Материалдар / Абай-дана, Абай-дара қазақта
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Абай-дана, Абай-дара қазақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2020
317
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Айдархан жалпы орта білім беретін мектебі















Тәрбие сағаты



Тақырыбы:

«Абай-дана, Абай-дара қазақта»







Сыныбы: 7

Сынып жетекшісі: Малкесова А.С









Жаңажол ауылы

2020-2021 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Абай-дана, Абай-дара қазақта!»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Абай шығармашылығын сүйіп оқуға шақыру. Абай өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлықтарын арттыру.
Тәрбие сағатының міндеттері:

Білімділік: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау.

Дамытушылық: тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау және тереңдету. Оқушының дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушыларды жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың портреті, конверттер, ребус.

Тәрбие сағатының түрі: Танымдық сағат.

Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, «Конверт» әдісі, «Саяхат», «Иә, жоқ ойыны»

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ /40 минут/

І. Кіріспе бөлім /3 минут/

Ұйымдастыру кезеңі 3 минут

ІІ. Негізгі бөлім /35 минут/

1.«Бөрілі» аялдамасы. Абай өмірі. 10 минут

2. «Қасқабұлақ» аялдамасы. Абай шығармашылығы. 10 минут

3. «Абай ауылы» аялдамасы. Абай әндері. 10 минут

4. «Иә, жоқ» ойыны 5 минут

ІІІ. Қорытынды /2 минут/

ӨТІЛУ БАРЫСЫ

Ұйымдастыру ( 3 минут)

Амандасу: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық!

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік бәріне,
Құрметпенен біз!

Мен сіздердің жаңадан келген сынып жетекшілеріңіз боламын.

Халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе, Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала береді. Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатында ұлы ақын атамыз  – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз. Сендермен бірге Абай еліне саяхатқа шығайын! Бірінші аялдамамыз-Бөрілі.Аялдама сендерге тапсырма дайындапты. Ол тапсырма Абай өміріне байланысты сұрақтар екен.

  1. Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді? (1845 жылы)

  2. Абай Құнанбайұлының шын есімі. (Ибраһим)

  3. Абай Құнанбайұлы қай жерде дүниеге келді? (Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ)

  4. Биылғы жылы Абай Құнанбайұлының неше жылдығы тойланады? (175 жылдығы)

  5. Абай Құнанбайұлы қашан дүние салды? (1904 жылы)

  6. Абай Құнанбайұлының қанша қара сөзі бар? (45 қара сөзі бар, 46-аяқталмаған)

  7. Абай Құнанбайұлын әлемге танытқан жазушы? (Мұхтар Омарханұлы Әуезов)

-Абай- ұлы ақын, ойшыл, замана суреткері, аудармашы. сазгер, композитор. Абай Құнанбайұлы 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түскен.14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізген. Ел-жұрт Абайды би етіп сайлады. 20 жасында Абай от тілді шешен болған. Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер, білім алуға шақырады.Адал еңбек етуге,халқына пайда келтіруге үндейді.

Абай Құнанбайұлының өмірі туралы бейнеролик.

Жақсы балалар, онда келесі аялдамамызға да жеттік. «Қасқабұлақ» аялдамасына қош келдіңдер! Бұл аялдама сендердің Абай өлеңдерін қаншалықты білетіндеріңді көрсетеді. Онда балалар Абай өлеңдерімен танысайық! (5 оқушы Абай өлеңдерін оқиды)

1-оқушы.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ —

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой —

Бес асыл іс, көнсеңіз.

2-оқушы.

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

3-оқушы.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де — бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!

4-оқушы.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

5-оқушы.

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

-Жақсы балалар, дәл осы қалыппен ары қарай Абайды оқиық. Себебі, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы.»,- деген екен Абай атамыз. «Қасқабұлақ» аялдамасында кішкене сергіп алайық, бұл аялдамада сендерге түрлі заттар алуға болады. Онда бірінші барлығымыз тарақ сатып алайық. Барлығымыз сол тарақпен шашымызды тарайық. Күн бүгін ерекше шыжып тұрған сияқты, барлығымыз желдеткіш сатып алып, кішкене салқындайықшы. Онда шашымызды тарап, желпісікте жүруді жалғастырайық. Жақсы, балалар! Келесі аялдамамызға барайық!

Аялдама «Абай ауылы» деп аталады.Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық салада да айтарлықтай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жағынан оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықта музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Онда балалар Абайдың қандай әндерін білесіңдер?

- «Айттым сәлем ,Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», әндері бар. Домбыра тартқан, 3 – 4 күйі бар. «Май түні», «Абай желдірмесі». Онда балалар, Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» әнін барлығымыз бірге тыңдайық.(Желсіз түнде жарық-ай әні тыңдалып, талданады)

-Өте жақсы, балалар. «Иә, жоқ» ойынын ойнайық. Сендерге жасыл және қызыл түсті қағаздар таратылды, мен сөйлем оқимын, егер сол сөйлемді дұрыс десеңдер, жасыл түсті, қате десеңдер қызыл түсті көтеріңдер.

1. Абай Құнанбайұлы-аудармашы.(Дұрыс)

2. Абайдың шын аты-Ибрагим.(Дұрыс)

3. Абай Құнанбайұлы- сазгер, композитор.(Дұрыс)

4.Абайдың әжесі –Ұлжан.( Қате)

5. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы дүниеге келген.(Дұрыс)

Балалар осы қойылған сұрақтарды картаға түсірейікші. «Абай Құнанбайұлы кім?» деген сұраққа барлығымыз жауап берейік.

.

Қорытынды. Бүгінгі тәрбие сағатында Абай өмірімен, шығармашылығымен таныстық.

Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі бізге рухани азық секілді,
Абайдан биік тұлғаны қайдан табарсың?

Рефлексия. «Конверт» әдісі. (Оқушылар сабақ туралы ойларын, не түсінгендерін хатқа жазып, конвертке салады)

Мұхтар Әуезов – «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр»,-дей келе тәрбие сағатымызды аяқтайық.













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!