Тақырыбы: «Абай мұрасы -
халық ұлағаты»
( 11- сынып оқушылары үшін
тағылымды кеш)
Мақсаты:
- Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып»,
Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
- «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына
сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
- Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой -
толғауларын насихаттау
1 - оқушы: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет сүйер
қауым,
2 - оқушы: Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы,
аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А. Құнанбаевтың шығармашылығына
арналған «Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты тағылымды кешке қош
келдіңіздер!
Эпиграф: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,
қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға
тиіс».
I. Ой
тастау.
Мұғалім: Әрбір жеке тұлғаның бойында:
адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық,
әдептілік, Отан сүйгіштік т.б. қасиеттер болу керек. Ал адамның бұл
қасиеттері-өскен ортасына, тәрбиеге байланысты. Оны біз Абай
Құнанбайұлының «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы
ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген сөздерінен көре
аламыз. Сіздер биыл 11 сыныптасыңдар, өмір туралы өз
көзқарастарыңыз бар,жалпы әркім өмірді өзінше түсінеді өзінше
бағалайды,өзінше сабақ алады.Рухани жаңғыру мәселесі қозғалып
жатқандықтан рухани жаңғыруды өзімізден бастауымыз керек
сияқты.Біздің халқымыз ежелден асыл қасиеттерді бойына сіңіріп,
ардақтап келе жатқан халық. Бүгін біз Абайдың қара сөздерін
қолданып жан-жақты адамды қалыптастыру, дамыту жолдарын Абаймен
сырласу арқылы қарастыратын боламыз.
1-оқушы: Абай мұрасы — қазақтың
ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын
қазынасы.
Заман ауысып, уақыт өткен
сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның
ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай
өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың
елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра
береді.
2-оқушы: Ұлы Абайдың
шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен
сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып
келеді.
Қандай тәрбиелі ұлағатты
сөздерін( өлең жолдарын) білеміз?.... (мұнда
екі топ кезектесе топшаларды
таңдауымен қағазға жазып , қорғайды)
Ғылым, білім туралы
көзқарасы
Халық, замана,
адам
-
Сабырсыз, арсыз,
еріншек»
-
«Адасқанның алды жөн, арты
соқпақ»
-
«Өлсем орным қара жер»
-
«Өлсе өлер табиғат, адам
өлмес»
2-оқушы: Абай жас ұрпаққа айтар
ақылы да, уағызы жа аз болмаған. Ол халық тәжірбиесі танытқан
шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа
үгіттейді.
Слайд: «Кемді күн қырық дәурен
тату өткіз, Жетпесе біріңдікін бірін
жеткіз»
Махаббат , достық
лирикасы
-
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі
қымбат»
-
«Есіңде бар ма жас
күнің»
-
«Ұяламын дегені көңіл
үшін»
Муз номер «Көзімнің
қарасы»
ІІ. Ситуациялық
жағдаяттар (мұнда
екі топ кезектесе топшаларды
таңдап,
Қазақ жерінде оқымысты,
данышпандары көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел терезесін
қай халықпен де теңестіре алады.Абайы бар елдің мерейі
үстем.
I-жүргізуші: Абайдың жастарға
арналған достық, татулық мәселелерін қозғайтын насихат өлеңдерінің
көп екенін білеміз. Ол өз өлеңдерінде жастарға алдына үлкен мақсат
қоюы қажеттігін ерекше атап айтады. Ақынның шығармаларын тек
өлеңмен ғана жазбай қара сөзбен де жазғанын
білеміз.
Аян: Абай он тоғызыншы ғасырдың
90-жылдарында өзінің ой толғаныстарын қара сөзбен жазып қалдырған.
Өз шығармаларын қара сөзбен жазудың негізін салушы ретінде
танимыз.
Аружан: Абайдың қара сөздері -даналық
сөздер. Онда ғылыми-философиялық толғаныстар кең орын
алған.
Аян: Абайдың қара сөздерінің
өзіндік ерекшелігі бар.Абайдың қара сөздері өмір сабақтары туралы
ойларын, содан туындайтын даналы ,философиялық үлгіде жазылған ақыл
өнеге ,өсиет ғибрат сөздер Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең,
оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздейді. Көпшілігі философиялық
сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады. Немесе
өзімен-өзі кеңесу, ой-пікір білдіру үлгісінде
құрылады.
-
Қазақтың бір мақалы «өнер
алды-бірлік,ырыс алды -тірлік»бірлік қандай елде болады ,қайтсе
тату болады-білмейді.
-
қазақ ойлайды бірлік-ат
ортақ,ас ортақкиім ортақ . Жоқ бірлік ақылға бірлік ,малға бірлік
емес.
-
Ырыс алды –тірлік ол қай
тірлік жан кеудеден шықпағандық па
-
ол тірлік көкірегі ояу көңілі
тірі ақыл табатын ,сөз ұғатын,адал еңбек қылатын адам.Көкіректе
сәуле жоқ ,көңілде сенім жоқ
Абайдың өз тұсындағы өмір
шындығына араласып жәрдем етсем ойын ,санасын өзгертсем деген ойын
қағазға түсіріп отырған адам ақылсыздығынан азбайды,,ақылдың сөзін
ұғып аларлық жүректе жігер ,қайрат ,байлаулықтың жоқтығынан
азады.
Ақыл ,қайрат жүрек бір кісіде
менің айтқанымдай табылса қасиетті адам сол,құдайшылық
сонда
Абайдың қара сөздерін тақырып
жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:
Абайдың қара сөздері арқылы
өмір сабақтары ойларына
тоқталамыз.
7, 10 ,25,31,4,230,26,35
... қара сөздері
Тағылым сәті: (17 қара
сөз)
Жүрек:
-Мен адам баласын алаламаймын :жақсылыққа
елжіреп,еритұғын мен жамандықтан жиреніп ,тулап кететұғын
мен.
Әділет ,нысап ,ұят, рақым ,мейірбандық дейтұғын
нәрселердің бәрі менен таралады.
(Жүрек жанында тұрған Ақыл мен Қайратқа қарата
сөз сөйлейді)
-Ей
,ақыл!...Амал да,айла да –бәрі сенен шығады.Жақсының, жаманның
екеуінің сүйенгені- сен, екеуінің де іздегенін тауып беріп
жүресің-соның жаман.
-Ей,Қайрат, кейде жақсылықты берік ұстап,кейде
жамандықты берік ұстап кетесің-соның жаман.
Ортаға бой таластырған үшеуге әділ төрелік жасау
үшін» Білім» -ата келеді.Басына шалма ораған ,ойлы, қолында
кітап.
Білім:
Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ- менің ісім.Бірақ
сонда билеуші ,әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос,
соның ішінде жүрекке билет.
Үш-ақ нәрсе-адамның
қасиеті
Ыстық қайрат,нұрлы ақыл ,жылы
жүрек.
Біреуінің күні жоқ
біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін
білмек.
Әннің де естісі бар, есері
бар,
Тыңдаушының құлағын кесері
бар.
Ақылдының сөзіндей
ойлы-күйлі
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.- дей келе
ақынымыздың «Желсіз түнде жарық ай
» өлеңін тыңдаңыздар.
I-жүргізуші: Абай сияқты данышпан, сыншы ақынның,
ойшыл ағартушының, күрескер қоғам қайраткердің өз ортасынан
дараланып шығып және мәңгі тірлік табуына ,уақыт өткен сайын өзінің
артықша мәнімен биіктей беретініне көзіміз жетеді.Бүгінде жан аямай
кәсіп қылудан безінетін, бейнет көрмей, дәулет жоқ екенін
ескертетін – Абай мұрасы.
Ендеше, тыңдарман қауым,
көрермен қауым Абай мұрасын оқудан, үлгі етуден шаршамайық! –дегім
келеді.