жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан"
Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев мақаласы "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, КМҚК «Ақерке» бөбекжайының әдіскері Адиева Асель Алдабергенқызы
Желсіз
түнде жарық ай,
Сәулесі
суда дірілдеп,
Ауылдың
жаны - терең сай,
Тасыған
өзен күрілдеп.
Қалың
ағаш жапырағы
Сыбырласып
өзді-өзі,
Көрінбей
жердің, топырағы,
Құлпырған
жасыл жер жүзі.
"Атадан алтау, анадан төртеу"
Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауды жайлаған Тобықты руында дүниеге келді.
Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос пен Жігітек тарайды. Әрқайсысы бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібақ пен Топай туған. Олардың ішінде Ырғызбай оза шауып, ел басқару ісіне араласқан. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар мен Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болған деседі. Осы Өскенбайдың әйелі Зереден Абайдың әкесі Құнанбай туады.
Құнанбайдың төрт әйелі болған. Бәйбішесі – Күңке, одан бір ұл – Құдайберді. Ал Ұлжан – Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық. Інісі қайтыс болғаннан кейін Құнанбай келінін әмеңгерлікпен алған. Ұлжаннан Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ пен Оспан, үшінші әйелі – Айғыздан Халиолла мен Ысмағұл деген балалары туады. Абайдың "Атадан алтау, анадан төртеу" дейтіні содан. Құнанбайдың қартайған шағында үйленген төртінші әйелі – Нұрғанымнан бала болмаған.
Өзі
тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан
сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше
ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты
молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге
аударып берген сөздерін кітапқа қарамай
жатқа айтып шыға алатындай зерек болады.
Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды
ұғып білу Абайға өзге балалардан
анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын
алмаған. Сондықтан барлық артылған
уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген
кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге
салынады", - деп жазды Мұхтар Әуезов.
Биыл
Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл
толады. Халқымыздың ұлы перзентінің
мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы
құрылған комиссия дайындық
жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет
көлемінде және халықаралық деңгейде
ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып
отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін
емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани
тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.
Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын,
ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің
негізін қалаушы, аудармашы, композитор
ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны
сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде
ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі,
дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі,
тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай
әлемі деген бірегей құбылыс ретінде
бағаланды. Өткен жылы Абайдың
шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы
өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл
елдік шараға мен де қатысып, қолдау
көрсеттім. Мектеп
оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті
әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға
дейін зор қызығушылық танытып, лезде
іліп әкеткен бұл бастама бірнеше
айға ұласты. Соның арқасында бүкіл
Қазақстан Абай мұрасын тағы бір
зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген
құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді
тәсілі. Абай жырларын оқу челленджі
биыл, ақын мерейтойы тұсында жаңаша
жанданады деп сенемін. Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласында
қоғамдық сананы қайта түлетудің
маңыздылығы туралы айтты. Ұлттық сананы
сақтау және оны заман талабына бейімдеу
мемлекеттік маңызы бар мәселеге
айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы
ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен
дамуына жол ашамыз. Осы орайда Абай
мұрасының тигізер пайдасы зор деп
есептеймін. Ұлы ақынның шығармалары
бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға
қашанда рухани азық бола алады. Сондықтан
ұлтымызды жаңғырту ісінде оның
еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды
пайдалану жайын тағы бір мәрте ой
елегінен өткізген жөн. Мен бұл мақалада
Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін
көкейкестілігі, ақын шығармаларынан
халқымыз қандай тағылым алуға тиіс
екендігі жөнінде жұртшылықпен ой
бөліскім келеді.
Жаңғыру
– өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға
жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл
– ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң
үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін
құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып
өте алмаймыз. Себебі ұлы ойшыл осыдан
бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты
жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім
болуға шақырған. Елбасымыздың: «Заманалар
ауысып, дүние дидары өзгерсе де,
халқымыздың Абайға көңілі айнымайды,
қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының
тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға
түседі. Абай өзінің туған халқымен
мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы
Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар
асуларға шақыра береді», – деген
өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік
өсиет ретінде бағаланатынын айқын
аңғартады. Абайдың шығармаларына зер
салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына,
өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес
болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін
байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім
мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай
қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар
жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай
мақтанба» деп, білімді игермейінше,
биіктердің бағына қоймайтынын айтты.
Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек
емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше,
ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру
керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың
«Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық
білуге» деген өнегелі өсиетін де осы
тұрғыдан ұғынуымыз қажет. Бұл тұжырымдар
қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан
да зор маңызға ие болып отыр. Себебі ХХІ
ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке
ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп
отырмыз. Ал біздің міндетіміз – осы
ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы
қатардан орын алу. Ол үшін ең алдымен,
білім беру саласын заманға сай дамытуымыз
керек. Сол мақсатта ауқымды жұмыстар
атқарылғанымен, отандық білім
беру ісінде әлі де олқы тұстар бар. Оны
жетілдіру жолдарын сайлау алдындағы
бағдарламамда және өткен жылғы тамыз
конференциясында нақты атап көрсеттім.
«Педагог мәртебесі туралы» заңның
қабылдануы – осы бағыттағы игі
бастамалардың бірі. Бұл – сапалы
білім беру ісін жетілдіруге арналған
қадам. Жалпы кез келген қоғамда ұстаздың
орны бөлек. Мұғалімдер білімді әрі
саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса
маңызды рөл атқарады. Ұстазға құрмет
көрсетіп, қадірлеу – бәріміздің
міндетіміз. Сондықтан мемлекет
мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп,
алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы
керек. Абай айрықша дәріптеген игілікті
істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма
бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға
не беретініне тоқталып: «Әрбіреудің
тілін, өнерін білген кісі оныменен
бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана
жалынбайды», – дейді. Демек, өзімізден
озық тұрған жұртпен деңгейлес болу
үшін де оның тілін меңгерудің маңызы
зор.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген