«Абай-дара тұлға»
«Абай дана , Абай дара қазақта,
Жоқ қой бұндай мына әлемде, ғажапта.»
Абай әлемдік мәдениттің тұлғасы . Ол жалғыз мәденитеттің ғана емес бүкіл қазақ жұртының жүрегі мен иманында сақталған ірі тұлға. Абайды жәй сөзбен сипаттай салу- ол үлкен бір надандықтың белгісі. Себебі, Абай қара қазаққа кезіндегі надан халыққа мәңгі есте қаларлықтай сана сезіміне білім орнатты. Сол замандағы халықтың жалқаулығы мен енжарлығын, санасыз бен сауатсызын , менмендік пен мансапқорлығын , халық арасындағы рухани азғындықты өз шығармаларында сөз етіп, ауыр болса да оларға жеткізуге тырысты, және жеткізді . Абай -Құнанбайдың ұлы. Әкесі секілді ол да бір ауылды билеп - төстеп отыруына болатын еді. Бірақ, Абай халқының қамын жеп, олардың надан болып, нағыз адам ретінде қалыптасып кете алмай қалатындығына қам жеп, өзінің қара да дара сөздерімен халықын білімге , өнегеге жетелеген дана жан.
Абай дана , Абай дара қазақта,
Жоқ қой бұндай мына әлемде, ғажапта.
Асқақтаған даңқы әр кез әлемге,
Кім білмейді ұлы Абайды қазақта?
Осындай өлең шумақтарымен Абайды әр кез насихаттауымыз - бұл қанымызға сіңген даналық . Халқымыздың осындай маңдайына біткен ұлы тұлға перзенті жадымыздан еш ұмытылған емес. Оның бізге мұра болып қалған еңбектері санамыздан өшпес , жүрегімізден сөнбес, біз үшін ешқашан таусылмайтын , бітпес асыл рухани мұра. Абай тек халықтың надандығын емес, сонымен қатар көзі қарақты жастарға салт пен сананы, дін мен дәстүрді, өркениетке жетелеп, қараңғылықтан шығарар білім мен тәрбиені түсіндірген. Жалпы, адамзат ойының асқақ шыңын бағалайтын асқар тұлға Абай тағылымы жылдан жылға, ғасырдан ғасырға көздің жауын алатын асыл жауһардай күн өткен сайын одан әрімен жарқырай түсуде.
Ұлт мақтанышы, кемеңгер ақын Ислам дінінің барша қағидаларын құрметтейтін діни отбасында тәрбиеленгені бесенеден белгілі. Абай кемелдікке жеткен шағында Тәңіріні тануды ең бастысы санап, осы мәселелерді толықтай танып білуге ден қойған болатын. Абайдың білуінше Тәіңрге деген сенім адамның адамдығының күллі махаббат пен әділет сенімінің қайнары. Абайдың иман туралы танымына тоқтала кетейік: Иманның екі түрі болады: біріншісі ақылмен илану, екіншісі біреуге еріп илану. Бұл ақылмен илану- дегеніміз сенушілік яғни, жүрегінде құдайы бар адам. Ал біреуге еріп илану- деп отырғанымыз діншілдік. Жалпы қазіргі заманның көрермендеріне ұғымдырақ болу үшін ақын өзінің 12 және 13 қарасөздерінде атап өткен. Абай дін насихаттаушы емес, Алланы танушы және оның хикметін зерттеуші хакім. Хакім Абай деудің жөні де осы болар. Абайдың діні сыншыл ақылының діні. Абайдың исламның бес парызын орындап , діннің түпкі мағынасын жаңғыртуы осыған дәлел. Жалпы Абайдың діндегі мақсаты адам баласына Жаратушыны таныту және сол арқылы адамзатты бір бүтін, бір бауыр қылу болатын. Абайдың дінді адамгершілік тәрбиеде пайдаланғандығы туралы Мұхтар “ .... Абай ислам дінінің үгіт өсиетін , шартты түрде ғана шамалы, шақты жерге ғана керекке жаратты. Ал оның өзінің шынайы үлкен мүддесі , ислам дінінің шеңберінен әлдеқайда ары асып түсіп, кең жатады” деген еді. Атап айтса айтқандай , Абайдың басты мұраты адамзатты бір бауыр қылу еді. Ол дінге де тек адамгершілік тәрбие ретінде қарап , мақсаты бойынша керегін алды. Кемеңгерге керегі сенушілік болатын. Абайдың діншілдігінен кейін оның сөздерінің тәрбиелік мәні мен тарихи маңыздылығына тоқталайық. Абайдың өлеңдері мен қара сөздері халықты адамгершілікке үндейді , ерекше мәні зор тәрбие береді. Жақыннан жыраққа қарай , оңайдан қиынға қарай , қызықты жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектеп жетелейді. Абайдың қара сөздерінің арасынан көңіліме қонымдысы қайрат , ақыл, жүрек үшеуінің өтімді диалогынан тұратын он жетінші қара сөзі. Ақынның бұл қара сөзі Әуелде бір суық мұз ақыл зерек атты өлеңімен тұспа тұс келеді. Кемеңгер ақын өлеңде айтқанын қара сөзде одан әрімен аша түседі, бұл Абайдың өз идеясына беріктігін және мәселені жүйелі түрде қарастыра отырып, оны оқырманның ой санасына жеткізуді мақсат етіп, мақсатынан ауытқымайтындығын көрсетеді. Қарасөзде қайрат, жүрек, ақыл үшеуі адамзат үшін атқаратын жұмыстарын ортаға салып, әрқайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға көмекке жүгінеді. Ғылым оларға төрелігін айтып, үшеуінде жақсылы- жаманды жақтарын айтып , дәл сипаттап , әділ сынайды. Оларға: “Егер үшеуің араз болсаңдар, мен жүректі жақтаймын”- дейді. Демек хакім Абайда жүректі жақтайды, адамның адамды сүюін , адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Десекте, ғылым бойынша да , Абайша да мінсіз нәрсе - осы үшеуінің бірлігі.
Ұлтымыздың мақтанышы, қайталанбас ірі тұлғамыздың халқына мұра еткен асыл сөздері айтылар ойға сыймас, қыр сыры асып тасқан мол дүние. Абайдың ізгілікке , даналыққа жол бастаған сырсыз дүниелерінің жалғыз қазақ жұртында емес, түпкіл дүние жүзін шарлап, сол жерде қалыптасып, одан әрімен таусылмас қазынадай дамуына елеулі үш мәдениттің ықпалы зор екендігін атап өткен , Абай көрген данышпан ақын - Мұхтар. Ол үш мәдениеттің біріншісі- қазақтың ерте заманнан жиылып келген ұлттық даналығы - халық ауыз әдебиеті, екіншісі – түрік, араб -парсы тілдеріндегі шығыстың рухани құнды қазынасы , ал үшіншісі - Еуропа мәдениеті мен орыстың ұлы мәдениеті. Жоғарыда айтылғандай ұлы перзенттің асыл сөздері, ой шығармалары мен өлең жырлары жалғыз қазақ халқы арасында ғана емес түпкіл дүниеге мәлім. Өзге ұлт өкілдері Абайды тап бір өздерінің перзенттері секілді сүйеді. Оның қайталанбас біртуар тұлға екендігімен қатар оның барлық дерлік қарасөздерін, шығармаларын бес саусақтарындай білмесе де , қадыр тұтып, ардақтайтындарына күмән жоқ. Жалпы Абайдың шығармалары өзге елде өз тілдерінде аударылған. Мәселен, ақынның шығармалары Тоқаевтың бастамасымен әлемнің 10 тіліне аударылды. Аударылған еңбектердің ішіне - 45 қарасөзі , 145 өлеңі , 3 поэмасы кіреді. Шығарма- орыс, ағылшын, неміс, түрік, қытай, испан, француз , итальян және жапон тілдерінде аударылып, жарық көрді. Бұл аударыма бастамалары өте ауқымды аударма жұмыстарының бірі болды. Осындай бастамалардан кейін Абайды асыл да ардақты біртуар ұлы перзент екендігіне тағы да бір мәрте көз жеткіземіз.
Қорытындылай келе, мен үшін жалпы қазақ халқы үшін еңбегі еш өшпейтін, мәңгі адамзаттың жүрегінде төрден орын алатын, жауһардай жарқыраған асыл сөздері мен таным тынысымызға, тәлім тәрбиемізге өз үлесін қосқан, біз үшін дана ақын, дара ақын, елі үшін ұлы перзент ұлы тұлға - Абай мәңгі есімізде қалады!
Жазған: Қонысбай Жадыра. №65 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абай-дара тұлға(мақала)

шағым қалдыра аласыз