400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай мен Кейкаус шығармаларындағы айтылған ойлар баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
материал Кейкаус пен Абай шығармаларының үндестігін көрсетеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай мен Кейкаус шығармаларындағы айтылған ойлар

Абай мен Кейкаус үндестігі

«Кабуснама» - Кейкаустың 1082-83ж. парсы тілінде жазған, әлемге кең тараған дидактикалық сарындағы шығармасы. Европа мен Азияның озық ойшылдары «Кабуснаманы» ортақ ғасырдағы педагогикалық тәлім-тірбие, өсиет-өнеге жөніндегі танымның энциклопедиялық жиынтығы ретінде жоғары бағалаған. «Кабуснаманың» аударма нұсқаларын қазақтың ағартушы – демократтары өз еңбектерінде шығармашылық тұрғыда пайдаланып отырды. Абай «Кабуснаманың» мазмұнымен таныс болған, ойшыл ақынның ғаклия сөздерінің жанрлық, стильдік түп-түркіні «Кабуснамамен» өзектес, сарындас келеді.

Ақынның қолында тәрбиеленген немере інісі Кәкітай Ысқақұлының: Абай ғарапша, парсыша, түрікше кітаптарды көп оқып, олардың ішіндегі ғылымнан үлкен хабардар болды. Сол талаппен қырда ғарапша, парсыша «Абайдан артық білетұғын ешкім болмады» (Құнанбайұлы Абай. Өлеңдері. Ташкент, 1922, 9-6,), - пікірі де Абайдың ағартушылық тұрғыдағы ой-тұжырымдарын жүйелеуде дерек көзінің бірі ретінде «Кабуснаманың» пайдаланғанын айғақтайды. Абайдың жәуанмәртлік туралы ой-танымдары «Кабуснаманы» «Жәуанмәртлік хақында» деп аталып 44-тарауымен тікелей сабақтас, желілес. Жәуанмәртліктің көне замандарда жұрт таныған негізгі үш сипаттан тұрады «Кабуснамада», «Адамның сипатын білдіретінүш нәрсе бар. Бұл үш нәрсенің бірі – ақыл, бірі –әділеттілік, бірі-жанмәртлік» (Кабуснама. Ташкент, 1968, 121-6,), - деп атап көрсетілген.

Абайдың Отыз сегізінші сөзінде бұл сипаттар: ақыл, әділет, рахым ретінде берілген Жауапкершіліктің шығар көзі мен басты сипатталарын иемденуші әлеуметтік топтарды жіктеуде, оларға өз көзқарасын білдіруге Абай танымы «Кабуснамадан» өзгеше, өзіндік соңы көзқарасты аңғартады. Жәуанміртілік жайлы кейбір ұғымдарды ақын өз заманына сай талдап, соны тұжырымын жасаған. «Кабуснама» адам бойындағы рухани болмыс: ес, қиял, ой, сөз, жәуанмәртілікті (бес ішкі сезім) адам еркінен тыс жоғары рухтан келген тәңірлік құбылыс деп таниды. Абай жәуанмәртілікке (жомарт-деген ұғымды білдіреді) тән үшін сипатты тәңірінің бойындағы сегіз сипатпен байланыстыра қарастырып, ол сипаттардың бәрі де оның пендесінің, яғни адамның бойында барлығына, олардың тәңірден келер құбылыс емес, кәсіби нәрсе екеніне ерекше көңіл бөлді. Ақынның жастарды адамгершіліктің ізге қасиеттеріне баулып, «толық адам» етіп тәрбиелеу туралы даналық ой-толғынастарында да «Кабуснамамен» пікірлестігі, ой ортақтастығы байқалады.

Екі автордың өнеге сөздерінің айтылу мәнері, сөз саптасының алшақтығына қарамастан ұқсастығы да байқалады. Екеуі де «жер ортасыжасқа келген», айтар ойларының төркіні де мазмұндас, көрген – білгендерін, тәжірбиелерін кейінгі ұрпаққа ғибрат қалдыру керек екені анық. Әрі бұл жолда екеуі де не мол байлықты, не әлдебір заттай қалдыру емес, тек «Сөздің асылын» қалдыруды ғана мақсатетеді.

Қорытынды

Бұл жазған мәліметімде мен Абай мен Кейкаус шығармашылығының ұқсастығын көрсеткен едім. Екеуінің еңбектерінде де заман ағымына қарамастан үндестік байқалады. Екі шығарма да адамның адамгершілік қасиеттері мен құндылықтарға бағытталған. Және де әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған туындылар. «Какбуснама» мен Абайдың қара сөздерін салыстырғанда заман өзгергенмен адамгершілік құндылық ешқашанда өз қасиетін жоймайтынын және ол туралы қай кезде айтсаң да бір – бірінен алшақ кетпей тұрғанын көреміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі