Абай «Ғақлиясы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай «Ғақлиясы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай «Ғақлиясы» ашық сабақ әдебиеттен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

ҰМЖ бөлімі:

ІІ бөлім: Абайды оқы, таңырқа!

Күні:

Мұғалім: Манкишева А.М.

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны: 19

Қатыспағандар: 0

Тақырыбы:

Абай «Ғақлиясы»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу

мақсаты

Т/Ж.6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау

А/И.6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы әдеби шығарманың жанрын, фабуласын анықтай алады, мағынасын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі қарасөздердің идеясы мен тапсырмада берілген сөздердің мағынасын түсіндіре алады, автор бейнесін аша алады.

Оқушылардың кейбіреуі сұрақтарға қатысты өз пікірін анық, дәлелді жеткізіп, ерекше ойлар айта алады.

Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика мен терминология: автор үні, оқырман сезімі, шығармадағы құндылық. Оқушылар түсінеді және сипаттайды.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен ... ойлаймын.

Шығармадағы тірек сөздер: жер ортасы, күйік, кездеме, кез, шер тарқатысу, ақ қағаз бен көк сия

Құндылықтарды дарыту:

Адамгершілік, төзімділік, еңбекқорлық, адалдық

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, қазақ тілі

Бағалау критерийлері:

Қарасөздің мағынасын түсіне алады.

Қарасөзге қатысты сұрақтарға өз пікірін білдіре алады.



Осыған дейін меңгерілген білім

А.Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі


Жоспар

Жоспарлана-тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз-дер

Сабақтың басы

3 минут







4 минут
























4 минут







Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет;

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет;

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!


Тірек сөздер арқылы топқа бөлу.

Оқушылар ел, бала, дін, ғылым сөздері арқылы топтасады.


Инфографиканы пайдалана отырып, тақырыпты болжаңыз.



Дескриптор Білім алушы

  • инфографиканы пайдаланады;

  • тақырыпта болжайды.

ҚБ: «Жарайсың», «Жақсы», «Керемет» мадақтау сөздерін айту

Оқушыларды оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру, күтілетін нәтижені талқылау;


Терминдерді оқы. Топта талда.

Қара сөз (проза) - көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден (поэзиядан) бір айырмасы - онда сөз ырғағы еркін, әдебиеттегі сөз саптау қалпына сәйкес келеді, өлеңдегідей қандай да белгілі өлшемдер сақталмайды. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады

Фабула (лат. Fabula аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді:

  • Оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру

  • Шығарманың белгілі бір формада баяндалуы, мысалы, естелік т.б. фабулалық тәсілдерді қолдану арқылы автор оқиғаның баяндауын бірде үдетіп, бірде бәсеңсітіп отырады

Оқушылар терминдерді оқиды, бір-біріне түсіндіреді, түсініксіз ұғымдарды сөздік пен мұғалімнің көмегі арқылы анықтайды.

Сабақтың ортасы


25 минут



















































































Саралау тапсырмасы

1-тапсырма. Абай Құнанбайұлының «Бірінші қара сөзін» тыңдату

Бірінші қара сөз

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, бірталай өмірді өткіздік; алыстық, жұлыстық, тартыстық, әурешілікті де көрдік. Енді жер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық, ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі де қоршылық екенін білдік. Қалған өмірді қалай, қайтіп, не істеп өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

Ел бағу? Тек елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтағай!

Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Керегінше өздері бағар. Қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана, өмірімді қор қылар жайым жоқ.

Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеңінді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі бір тез ескіретін күйік.

Софлық қылып, дін бағу? Жоқ, оның да болмайды. Оған да тыныштық керек-ақ қой. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ. Осы елге, осы жерде не қылған софлық, қайдан шыққан?!

Балаларды бағу? Жоқ, балаларды баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын бұны? Балаларымның өзіне ілгері өмірімнің, білімнің пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ. Қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырып, не бол деп, кім бол деп бағам? Бұны да бір ермек қыла алмадым.

Ақыры ойландым, осы бір ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, жаза беріп, ақ қағаз бен көк сияны ермек қылып, ішінен керекті сөздерді, ойларды тапса, жазып алсын. Я болмаса оқысын, керек емес десе, өзімнің сөзім деп, ақыры осыған ойланып, байландым, басқа ешбір жұмысым жоқ.

http://aitaber.kz/blog/Asyl_soz/4270.html


Оқушылар сыныптық талқылау жүргізеді:

а) Қандай мәселе көтерілген?

ә) Абайдың «алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық» деуінің мәні неде?

б) Абай жер ортасы жасқа келіп, қажып, жалығуының, ісінің бекер-баянсыз деуінің себебі?

в) Өзімен-өзі пікірлесе отырып, қандай кәсіптерді өзіне лайықсыз деп табады?

г) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?

Дескриптор

  • Қарасөзді түсінеді

  • Сұрақтарға жауап береді

ҚБ: Смайликтер


2-тапсырма. «ПОПС» формуласы бойынша автордың қарасөз жазудағы мақсатын анықта.

  • Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты .....»

  • Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ….»

  • Үшінші сөйлем:«Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

  • Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.... ».

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»


3- тапсырма. Қарасөздің жанры, фабуласы туралы ой бөліс.

ҚБ: «Шаршылар» Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Оқушылар тапсырманы қаншалықты орындағандығын шаршыны бояу арқылы жеткізеді.


Бағалау дескрипторы

Қарасөз, фабула терминдерін біледі

Қарасөздің жазылу мақсатын анықтайды

Ойын еркін жеткізе алады


Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.

Қабілеті жоғары оқушыларға арналған тапсырма:

Абай орнында болып, өміріңе сараптама жасасаң немен айналысар едің? Ойыңды сараптап жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ҚБ: «Көршіңе пікір» әдісі

https://www.youtube.com/watch?v=2czX16AqKs0































































-барлығы

-жартылай

-түсінбесе



Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия. «Еркін микрофон»

Абайдың бірінші қарасөзінен нені үйрендік?


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларға сабақ барысында берілетін тапсырмаларымды қарапайымнан күрделіге қарай жоспарлаймын. Жекелеген оқушылардың мақсатқа жетуіне топтық жұмыс арқылы қол жеткіземін. Қажет жағдайда қосымша түсінік беріп отырамын. Дарынды оқушыларға сабақ барысында жоғары деңгелі сұрақтар қоямын және шығармашылықпен орындайтын тапсырмаларды сол оқушылардың мүмкіндігін ескере отырып бермекпін. Сонымен қатар тапсырмалар бірдей берілгенімен күтілетін нәтижем әр түрлі болмақ. Оқушылардың өздеріне қойған мақсатқа жеткен-жетпегенін кері байланыс арқылы анықтап аламын.

Тақырыпқа болжам жасаған оқушыларға «Жарайсың», «Жақсы», «Керемет» мадақтау сөздерін айтамын. Сұраққа жауап берген оқушыларға Смайликтер беремін.

Оқушылар бір-бірлерін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» тәсілі және көршісін «Көршіңе пікір» әдісі тәсілі арқылы бағалайды.

Өзін-өзі тану, қазақ тілі


Оқушы қауіпсіздігін сақтауға ерекше мән беремін.


Тәрбиелік мәні ұлттық құндылықтарымызды білуге негізделген.

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары жүзеге асырымды болды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.

Қозғалған мәселеге өзіндік пікір білдірді, оны берілген үзінділер арқылы дәлелдеп бере алды.

Дифференциацияны жүзеге асыруға мбар мүмкіндігімді пайдаландым. Себебі: көмекті қажет ететін оқушылар берілген жұмысты орындай алды. Жоспарланған уақыт тиімді қолданылды. Жоспарланған сабақ өзгеріссіз өтті.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  1. Автордың қарасөз жазудағы мақсатын «ПОПС» формуласымен орындағандары ұтымды болды.

  2. Жұпқа және жеке оқушы жұмыстарына берген өзара бағалауы, пікірлері, ұсыныстары сәтті шықты.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  1. Дарынды және қолдауды қажет ететін оқушыларға жеке тапсырмалар беру;














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
684
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі