"Абай мұрасы-халық қазынасы" тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Абай мұрасы-халық қазынасы" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Абай мұрасы-халық қазынасы" тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы






АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерей тойына орай


Тақырыбы: «Абай мұрасы – халық қазынасы»









Shape1


Алматы, 2025 жыл







Тақырыбы: «Абай мұрасы – халық қазынасы»

Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерей тойына орай арналған.

Мақсаты: Қазақтың дара да дана ақын шығармашылығына деген қызығушылығына деген қызығушылықты ояту, ақын айтқандай «дүниенiң кipпiш болып, кетiгiн тауып калана бiлуге» баулу.

Тәрбиелік: Студенттердің бойына Отансүйгіштікке, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту. Шәкірттерге ақынның ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ой-толғауларын сездіре отырып, оларды отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Поэзия құдіреті арқылы оқушы сезіміне әсер ете отырып, данышпан ұлы жанды құрметтеп, үлгі тұтуға үйрету.

Дамытушылық: Абай өмірі  мен шығармашылығына шолу жасату. Ұлы тұлғаның әдеби мұрасын студенттерге зерттете, талдата отырып, оның адамгершілік мұраты мен сезім-ой тереңдігіне бойлату арқылы шәкірттерді көркем сөздің құдіретін түсіне білуге үйрету. Сын тұрғысынан ойлап, әртүрлі тапсырмаларды орындай білулеріне бағыт беру. Студенттердің тыңдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.


Көрнекілігі:

- презентация

- плакат

- колонка

- музыка


Жоспар:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Кіріспе

3. Негізгі бөлім

4. Рефлексия



Көрнекілігі: Ақынның суреті, өмірбаяны, буклет, презентация, бейне ролик.

Плакатқа жазылған тақырып, презентация, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер.


Салтанатты кештің барысы:


Кеш жүргізушілері: 25-5 МІ Кенжеқұл Жансерiк

25-5 МІ Сейтбай Мөлдiр



Жүргізуші 1: 25-5 МІ Кенжеқұл Жансерiк

Армысыздар! Құрметті аса құрметті ұстаздар, көрермен қауым, қадірлі қонақтар,

ұстаздар мен студенттер!

2025 жылы қазақтың ұлы ақыны, қазақ сахарасының данасы, ұлы ойшыл, үлкен имандылықты бойына жинаған тамаша суреткер Абай атамыздың 180 жылдығын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы аясында тойламақпыз.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!- деп келер ұрпаққа үн қата отырып, өзі үстем тап өкілінен шықса да бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман - мұңын жырлады.

Біздің бүгінгі «Абай мұрасы – халық қазынасы» Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерей тойына орай арналған тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!


Жүргізуші 2: 25-5 МІ Сейтбай Мөлдiр

Қайырлы кеш, ұлағатты ұстаздар, қымбатты қонақтар,

озық ойлы студенттер!

2025 жылы қазақ халқы ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуын атап өтуде. Бұл — тек бір ақынның емес, тұтас халықтың рухани жаңғыруына себеп болған тарихи тұлғаның мерейтойы.Абай Құнанбаев тек қазақ халқының емес,әлем тарихында есте қалған ұлы тұлға.Ұлы ақынның мерейтойына орай тек Қазақстанда емес,сонымен қатар шет елдерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды:

-Белоруссия мемлекеттік техникалық университетінде (BNTU) 18 маусымда Абайға арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Қазақстан елшісі, диаспора өкілдері қатысты;

-13 ақпанда Қазақстанның Испаниядағы елшілігі мен Димаш Құдайбергеннің испан фан‑клубы ұйымдастырған кеш өтті. Қонақтар Abay‑дің әндерін испан тілінде орындап, поэзиясын талқылады

-Әзірбайжан — Бакуде Түркі академиясының бастамасымен Әуезовтың «Абай» романының азербайжан тіліндегі жаңа басылымы таныстырылды .


Жүргізуші 1: 25-5 МІ Кенжеқұл Жансерiк

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!- деп келер ұрпаққа үн қата отырып, өзі үстем тап өкілінен шықса да бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман - мұңын жырлады.
Көп адамдар өмірге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүкіл жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,
Мен – дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Мұқағали ақын жырлағандай кешімізді бастайық.


Сөз кезегі Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысының міндетін атқарушы Арайым Қалқабеқызы Жумабайға сөз беріледі.


Әлеуметтік-педагог Бейсенбаева Шынар Құмарбековнаға сөз кезегін береміз.


Жүргізуші 1: 25-5 МІ Кенжеқұл Жансерiк

25-7 Мейіргер ісі топ студенті Абдыманат Жәудip мен

25-21 Мейіргер ісі топ студенті Қырықбаева Куралай

Абай мұрасы мен халық қазынасы тақырыбында презентация қорғайды.



Жүргізуші 2: 25-5 МІ Сейтбай Мөлдiр

Абай атамыз айтқандай

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.


25-16 топ Лаб Несвалина Фатима «Желсіз түнде жарық -ай» әнін тамашалыңыздар!


Жүргізуші 1: 25-5 МІ Кенжеқұл Жансерiк

Көп адам дүниеге бой алдырған, 
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, 
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - 
деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді. Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!


Жүргізуші 2: 25-5 МІ Сейтбай Мөлдiр

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу – маржан шашайық.

Қонақтарды таңдантып,

Өнерден күмбез жасайық - дей келе алдарыңызда


24-8 Мейіргер ісі топ студенті Ерхан Айдос мен 24-10 Мейіргер ісі топ студенті Сәрсенбай Балауса 24-5 . «Балбырауын» күйін орындайды,

қарсы алыңыздар.


Жүргізуші 1: 25-5 МІ Кенжеқұл Жансерiк

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845 — 1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Бүгін ұлы Абай шығармашылығын сүйетін, Абай рухына тағзым етіп, Абайды өзіне ұстаз тұтатын қауым . Иә, әр халықтың ұлағатты даналығы, өнегелі өнері болатыны анық. Олай болса Абай атамыздың рухына арналған кешімізді Абай атамыздың мына өлең шумағымен бастаймыз.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап

Массажист 25-25 тобы Сағындынов Жандос пен Маратова Балауса

«Көзімнің қарасы» әнін қабыл алыңыздар.


Массажист 25-25 тобы Жарылқасым Мирас «Көңіл толқыны» күйін тыңдаңыздар.


Жүргізуші 2: 25-5 МІ Сейтбай Мөлдiр

Абай-лирик ақын. Олай дейтініміз, Абай өз шығармасына табиғат лирикасын қосқан. Жалпы табиғат, оның адам өміріндегі алатын орны ерекше. Табиғат қылқалам шеберлері мен ақын жазушылар және өнер иелерінің сүйікті тақырыбы екендігі. Бұл тақырып та Абай қаламына ілінді. Абай табиғаттағы тіршілік иелерінің өмірін, іс-әрекетімен байланысын сөзбен суреттейді. Табиғат лирикаларына арналған өлеңдеріне құлақ түрейік.

Туғаннан дүние есігін ашады өлең, 
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең 
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен... - деп, Абай атамыз айтқандай келесі сөз кезегін өлең

поэзия минутына «Жүректен шыққан – інжу маржан» жыр шумақтары өлеңдерін оқуға поэзия минутына назар аударайық!


  1. Студент 25-3 Емдеу ici Надирбекова Кәусар

Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың — жалын, артың — мұз,
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма

  1. Студент 25-3 Емдеу ici Басымбек Ақжүнic

Әсемпаз болма әрнеге

Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Акырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.
Көлеңке басын үзартып,
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса;
Күңгірт көңілім сырласар
Сүрғылт тартқан бейуаққа,
Төмен қарап мүңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа.

  1. Студент 25-3 Емдеу ici Тұрсынбай Елжас

Әсемпаз болма әрнеге

Өткен өмір - қу соқпақ,
Қыдырады талайды.
Кім алдады, кім тоқпақ
Салды, соны санайды,
Нені тапсаң, оны тап,
Жарамайды керекке.
Өңкей уды жиып ап,
Себеді сорлы жүрекке.
Адасқан күшік секілді
Ұлып жүртқа қайтқан ой
Өкінді, жолың бекінді,
Әуре болма, оны қой.
Ермен шықты, ит қылып,
Бидай шашқан егінге.
Жай жүргенді уерд қылып,
Тыныш өлсеңші тегінде.



  1. Студент 25-16 Лаб Базарбай Арайлым

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм1 қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.



5.Студент 25-16 Лаб Жолтай Айымсұлу

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,
Көзбен көр де ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.
Ол тілге едік оңтайлы
Қаріпсіз біліп сондайды.
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.

6.Студент 25-3 Емдеу ici Ибадiлда Бағыжан

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы.

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.


6. Студент 25-3 Емдеу ici Тажимурат Нұрбақыт

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.

7. Студент 25-7 Мейipгер ici Хожалепес Аружан

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап.
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжырақ көрінеді солар даңдақ.
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.

8. Студент 25-16 Лаб Тұрсынбай Айзада

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,
Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.
Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,
Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.
Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,
Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.

9. Студент 25-7 Мейipгер ici Құрманбек

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
Амалдап қарағайды талға жалғап,
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.
Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,
Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.
Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап,
Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.
Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп,
Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».
Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап –
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.


10. Студент 25-3 Емдеу ici Жұмай Айзере

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.

11. Студент 25-3 Емдеу ici Арыстан Аянат

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым.

Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,
Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.
Ұғындырар кісіге кез келгенде,
Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?

12. Студент 25-16 Лаб Ауытова Алина

Жастықтың оты, қайдасың,

Жастықтың оты, қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай?
Адамның тауып айласын,
Кісілікті ойламай.
Қаруын көңіл сайласын,
Қолға ол түспес бойламай.
Махаббат, қызық кім көрер,
Оның да дәмін татпаса?
Біржола басты кім берер,
Жаныңа қайғы батпаса.

13. Студент 25-7 Мейipгер ici Мукажанова Дильнур

Жастықтың оты, қайдасың,
Аямай жанын дос ерер,
Жолдастықты ақтаса.
Алдыңа айдап кім келер,
Ерінбей жүріп бақпаса.
Мал бақпақтық шаруа боп,
Адал тауып асықпай.
Құр айғаймен әуре боп,
Өнердің жайын баса ұқпай.
Енді нені істейміз,
Бәрінен де бос қалдық?
"Ауызға келіп түс" дейміз,
Қылып жүріп құр салдық


14. Студент 25-3 Емдеу ici Амангелді Есен

Жаз

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.

15. Студент 25-3 Емдеу ici Атамурза Жанерке

Жаз

Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,

Аяңшылы жылпылдап;
Сабадан қымыз құйдырып,

Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала,
Жағалайды шешесін
Ет әпер деп қыңқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса,
Бәйгі атындай аңқылдап,

16. Студент 25-11 Мейipгер ici Мұрат Айсезiм

Жаз

Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен

Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген
Жылқышылар кеп тұрса,

17. Студент 25-11 Мейipгер ici Досетова Аяна

Жаз

Таңертеңнен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
Қайырып салған көк құсы
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап.
Өткен күннің бәрі ұмыт,
Қолдан келер қайрат жок,
Бағанағы байғұс шал
Ауылда тұрып күледі,
Қошемет қылып қарқылдап.

Жүргізуші 1: 25-5 МІ Кенжеқұл Жансерiк

Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. 

Жүрегімнің түбіне терең бойла, 
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. 
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...

Абай туралы қанатты сөздерiне назар аударайық.

  1. Студент 25-11 Мейipгер ici Бекбосын Арнұр

«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»
Ахмет Байтұрсынұлы

  1. Студент 25-11 Мейipгер ici Ибрагим Алина

 Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
  Мұхтар Әуезов


  1. Студент 25-11 Мейipгер ici Балғали Абылай
    Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
      Ғабит Мүсірепов 

  2. Студент 25-11 Мейipгер ici Абдусаид Балжан

 Орыстар үшін - Пушкин, ағылшындар үшін –Шекспир, грузиндер үшін - Руставели.... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдесіз құбылыс.
  Қайсын Кулиев

  1. Студент 25-11 Мейipгер ici Әбдiманыш Iңкәр
     Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін танытты.
      Шыңғыс Айтматов

  2. Студент 25-11 Мейipгер ici Елемесұлы Асыл
     Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
     Нұрсұлтан Назарбаев 

Жүргізуші 2: 25-5 МІ Сейтбай Мөлдiр

Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен танысып жатырмыз.

Бүгінгі заман адамы «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның бастысы, біздер үшін- әдептілік.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң – арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан,- деп Абай атамыз айтқандай, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтаны боласың.
 Абай жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірбиесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді.


Атасы мен немересінің әдеби көріністi тамашалаңыздар.


Автор 25-3 Емдеу ici Басымбек Ақжүнic

Шығарма жаза алмай қиналып отырған 3 - сынып оқушысы. Теледидар қарап отырған атасы, қолында газет. Теледидардан дауыс: Абайдың «Қыс» өлеңінен үзінді оқылады:


Атасы: 25-3 Емдеу ici Эрмекбай Тұрғанбек

 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
 
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
 
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
 
Басқан жері сықырлап келіп қалды...


 Немересі: 25-3 Емдеу ici Рахимбеков Расул

Қаламын тастай сала атасының қасына келіп:
 - Мен бұл өлеңді білемін, ата! Кеше ғана Әдебиет сабағынан өткен болатынбыз. Абайдың өлеңі.


 
Атасы: 25-3 Емдеу ici Эрмекбай Тұрғанбек
 - «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» (немересіне жақындай түсіп). Иә, бұл – Абайдың жазған өлеңі. Қатал табиғаттың сүреңін тамаша суреттеген. Сен біледі екенсің. Ендеше Абайдың кім екенін білетін шығарсың.


 
Немересі: 25-3 Емдеу ici Рахимбеков Расул

- Иә, бірақ толық білмеймін.

 Атасы: 25-3 Емдеу ici Эрмекбай Тұрғанбек

 - Олай болса, ендігі жерде Абайды Абай атам «Абай атаның өлеңі» деп сөйле. Ол өте данышпан кісі, бүкіл қазақтың Абайы ғой. Оны білмеген адам қазақ емес.


Немересі: 25-3 Емдеу ici Рахимбеков Расул  

Ата! Бізге шығарма - эссе жазуға тапсырма берілді. Соған қиналып отырмын. Қайтсем екен?

 Атасы: 25-3 Емдеу ici Эрмекбай Тұрғанбек
 - Абай туралы көп дерек айтсам, тыңдар ма едің, балам?

 Немересі: 25-3 Емдеу ici Рахимбеков Расул  
 - Иә, сіз оны көрдіңіз бе? Ол туралы қайдан білесіз?
 

Атасы: 25-3 Емдеу ici Эрмекбай Тұрғанбек
 - Жүр, балам. Мен сені бір жақсы кешке алып барайын. Дәл сол Абай атаң туралы, жүре ғой! (Ертіп алып, шығып кетеді)


Жүргізуші 1: 25-5 МІ Кенжеқұл Жансерiк

Әннің де естісі бар, есері бар. 
Тыңдаушының құлағын кесері бар, 
Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі. 
Тыңдағанда көңілдің өсері бар, - деп жырлаған Абайдың өлеңге, әнге қояр талабы мен талғамы өте жоғары болды. 


25-10 Мейіргер ісі Құндызбек Мөлдір мен Сұлтанғазы Гүлфайруз

Абайдың әні «Көзімнің қарасы» атты әнін қабыл алыңыздар.



25-11 Мейіргер ісі Әбдіманыш Іңкәр

«Ерке сылқым» күйін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші 2: 25-5 МІ Сейтбай Мөлдiр

Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!

Қорытынды сөз: Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар мен студенттер,

әдебиет сүйер қауым!

Қорытындылай келе, ҚұрметтіАбайдың шығармашылығына арналған тағылымды кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

Келіп алтын уақыт бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет!!!

Барлық қатысушылар сахнаға шығып хормен «Атамекен» әнін айтады.

«Атамекен»

Ескендір Хасанғалиев

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны-ау деп білем

  *****

Қайда жүрсем Атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қимай оны-ай батады екен

   *****

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты-ау деп білем

  Қайырмасы 3 рет айтамыз.

Қайда жүрсем Атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен

(Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен)

   *****

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Асқар тауын аспаныммен таласқан

Қазағымның мәртебесі-ау деп білем

  *****

Қайда жүрсем Атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қимай оны-ай батады екен

  

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.12.2025
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі