Материалдар / Абай. Ғылым таппай мақтанба.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай. Ғылым таппай мақтанба.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар орындай алады: Оқушылар сөздік қорларын кеңейтеді. Өз ойын жүйелі де еркін жеткізе отырып, өзгенің пікірін тыңдай біледі. Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері:Қашық бол, асық бол, өмірің алдында, қайғы жесеңіз, бес дұшпан -өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, бес асыл іс – талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
826
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні : Серикова Қ.

Қатысқандар:11

Қатыспағандар саны: 0

Күні: 24.12. 2018 ж

Сынып: 5 «А»

Сабақ

Сабақ тақырыбы

Абай. Ғылым таппай мақтанба.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

5.А5 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диологке қатысу.


Сабақ мақсаттары

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диологке қатысу.

Барлық оқушылар орындай алады: Өлеңді мәнерлеп оқи отырып мазмұнын түсінеді, шағын диалогке түсе алады.


Жетістік критерилері

Өлеңді  пайдалана отырып, қарапайым кластер құрастыра алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Оқушылар сөздік қорларын кеңейтеді. Өз ойын жүйелі де еркін жеткізе отырып, өзгенің пікірін тыңдай біледі. Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері:Қашық бол, асық бол, өмірің алдында, қайғы жесеңіз, бес дұшпан -өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, бес асыл іс – талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:Астарында қандай ой бар? Негізгі идеясы қандай? Қай сөйлемдер ... дәлелдеме бола алады? 

Бағалау критерийлері

1. Өлеңнің идеясын анықтайды. 2.Көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені өлеңніңидеясы арқылы түсінеді.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Абай. Ғылым таппай мақтанба.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақ басы



3 минут





Ынтымақтастық ортасын құру.

«Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ынтымақтастық ат- мосферасын орнату үшін оқушыларға: — Балалар, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріне қандай жақсы сөздер айтасыңдар?-деп сұрайды.

Қайырлы күн, көздерім!

Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!

Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!

Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы күн, аяқтарым!

Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы күн, мұғалім!

Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)










Сабақтың ортасы

3 минут





5 минут





10 минут






































































































3 минут











6 минут



3 минут

Ой шақыру.

 Қима қағаздарға төмендегі сөздердің жазылуы барысында топқа бөлемін:

1. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым – «Бес асыл іс» тобы.

2.Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – «Бес дұшпан» тобы.


«Сканерлеп оқу» стратегиясы.

1-тапсырма.

Оқушыларға берілетін тапсырма: Өлеңді оқып, таныс емес сөздердің астын сызыңыз, олардың мағынасына түсінік беріңіз және сол сөздердің синонимдік қатарын табыңыз. 

Оқушыларға өлеңді бірнеше рет оқыта отырып, өлеңнен таныс емес сөздердің үстіне белгі қойғызамын. Мәтіндегі таныс емес сөздер сынып ішіндегі қабырғаларда ілініп тұрады. Оқушылар өздеріне берілген өлең жолдарындағы таныс емес сөздерді тауып жинап әкеледі де, әркім өзі тауып әкелген сөздерді кезекпен оқып отырып, мағынасын түсіндіреді. 

1-топ:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ–

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз.

ғибратлі – үлгілі – өнегелі, тәрбиелі, тәртіпті, ғибратты, 

нәфрәтлі – жеркенішті – жаман, нашар. 

Идеясы: жамандықтан қашу, жақсылыққа ұмтылу.

2-топ: Надандарға бой берме,

Шын сөзбенен өлсеңіз

Аят, хадис емес қой,

Күпір болдың демес қой,

Қанша қарсы келсеңіз.

Көп орында көріне айтпа,

Біздің сөзге ерсеңіз.

Мұны жазған кісінің

Атын білме, сөзін біл!

Осы жалған дүниеден

Шешен де өткен не бұлбұл.

Көсем де өткен не дүлдүл.

Сөз мәнісін білсеңіз,

Ақыл-мизан,өлшеу қыл.

Надандықпен кім айтса,

Ондай түпсіз сөзге ерме,

Сізге айтамын, қаупім – бұл.

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі – тұл,

Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма.

Шын сөзі қайсы біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.

Мұны жазған білген құл,

Ғұламаһи Дауани

Солай депті ол шыншыл.

мизан – таразы – өлшем, күпір - мұсылман емес, діннен шыққан – кәпір, басқа діннің адамы, дүлдүл – кемеңгер, атақты. Идеясы: ақылға салып ойлану. 3-топ:
Надандық – қараңғылық, білімсіздік, ғұламаһи - ғалым, ғұлама – данышпан.

Идеясы: жақсы қасиеттерді бойға сіңіру, жамандықтан аулақ болу.

Дескриптор:

Өлең шумақтарын оқи отырып, таныс емес сөздерді табады.

Мәтіндегі таныс емес сөздерге түсінік береді, синонимдерін табады.

Әр топ оқушылары берілген өлеңнің идеясын табады.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сағаттың тілімен топтар бір-бірімен екі жұлдызын, бір ұсыныс-тілегін айтады.


Кластер құрастыру


1. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым – «Бес асыл іс» тобы.

2.Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – «Бес дұшпан» тобы.

Қалыптастырушы бағалау: «Жапырақ» әдісі арқылы жасыл жапырақ – жақсы түсіндім, сары жапырақ – орташа түсіндім, қызыл жапырақ – нашар түсіндім деген мағынада қолданылады. Осыған байланысты топтар бір-бірін бағалайды.






Қима қағаздар.


























Қағаз А4, дәптер

























































































Қағаз А4







Сабақтың соңы

4 мин





Үй жұмысы

3 минут

Кері байланыс«3-2-1» стратегиясы

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.


Үзінді жаттау



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады.



Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!