Тукеев,
Шолпан Токсанова, Гульфайрус Исмаилова, Газиза Жубанова, Тургут
Османов, Роза Жаманова, Байгали Досымжанов, Сара Кушербаева және
тб. Театрдың ғана емес еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері жайлы
ақпарат іздеп, архиті реттеумен айналысқан болатынбых. Театрдың
екінші қабатында портреттер мен экспонаттар қойылған мұражай бар.
Солармен танысып, оларды жинап архивтілеумен айналыстық. Театр,
қойылымдар, балет, операны сахнаның сыртында көру, әртістермен
коммуникация жасау, оларға көмектесу арқылы көптеген тәжірибе
алдық. Мәдениеттану мамандығымсыздың осындай көпшілікке туа
бермейтін мүмкіндіктерді бізге еселеп беру үлкен
ғанибет.