жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Абай-дана,Абай-дара Қазақта!"
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.А.Қонаев атындағы университетінің Талғар қаласындағы колледжі

Абай –дана, Абай- дара қазақта
Ұйымдастырушы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Саймасаева Дарига Несипбаевна
Өткізілген орыны: Д.А.Қонаев атындағы университетінің Талғар қаласындағы колледжі
Талғар 2020
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту.
Сабақтың
көрнектілігі: Абай портреті, кітаптар,
шығармалары, қанатты сөздер,
слайд.
Бүгінгі « Абай- дана, Абай- дара қазақта»
атты ашық сабағымыз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына
175 жыл толуына арналады.Абай философ, заңгер, ақын, аудармашы,
сазгер, дара ойшыл, кемеңгер. Абай жазба қазақ әдебиетінің, қазақ
әдеби тілінің негізін салушы, гуманист , қоғам қайраткері, әділ би,
ағартушы-ұстаз. Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М.
Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің
шығармаларын қазақшаға
аударды.
Ал енді ноутбукқа назар аударайық. Абай Құнанбаевтың өмірбаяны туралы видиосюжетті тамашалайық. ( 5 минуттық видео)
ZOOM бағдарламасы арқылы қатысқандар саны: 53


1-студент: Мұхаметрақым Мирас
Абай–Ибраһим.Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысы
2-студент: Тұрсынбеков Еркебұлан
Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған.Шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
3-студент: Касымханова
Анар
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, өз заманында ел басқарған,ал шешесі ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.
4-студент: Базарбек
Смадияр
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды.
5-студент: Дукенбай
Мирас
Осы 4 жылдық медреседегі және 3 айлық орыс мектептеріндегі оқуды аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.
6 студент: Үміт
Рашидқызы
20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренді.
Абай 14 жасынан өлең шығарған.
Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән
бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары
Грось пен Михаэлис болды.
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов,
Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи
отырып, оөық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен.
Бұл да Абайдың даналығы.
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің
темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ
балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта
алады.
7-студент: Мырзахмет Аида
Ұлы ақынның туған жері –
табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің
табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне
әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай
атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
«Қыс» -Мерей , «Жігіт
сөзі» –Жанар, «Жазғытұры» -
Нұрдос, «Жаз» -Алмас, «Нұрлы аспанға тырысып
өскенсің сен» –Назерке, «Күз» -
Нұржан, «Өлең – сөздің патшасы, сөз
сарасы» -
Ардақ, «Ғылым таппай
мақтанба» -Олжас, «Біреуден біреу
артылса» –Ақсезім, «Қажымас дос халықта
жоқ» - Дария, «Жастықтың оты
жалындап» – Әділет
Ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен
күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге
шақырған.
Абай – сазгер.қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан
сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше
бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
• Тәңір қосқан жар едің сен
• Сегіз аяқ
• Көзімнің қарасы
• Қор болды жаным
• Бойы бұлғаң
• Айттым сәлем, Қаламқас
• Біреуден біреу артылса
• Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа
• Сен мені не етесің?
• Ата-анама көз қуаныш
• Сүйсіне алмадым сүймедім
• Желсіз түнде жарық ай
• Көзімнің қарасы
Ендігі кезекті әнге берсек.
«Көзімнің қарасы» әні Дилдабек Нұрлыбектің орындауында қабыл алыңыздар.
Абай-ойшыл дегенде біздің
есімізге оның қара сөздері түседі.
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.
Абайдың 45 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді
тыңдайық
(Нұрлан - 12 қара сөз; Әсет
- 14 қара сөз; Айдын– 24 қара сөз
)
Абай – аудармашы.
- Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан
үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып,
аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да
И.А.Крыловтан аударған.
Абай Құнанбайұлы туралы ұлы ақындардың, жазушылардың ой-пікірлері
қаншама. Соларды қысқаша айтып кетсек.
Мұхтар Әуезов атамыз былай деп
айтып кеткен екен:
-Поэзияда, музыкада, қоғамдық- азаттық ой-пікір саласында
өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен
замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып
көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін
алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Еуропа мәдениетінің игі
әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман
тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қаосылып, жаңғырып,
жаңа өріс алып тұр.
Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен
аяқтағым келеді.
Асыл сөзді
іздесең,
Абайды оқы,
ерінбе.
Адамдықты
көздесең,
Жаттап, тоқы
көңілге.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет
қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма,
ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз
қалдырған...
Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар.Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасына орын алады.Сондықтан да, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген