Абай және Алаш мұрасы

Тақырып бойынша 15 материал табылды

Абай және Алаш мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада Абай Құнанбайұлы мұрасы мен Алаш қозғалысының тарихи-рухани сабақтастығы қарастырылады. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы ұлттық жаңғыру үдерісінде Абай ілімінің орны мен ықпалы талданады. Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы бастаған Алаш зиялыларының Абай мұрасын насихаттаудағы еңбегі, ұлттық сананы жаңғыртудағы рөлі айқындалады. Сонымен қатар, олардың білім мен тілге қатысты көзқарастарының Абайдың қара сөздерімен үндестігі көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде Абай идеяларының Алаш қозғалысы арқылы жалғасып, қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында да өзектілігін сақтап отырғаны тұжырымдалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АБАЙ ЖӘНЕ АЛАШ МҰРАСЫ

Кіріспе

Кез келген халықтың мәдени даму тарихында белгілі бір кезеңдер ерекше серпіліспен сипатталып, сол дәуір ұлттық руханияттың өркендеуіне кеңінен жол ашады. Қазақ халқының тарихында мұндай кезең — XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы. Бұл дәуірде ұлт әдебиеті мен мәдениетінде Абай Құнанбайұлының мұрасы мен Алаш қозғалысы жетекші рөл атқарды.

Алаштың Абай арқылы өзін табуы

Абай тұлғасын ұлттық рухани кеңістікке енгізу арқылы Алаш зиялылары өздерінің бағыт-бағдарын да айқындады. Олар ең алдымен қазақтың ойлау жүйесін, сөйлеу мәнерін Абайдан үйренді. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлының тіл реформасы мен сөзді түрлеп жазу әдістерінен Абай ықпалы айқын байқалады [1].

Абайдың балалары, шәкірттері мен айналасындағы серіктері Алаш қозғалысына белсенді араласты. Мәселен, Тұрағұл, Кәкітай, Шәкәрім 1917 жылы Семейде өткен съездердің жұмысына қатысып, кейбірінде Тұрағұл құрметті төраға болды [2]. Абайдың дүниетанымы мен үмітсіздігі оның заманындағы отарлық езгінің асқынуымен байланысты болса, Алаш зиялылары патша үкіметінің әлсіреу кезеңінде ел болуға сеніммен қарады.

Абай мұрасын танытудағы Алаш зиялыларының еңбегі

Абай шығармаларын бүкіл қазақ еліне насихаттауда «Қазақ» газеті мен оның редакторларының үлесі орасан. Ахмет Байтұрсынұлы 1903 жылы Абаймен алғаш танысып, оның шығармашылық даралығын жоғары бағалап, «Абай сөздері дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ» деген тұжырым жасайды [1, 3].

Ахмет Байтұрсынұлы Абайдың шығармашылық шеберлігі туралы: «Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек... Абайда осы үшеуі де болған» деп жазады [3, 25 б.].

Міржақып Дулатұлы да Абай мұрасын насихаттап, Әлихан мен Ахметті тұңғыш абайтанушылар деп атайды. Оның мақалаларында Абайдың қазақ поэзиясындағы орны ерекше бағаланады [4].

Алаш қайраткерлері және орыс тілінің қажеттілігі

Алаш көсемдері қазақ халқының өркениетті ұлттар қатарына қосылуы үшін білім мен ғылымның маңызын түсініп, орыс тілін меңгеруді қажет деп санады. Бұл – отаршыл жүйеге бейімделу емес, ұлттық мүддені қорғаудың амалдары еді. М.Дулатов: «Орысша білмегендіктің зарарын білу фарыз дәрежесінде қажет», – десе [5], Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Орыс тілін білемін һәм хатымен», – деп жазады [6].

Бұл көзқарас Абайдың «Жиырма бесінші қара сөзіндегі»: «...үйрену керек» деген өсиетімен үндеседі [7].

Абайды танытқан — Әлихан Бөкейхан

Абайды алғаш орыс оқырмандарына таныстырған — Әлихан Бөкейхан. Ол 1903 жылы «Россия. Біздің отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» атты көптомдық жинақта Абай шығармашылығы туралы алғаш жазып, оның Лермонтов пен Пушкиннен аудармаларын атап өтеді [8].

Алаш идеясы – Абай мұрасының жалғасы

Абай армандаған рухани жаңғыру Алаш идеяларымен жалғасты. Алаш зиялылары орыс тілін білу арқылы ұлттың мүддесін қорғады. Бақытжан Қаратаевтың Думада аграрлық реформаларды әшкерелеуі — соның дәлелі [9].

Абай ілімін ұлттық жаңғырудың тірегіне айналдыру туралы қазіргі кезеңде де баса айтылуда. ҚР Президенті Қ.Тоқаев: «Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына таныстыру қажет», – деп атап көрсетті [10].

Қорытынды

Абай – қазақ руханиятының темірқазығы. Алаш мұрасы – осы темірқазыққа байланған іргелі арна. Қазіргі Абай орталықтары мен тұлғатану кеңістігі осы сабақтастықты жалғастыруы тиіс. Абайды танып, Алашты ұлықтау – ұлттық болмысты сақтау жолындағы маңызды қадам.

Сөз соңын ақын Сапарғали Ләмбекұлының өлең жолдарымен түйіндеген орынды:

Атамыз – біле білсек Алаш еді,
Бүгін біз Тәуелсіздік дәмін татсақ,
Тұқымын солар еккен ағаш еді [11].

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Байтұрсынұлы А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991.
2. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы: Дәуір, 1993.
3. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Арыс, 2003.
4. Дулатұлы М. Абай. // «Қазақ» газеті, 1914.
5. Дулатұлы М. Оян, қазақ! – Уфа, 1909.
6. Торайғыров С. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1982.
7. Абай Құнанбайұлы. Қара сөздер. – Алматы: Ана тілі, 1995.
8. Мұхамедханұлы Қ. Абай және орыс әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1988.
9. Государственная Дума. Второй созыв. Стенографические отчеты. – СПб., 1907.
10. Тоқаев Қ.К. Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан. // Егемен Қазақстан, 2020.
11. Ләмбекұлы С. Өлеңдер жинағы. – Алматы: Рауан, 2017.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі