"Абай дара,Абай дана қазақта"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Абай дара,Абай дана қазақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың ұлы кемеңгер ақын екенін түсіндіру. Оның өлеңдері, қара сөздері арқылы оқушыларды адамгершілікке, жаман қылықтан бойларын таза ұстауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Абай – дана, Абай – дара қазақта.

Сабақтың мақсаты: Абайдың ұлы кемеңгер ақын екенін түсіндіру. Оның өлеңдері, қара сөздері арқылы оқушыларды адамгершілікке, жаман қылықтан бойларын таза ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, Абай суреті, тірек-сызба.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Абай қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы, Абайдың шын аты Ибрагим. Абай Семей облысы, Абай ауданының Шыңғыс тауының бауырындағы Қасбұлақ деген жерде туған. Абайдың анасы Ұлжан-ақылды, мейірімді кісі екен, ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Абай 12 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Өз өлеңдеріне әндер шығарған, үлкен сазгер.
Абай бар асыл ойын замана жастарына арнады, келер ұрпаққа арнады. Абай-өлеңнің атасы.
 

1-оқушы: Ана тілім-ар тілім
Жанардағы жарқылым.
Жүрегімде сақталған
 
Ән жыры боп халқымның.

2-оқушы:

Айналайын халқымнан
Айналайын даңқымнан,
Ана тілдің бағасы
Қымбат екен алтыннан.

3-оқушы: Абай 1845жылы туып,1904 жылы 60 жасында қайтыс болған.Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болып сайланған.

4-оқушы: 20 жасында Абай от ауызды, орақ тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары мәдениетінің шамшырағы деп білеміз.

5-оқушы: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ол-Абай Құнанбаев.

6-оқушы:

Ерте оянып ойланып ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

7-оқушы: Көрнекті көңілде жыр, қолда қалам,
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы
Ол-Абай, мәңгі жасар жақын адам.


Абайдың ғылым туралы жазған қандай өлеңін білеміз?

8-оқушы: Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз.

9-оқушы: Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап, еңбек терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.

10-оқушы: Ойшыл ақын жас ұрпақты жаңа дәуір деңгейінде адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтып күрес жүргізді.

Мұғалім: Адам болу, оған тезірек жетуге ұмтылдырған бес нәрсе не? деген сұраққа қалай жауап берген?
Талап, еңбек, терең ой, қанағат рақым ойлап қой, бс асыл іс көнсеңіз деп жауап берген.
11-оқушы: Абай-халықты, білімге, ғылымға, еңбекке көп үндеген ақын. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деп жаман әдеттен сақтандырған.

12-оқушы: Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсе бар. Содан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің.

13-оқушы: Надандық-білім, ғылым жоқтығы. Дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.

14-оқушы: Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады.

15-оқушы: Залымдық-адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді бір жыртқыш хайуан хиса басына қосылады.
Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсе қызар болмай, өнерді үйренуге табиғатты тануға шақырады. (жыл мезгілі)

«Асыл сөзді іздесең Абайды оқы, ерінбе»-деп Сұлтанмахмұт атамыз айтқандай данышпандықтың бар асылын бір басына жинақтаған Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздерінен рухани күш аларымыз сөзсіз.
Ақын жастар тәрбиесінің сан қырына, оның өзекті салаларына баса назар аударды, жас ұрпаққа үміт артты. Абай
атамыздың шығармаларын мәнерлеп оқудан жарыс өткізу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.12.2023
150
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі