Материалдар / "Абай дана, Абай дара қазақта!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Абай дана, Абай дара қазақта!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев туралы оқушыларға арналған. қазақтың бас ақыны туралы түсінік алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
259
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абай - дана, Абай - дара»


Қазақ десе , еске түсер Абай ата,

Жас ұрпағым ешқашанда қамықпа.

Абай - дана, Абай - дара қазақта

Ие болған ұлы деген атаққа



Абай Құнанбайұлы ол қазақтың бас ақыны, данышпаны, қайталанбас қазақтың дара да дана тұлғасы. Абайға дейін еш ақын Абай сияқты көлемді өлеңдер жазбаған . Абай ол тек қазақ еліне ғана емес, сонымен қоса барлық елге танымал тұлға. Абайдың артына қалдырған асыл мұралары жетерлік. Біз бейбіт күннің асыл да, білімді жас кеудесінде жалынды оты бар азаматтары Абайдай ақынның өз артынан қалдырған мұралары біздің күнімізге жеткеніне аса қуаныштымыз. Қазақ атамыз Адамның аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді, - деп бекер айтпаса керек. Абай атамыздың өзі бұл өмірде тірі болмаса да,артынан жазып кеткен сан алуан өлеңдерімен есімі мәңгі бақи жүрегімізде сақталатындығы сөзсіз. Абай Құнанбайұлы тек қана өлең ғана емес, сонымен қоса қара сөздің хас шебері. Абай қара сөздері мен өлеңдерінің бұл өмірде алатын орны мен беретін тәлім-тәрбиесімен, үлгі-өнегесінің алатын орны ерекше. Абай қалдырған еңбектерді мен мөлдір де сарқылмас қайнар бұлаққа теңер едім. Менің бұл теңеуімнің себебі біз XXI-ғасыр жастары сол қайнар, мөлдір таза бұлақтан нәр алу арқылы, бойымызға қуат аламыз. Абай өлеңдері толық сипаттап айтатын болсақ бір емес бірнеше тақырыпта жазылған, кең көлемді, мағынасы терең. Абай өлеңдерінен сонымен қатар эстетикалық талғамды да байқауға болады. Мысалы: Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдеріне тоқталайық ол өзінің осы «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұры» өлеңдерінде табиғат әсемдігін аса бір әсемділікпен көркемдік нақышпен сипаттап жазғандығын байқасақ болады. «Қыс» өлеңі қандай тамаша өлеңдердің бірі Абай атамыз қысты ақ киімді, денелі, ақсақалға теңейді. Сонымен қатар эстетиканы біз тек жоғарыда айтылған табиғат лирикасынан ғана емес, басқа да өлеңдерінен таба аламыз. Мысалы: «Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңінде» Абай атамыз қар аппақ , бүркіт қара , түлкі қызыл ұқсайды хасса сұлу шомылғанға деп сұлу қыздың бейнесін өлең шумақтары арқылы тамаша көрнекілікпен жеткізеді. Биыл Абай атамыздың туғанына 175- жыл болды. Қазіргі кезде Абай атамыздың құрметіне орай бірнеше өлең, қара сөз оқудан сан түрлі сайыстар, шығарма жазудан әртүрлі жарыстар, мерекелік іс-шаралар өткізілген болатын және мен бұған аса қуаныштымын. Бұл сайыстардың басты жүргізілу мақсаттарына жалпы тоқталып айтып кететін болсақ бұл түрлі сайыстар мен жарыстар, мерекелік іс- шаралар арқылы біз Абай атамызды және ол кісінің өлеңдерін, қара сөздерін артынан қалған асыл мұраларды саналы жас ұрпаққа тек таныстырып қана қоймай сонымен қатар осы жас ұрпақты Абай атамыздың жолын қууға Абай атамыз секілді дана, ойшыл болуға шақырып, өлеңдерінің мән-мағынасының тәрбиелік мәнін түсінуге, оларды түсініп, көңілге бекітіп, ақыл ой ел елегінен өткізуге және де Абай атамыз қалдарып кеткен мұраларды бойымызға сіңіріп ертеңгі келер жас ұрпаққа жеткізу басты мақсатымыз. Абай атамыз «Ғылым таппай мақтан ба», «Жастықтың оты жалындап», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Жүректе қайрат болмаса», «Малға достың мұңы жоқ», «Әсемпаз болма әрнеге» деген жастарға арналған өлеңдерінде жастарды құмар ойнап, өмірді босқа өткізгенше пайдалыға жеткіз дейді. Сонымен қатар жамандықпен адамға жат жаман қасиеттерден аулақ болып жақсыны үйренуге жақсылықты жасай білуге шақырады. Абай атамыз үшін барлығының шешімі қайрат пен ақыл болып табылады. Ақылды адамның қолынан барлығы келеді. Ал қайсарлық ақылды адамның ештеңеден қорықпайтын батыл да қайсар болуға жетелейді дегім келеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!