АБАЙ ӨЛЕҢІНДЕГІ АДАМШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

АБАЙ ӨЛЕҢІНДЕГІ АДАМШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың «Ары бар, ақылы бар, мейірімі бар, махаббаты бар адамның бірін-бірі жеп, талап, қырып өсуі мүмкін емес» деген сөздеріне мән берейік. Ақыл қайратымызды жүрекке бағындары біліп, адамдық қасиетімізді жоғалтпай, адамзаттың бәрін сүйе білсек барлық зұлымдық атаулыға қарсы тұрарымыз хақ. Тарихқа үңіліп қарап –ақ ой түйюге болады. 19-20 ғасыр ғылымның қарыштап дамыған заманы болды. Ғылымның барлық саласына, сан түрлі технологиясына қол жеткіздік. Бірақ, бірақ сол алған ғылымнан пайда болды ма? Жоқ. Сол ғылымнан милиондаған адамзат зардап шекті. Өйткені адамзатты мыңдап қырып жіберетін қару ойлап тапты. Қанша ілім мен ғылымды үйреніп алайда, жүрегіңде иман болмаса бәрі бекер екенін түсіндік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АБАЙ ӨЛЕҢІНДЕГІ АДАМШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

«Қабыл көрсе сөзімді, кім таныса сол алсын» деген Абай атамыздың сөзімен бастағанды жөн көрдім. Абай атамыздың бұлай дейтіні сөз тыңдаған, сөз қадірін білетін адамға асыл маржан болмақ. Ол өз шығармаларын халқына арнап жазды. Өлеңдерім мен шығармаларымды оқыған әрбір қазақ баласы осы еңбектерімнен ой түйер, надандықтан, сауатсыздықтан арылуға жол көрсетер деп білді. Расында, Абайдың қай шығармасын оқысақ та тәрбиелік мәні зор шығармалар. «Екі түрлі нарсе ғой сыр мен сымбат» деп өзі айтпақшы, әр құбылысқа тән сыртқы сымбат пен ішкі сырды айыра білу керек. Абай мұрасының ұлылығы, ішкі сыр мен мәнде жатыр. Абай наданның көкірек көзін ашпақты, көпке Құдай тағала барын білдірмекті мақсат тұтқан данышпан. Поэзиясы арқылы халқының рухын байытып, сана-сезімін өсіруге бар күшін салды. Абай айтқан даналық өсиеттер, барша мұрасы ұлтымызға қалтқысыз еңбек етті. Тозбайтын, тозғанның орнына түлей беретін киелі қазына екеніне көз жетті. Міне, сондай бір тозбайтын дүниесінің бірі және ақынның бар арман мақсаты анық көрініс табатын көлемді туындысы «Сегіз аяқ» өлеңі.

«Сегіз аяқ» – заман құбылыстары мен қоғам өмірінің шындықтары түгелдеп қамтылған феномен жыр. Қазақ өмірінің барлық қырларын кең көлемде қамтыған ғажайып туынды. Бұл өлеңге М.Әуезов былай деп биік бағасын берген: «Сегіз аяқ» - ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен белдей әрі мол, әрі бар жағынан көркем келісті шыққан зор шығарманың бірі. «Сегіз аяқ» демегі – сегіз жолдан қайырылған шумақтар болған соң айтылған. Өзінен бұрын ешкім таппаған қиын ұйқасты шебер түрге Абай әдейі арнап ән де шығарады. Бұл да өлеңнің мазмұны мен мақсатына ақынның ерекше зер салғанын көрсетеді.

Өлеңде сана-сезімі таяз, тартымсызға пенделердің сиқы, сипаты беріліп, сол ортада жалғыз қалған халін паш еткен. Фәни дүние шырғалаңынан шығу жолдарын көрсеткен. Бұл шығармасында Абай атамыз екі үлкен мәселеге көңіл аударған. 1. Адамшылық мәселесі. 2. Қазақ қоғамының мүшкіл жағдайы (осы адамшылықты аяққа таптаған қазақтың надандығын айтады)

Абай бұл өлеңінде жаман мінезді сөгу арқылы мәрт мінезді болуға, елдікке шақырады. Надандықтың қою қараңғылығын адамдықтың жарық сәулесімен жоюды тіледі. Соған шабытты, ызалы, ащы сөздің қуатын қолданады.

Қай заманда болмасын адамдықтың қас жауы «надандық» екенін айқын көрсетеді. «Сегіз аяқ» өлеңінің өн бойында ақын осы надандыққа қарсы ымырасыз майдан ашады. Абайдың ілімі бойынша адамның үш болмысына сәйкес надандықтыңда үш деңгейін көруге болады.

  1. Физикалық надандық (адам тек ішсем, жесем деген мақсатта өмір сүреді)

  2. Ақыл ес деңгейіндегі надандық (ол табиғатты ластауы, табиғатты ластауы арқылы өл өзінің құрып кететінін білмеуі)

  3. Рухани надандық (бұл Алланың іліміне қарсы шығу)

Өлең жолдарындағы «Білгенге маржан, білмеске арзан»

«Қайнайды қаның, ашиды жаның»

«Болмашы кекшіл, болсайшы көпшіл»

«Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей»

«Біріңді, қазақ, бірің дос – көрмесең, істің бәрі бос»

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын»

«Білмеген соқыр, қайғысыз отыр»

«Ғылымды іздеп, дүниені көздеп. Екі жаққа үңілдім» деген көп ұлағатты сөздер қазіргі кезде қанатты афоризмдерге, халық аузындағы мақал-мәтелдерге айналған. Бұл сөздерде философиялық мән-мағына да тереңде жатыр. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық. Аздырар адам баласын» деген сөздердің ішкі сырына үңілер болсақ, бұл жеке адамдар ғана емес, ұлы империялардың құлдырап, іріп-шіру себебін көрсететін қоғам заңдылығы. Күш қайраты жұмсалмаған елді рухани азғындау жолы күтеді. Ішкі тірегінен айырылған мұндай елді сыртқы жау оңай жеңіп, өзіне бағындыра алады. Осылай көптеген «өркениетті» деген мемлекеттер «жабайылардың» құрбаны болған. Тамағы тоқ, жұмысы жоқ адам «қайраттану, сілкіну» орнына ұйқы басып, балбырайды. Ой-өрісі тарылып, тек өзінің қара басын қамын жейді, не болмаса ойын-сауыққа беріледі. Осылай құлдырау жолына түседі.

Абайдың «Таласып босқа, Жау болып досқа, Қор болып құрып барасың. Өтірік шағым толды ғой» - дейтіні сол. Бізде өмірімізді осы заңдылық аясында қарастыратын болсақ, бүгінгі күнгі әлеуметтік жаралар тек өз кінәмізден екеніне көз жетеді.

Осы бір өлең жолдарында былай дейді:

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған;

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған –

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.

Бұл жердегі «Тағыны жетіп қайырған» деген жолдарда, қазақ малды асыранды және тағы деп екі топқа бөлген. Түзде өз бетімен өскенді, айталық, жылқыны «тағы» дейді, өйткені, оны алдымен үйрету керек. Қазақ ұғымында сол тағыны (асауды) үйірге қосу – күштіліктің белгісі. Сол асау құсап, тәрбиесіз, қыңыр, тентек өскен адамның әрі қараған бетін бері қаратып, оның ішкі мұзын ерітетін күш бұл «сөз» құдіреті. Шәкәрім атамыз «Сөз – Құдайдан шыққан бу» демекші, адамның ой-санасын өзгертіп, мінезін түзейтін құрал – тек сөз киесі ғана. Абайдың айтпақ ойы да осы. Оған «Сегіз аяқ» өлеңі дәлел, әр қазақтың көңілін ашып, мінезін түзеуге өлшеусіз үлес қосты.

Мына жолдарда Абай: «Білмеген соқыр, Қайғысыз отыр, Тамағы тойса жатуға» деп қамығады. Жастар өнерсіз, құр елтең-селтеңмен жүр, үлкендер қайғысыз, ойлағандары – қулық-сұмдықпен пайда табу. Көпшілік өмірдің бар қызығы махаббатта, яғни адамды сүюде екенін білмейді. Құдай жолы – әділетпен өмір сүру екенінде білмейді деп қайғырады.

Кісілік деген не? Адамдық идеал қайсы? Өмір мағыналы болу үшін не істеу керек? Иман тазалығы деген не? Ұжданды болу, ар ойлау деген не? Әрбір жасты толғандыратын сауалдар бұлар. Бұл сауалдарға жауапты қайдан аламыз? Әрине, Абайдан, Абай мұрасынан аламыз дегім келеді. Өйткені, өткен ғасырдың Абай ғасырындағы қауымның санасын жаңғыртқан, ұлт рухының кәусәрі болған Абай тағылымы. Абайды ойшылдық қырынан танып-білу арқылы парасат биігіне жететініміз айқын. Ұлттық мінез бен ұлттық психологияны түзеудің күшті құралы пайдалана білуіміз қажет. Абай мұрасының өміршеңдігі мен өзектілігі жоғалған жоқ. Жоғалмайды да.

Абайдың «Ары бар, ақылы бар, мейірімі бар, махаббаты бар адамның бірін-бірі жеп, талап, қырып өсуі мүмкін емес» деген сөздеріне мән берейік. Ақыл қайратымызды жүрекке бағындары біліп, адамдық қасиетімізді жоғалтпай, адамзаттың бәрін сүйе білсек барлық зұлымдық атаулыға қарсы тұрарымыз хақ. Тарихқа үңіліп қарап –ақ ой түйюге болады. 19-20 ғасыр ғылымның қарыштап дамыған заманы болды. Ғылымның барлық саласына, сан түрлі технологиясына қол жеткіздік. Бірақ, бірақ сол алған ғылымнан пайда болды ма? Жоқ. Сол ғылымнан милиондаған адамзат зардап шекті. Өйткені адамзатты мыңдап қырып жіберетін қару ойлап тапты. Қанша ілім мен ғылымды үйреніп алайда, жүрегіңде иман болмаса бәрі бекер екенін түсіндік.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2025
89
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі