Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу 690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. 10 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне шексіз тегін доступ аласыз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу2 көрнекілік жүктеу
Дайын ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу1 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Ойындар бөлімі - арқан тартыс, бәйге т.б. ойындар жасау
1 - айлық
Стандарт
2990 ₸ / айына
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 30 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 астам материалдарды тегін жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу30 көрнекілік жүктеу
Дайын ҚМЖ бөлімінде 5 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Ойындар бөлімі - арқан тартыс, бәйге т.б. ойындар жасау
Іс-шараларға тегін қатысу (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
1 - айлық
Шебер 7990 ₸ / айына
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 150 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу90 көрнекілік жүктеу
Дайын ҚМЖ бөлімінде 20 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Ойындар бөлімі - арқан тартыс, бәйге т.б. ойындар жасау
Іс-шараларға тегін қатысу (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
Біліктілік арттыру курстарына тегін қатысу Шексіз
Назар аударыңыз!
Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
Ок
1 - айлық
Материал тарифі-96% жеңілдік
00
05
00
ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
1 990 ₸ 49 000₸
1 айға қосылу
Материалға шағымдану
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жариялаған:
Сулеймбекова Қарашаш Жетибаевна
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды
Абай Құнанбаев
Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев
Материалдың қысқаша нұсқасы
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ мен ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ
КАФЕДРАЛАРЫ, «ЛИНГВОАРНА» ҒЗжОӘ ОРТАЛЫҒЫ,
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАЖАЙ-ҮЙІ
«ҰЛТ БОЛМЫСЫ» ЖУРНАЛЫ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ:
ӨТКЕНІ, БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ
G-Global платформасында өткізілген ғылыми-әдістемелік
онлайн-семинардың
МАТЕРИАЛДАРЫ
2017 жылдың 12–19 қаңтары
АЛМАТЫ 2017
ӘОЖ 811.512.122: 821.0
КБЖ 81.2Каз : 83.3(5Каз)
А94
Баспаға Филология және әлем тілдері факультетінің
Ғылыми кеңесі шешімімен ұсынылған
Редакция алқасын басқарған:
Өмірхан Әбдиманұлы – Факультет деканы.
Күркебаев Кенжетай Кұрманбайұлы – Деканның ғылыми инновациялық және халықаралық
байланыстар жөніндегі орынбасары.
Ақымбек Съезд Шардарбекұлы – Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі.
Редакция алқасы:
Темірболат Алуа Берікбай – Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының
меңгерушісі.
Имаханбет Райхан Сахыбекқызы – Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының
доценті
Иманқұлова Салтанат Меркібайқызы – Факультеттің әдістемелік кеңес төрағасы.
Гүлжанар Амантайқызы – «Ұлт болмысы» журналының бас редакторы.
Жауапты шығарушылар:
Аширова Анар Тишибайқызы – «ЛИНГВОАРНА» филологиялық ғылыми-зерттеу және оқуәдістемелік орталықтың жетекшісі.
Егізбаева Назыкен Жаненқызы – Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті.
«Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы: өткені, бүгіні мен болашағы»:
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» атты қазақша әліппесіне 105 жыл толуына
орай ғылыми-әдістемелік G-Global платформасындағы онлайн-семинар материалдары (2017
жылдың 12-19 қаңтары). – Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2017 –165 бет.
ІSВN 978-601-04-2586-6
ІSВN 978-601-04-2586-6
© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология
және
әлем
тілдері
факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасы,
2017 ж.
МАЗМҰНЫ
Алғысөз........................................................................................................................................ 5
ЖАРЫССӨЗ БАЯНДАМАЛАРЫ
Сыздық Р. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуы ............................................................. 6
Уәлиұлы Н . Ұлттық жазудың ұлы диқаншысы ..................................................................... 9
Смағұлова Г. А.Байтұрсынұлы қазақтың шешендік сөздері жайында ................................. 14
Салқынбай А.Б. Ақымет Байтұрсынұлы – қазақ грамматологиясының атасы ................... 18
Жұбаева О. Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттардың А.Байтұрсынұлы
еңбектеріндегі көрінісі ............................................................................................................... 21
Ақымбек С.Ш. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ графикасы мәселесі ............................... 29
Бұлдыбай А.С. А. Байтұрсынұлының шешендік сөздердің жанрлары
туралы толғамдары ..................................................................................................................... 34
Имаханбет Р.С. «Оқу құралы: қазақша алифба», «Әліб-бій: жаңа құрал» оқулықтары
туралы аңдату және кейінгі басылымдарына жалпы шолу .................................................... 37
І. А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ, ЖАЗУ, ТЕРМИНОЛОГИЯ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Амантайқызы Г. Қазақ көсемсөзінің қалыптасуындағы Ахмет
Байтұрсынұлының қызметі........................................................................................................ 45
Аширова А.Т. Тіл білімінің алтын діңгегі – Ахмет Байтұрсынұлы ...................................... 47
Ахметалиева Г., Зайсанбаев Т. А. Байтұрсынұлы және қазақ тілінің дыбыстық жүйесі . 50
Әміров Ә. А. Байтұрсынұлы ұсынған лингвистикалық терминдер ...................................... 53
Егізбаева Н. Ж. А. Байтұрсынұлы еңбектеріндегі рай категориясының жіктелу
ерекшеліктері .............................................................................................................................. 56
Есболаева И.А, Базарбекова Н.Ш., Бектаева С.О. Қазақ тіл білімінің негізін
қалаушы ....................................................................................................................................... 59
Жұбаева О. Ахмет Байтұрсынұлының терминжасам ұстанымдары................................... 61
Иманалиева Ғ.Қ. Экспрессия, эмоция терминдерінің А. Байтұрсынұлы
еңбектерінде берілуі ................................................................................................................... 67
Иманғазина А. А. Байтұрсынұлы және семасиология мәселелері ....................................... 71
Иманқұлова С. Ахмет Байтұрсынұлы және тілді меңгертудегі берік ұстаным .................. 74
Күдеринова Қ.Б. А. Байтұрсынұлының емле ұстанымы,
орфограммалау тәсілдері ........................................................................................................... 77
Күдеринова Қ.Б. А. Байтұрсынұлы жазуының графика-орфографиялық
ерекшеліктері .............................................................................................................................. 83
Қондыбай К. Ахмет Байтұрсынұлы және жазу мәселесі ....................................................... 88
Мамырбекова Г.М. А. Байтұрсынұлы әліпбиіне қатысты қоғамда орын
алған пікірталастар ..................................................................................................................... 91
Мамырбекова Г. М. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әліпбиін (алфавитін)
жасаудағы қызметі...................................................................................................................... 95
Мұратбек Б.Қ. А. Байтұрсынұлы зерттеулеріндегі тіл қисыны(стиль), сөз мәдениеті,
сөз өнерінің ғылымы мәселелері ............................................................................................... 101
Садуақас Н.А. А.Байтұрсынов еңбектеріндегі жазуы мәселесі .......................................... 104
Саткенова Ж.Б. Тілші-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының тілдік талдау жүйесіне
қатысты әдістемелік көзқарасы туралы.................................................................................... 108
Турабаева Л.К., Әбдікерімова Г.А., Сайлаубеков А.Н. А. Байтұрсынұлы –
қазақ терминологиясын қалыптастырушы .............................................................................. 110
Түсіпқалиева Р.Қ. Білімнің бастауы – ұлт тілінде .................................................................. 113
Шыныбекова А.К. А. Байтұрсынұлы және қазақ терминдері ............................................... 114
3
ІІ. А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ, ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Айтжанова Г.С. А. Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысалы ....................................... 121
Әбдікерімова Г.А., Турабаева Л.Қ., Бектаева С.О. А. Байтұрсынұлының мол
мұраларының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы ...................................................................... 123
Базарбекова Н.Ш., Есболаева И.А., Көшербаева Г.М. А. Байтұрсынұлы – бостандық
пен тәуелсіздік жолындағы күрескер ....................................................................................... 125
Бектаева С.О., Әбдікерімова Г.А., Мадалиева А.Б. Ахмет Байтұрсынұлының
әдебиет теориясы саласындағы еңбектерінің маңыздылығы ................................................. 127
Бекназаров Б.А. Ахмет Байтұрсынұлы және Алаштың айбынды тағылымы ..................... 129
Бөгенбаева Ә.Б. Ахмет Байтұрсыновтың креативті көзқараста туған тәржімалары ......... 133
Жаметова Ж. А. Байтұрсынұлы мысалдарын орта мектепте оқыту.................................... 138
Матенова Ғ.Ж. Ахмет Байтұрсынұлы шығармасы арқылы өлеңнің мазмұны мен
идеясын меңгерту ....................................................................................................................... 142
Мұқашев Т. А. Байтұрсынұлы публицистикаларындағы халық тағдыры ........................... 149
Мұқашева А. Б. Момышұлының Ахмет Байтұрсынов жайлы көзқарастары ...................... 151
Оспанова А. Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлік күрес бағыты .................................... 154
Рамазанова Ш.Ә. Ахмет Байтұрсынұлы және шығарма тілі ................................................ 158
Смағұлова С.Ә. Ағартушының қазақ әліпбиі және оның қазақ тарихындағы маңызы ..... 161
4
АЛҒЫСӨЗ
Халқымыздың ұлттық ғылым тілінің дамып, терминологиялық қорының қалыптасуы,
әдебиеттануда теориялық ұғымдардың зерделенуі Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерімен
тікелей байланысты, бұған қоса оның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылымиұйымдастырушылық қызметі саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеуде ерекше рөл атқарған. Ұлы
ғұлама ғалым, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының қазақ
тіл білімінің қалыптасуына ұйытқы болуы, оның ұшан-теңіз еңбегі жайлы Тәуелсіздік
жылдары көптеген іргелі ғылыми зерттеулер жүргізілгені белгілі және бүгінгі ұрпақ ғалым
еңбектерін сан қырынан тани бермек. Осы жинаққа енгізілген ғылыми-әдістемелік
мақалалардан ұлт ұстазының асыл мұраларының тіл білімі, әдебиеттану, тарих, әдістеме
бойынша зерделенуін түйсінуге болады.
Жинаққа Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылған Ұлт
ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» атты қазақша әліппесіне 105 жыл толуына
орай G-Global платформасындағы ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар материалдары
топтастырылып отыр. Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» атты қазақша әліппесіне 105
жыл толуына орай G-Global платформасындағы ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар
филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасы, қазақ әдебиеті және
әдебиет теориясы, «Лингвоарна» ҒЗжОӘ орталығы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі, «Ұлт
болмысы» журналының ұйымдастыруымен Республикалық деңгейде өтті. G-Global
платформасындағы онлайн-семинарға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
оқытушы-профессорларымен қатар, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
ғалымдары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қ.Жұбанов
атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлары, колледж,
мектеп мұғалімдері, тарихшылар, журналистер, студенттер қатысты. Онлайн-семинар
барысында сөз алған ғалымдар ұлылығын ғасырлар бойы ұлықтауға болатын ұлт ұстазы
еңбектерінің құндылығы жайлы, бүгінгі таңдағы қазақ тіл білімі, әдебиеттану, білім беру
ісіндегі өзекті мәселелердің басын ашудағы Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің құндылығына
тоқталды. Ғалымдар ойларының тұжырымдары жинақталып, осы жинақтың құрастырылуына
негіз болды.
А. Байтұрсынұлының тіл білімі, терминология, жазу мәселесіне қатысты еңбектері
бойынша жазған ғалымдардың зерттеулері жинақтың бірінші бөліміне топтастырылды.
Жинақтың екінші бөлігінде ұлт ұстазы еңбектерінің әдебиеттану саласы бойынша
зерттеулеріне, шығармашылығының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығына тоқталған
мақалаларға орын берілді. Жинаққа енгізілген ғылыми-әдістемелік мақалалардың Ахмет
Байтұрсынұлының қалдырған құнды мұрасының сан қырынан танып, ойға ой қосып, оның
өміршеңдігін көрсететініне сеніміміз мол. Осы мақсатпен онлайн-семинар материалдарымен
танысқысы келетін зиялы қауымға электронды жинақ ретінде ұсынып отырмыз. Жинақ Ахмет
Байтұрсынұлының еңбектері бойынша өз білімін кеңейіткісі келетін зиялы қауымға, ғалымдар
мен ұстаздарға, магистранттарға, студенттерге арналады.
Жинақ бойынша ұсыныс-пікірлеріңіз болса әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің қазақ тіл білімі кафедрасына хабарласуларыңызға болады: 8 727 3773339, ішкі
1327.
5
ЖАРЫССӨЗ БАЯНДАМАЛАРЫ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ
Сыздық Рәбиға
Ұлттық Ғылым академиясының академигі,
филология ғылымдарының докторы, профессор
ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қоғамының саяси, мәдени
өміріндегі орны айрықша ірі тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы, алдымен, халқының өз тұсындағы
рухани көсемі, өз сөзімен айтқанда, «адалдықтың тұқымын себуші» парасатты перзенті деп
танылады. Ол – бүгінде тұтас бір институттың немесе ондаған авторлар ұжымының жұмысын
бір өзі істеген еңбек иесі, атап айтсақ, А. Байтұрсынұлы – сол кезеңдегі алты миллион қазаққа
ұлттық жазу жасап берген реформатор; қазақ балаларының ана тілдерінде оқуына күш салған
қоғам қайраткері; ұлттық мектептерде балалардың өз тілінде сауатын аштыратын
«Әліпбилердің», әрі қарай оқытатын оқулықтардың авторы; ұлттық ғылым саласы – қазақ тіл
білімінің іргетасын қалаушы лингвист-ғалым; қазақ әдебиеттану теориясын тұңғыш рет
ұсынушы филолог-ғалым; халқының мәдениет тарихын зерттеуші тұңғыш мәдениеттанушығалым; ана тілін оқыту әдістемесін жаңа сипатта ұсынушы жаңашыл-педагог; осы күнгі
ұлттық академиямыздың іргетасын қалап, Қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардың бірі;
қазақ тілі мен әдебиетінің тұңғыш профессорларының бірі. Осылардың барлығының үстіне ол
– қазақ сөзінің құдіретін танытқан сөз зергері – ақын, кезінде «көсемсөз» деп аталған жаңа
жанрдың көшбастаушысы, ірі публицист, қазақтың ән-күйін жақсы білген өнер иесі.
Бұл мақалада А. Байтұрсынұлының осындай көп қырының біріне – ұлттық жазу мен
оқу-ағарту ісіндегі тарихта теңдесі жоқ қызметіне оқырман назарын аудартамыз. 1929 жылы
«жаңа дәуірдің», «советтік мәдениеттің», қысқасы, коммунистік саясаттың тепкінімен латын
жазуына алмастырылған қазақ әліпбиінің тарихы қалың жұртшылыққа аян. Ол әліпби
(графика) араб таңбаларын пайдаланған, бірақ араб жазуы емес, ұлттық қазақ жазуы
болатын. Кезінде мұны өзге түркі халықтарының, орыстың білімпаздары мен қазақ қауымы
«Байтұрсынұлы жазуы» деп атаған еді [1], ал Ахаңның өзі мұны «Қазақ жазуы» деді. «Қазақ
жазуы» деуінің орны бар еді. Бұл әліпбидің негізі араб таңбалары болғанымен, ол «араб
жазуы» деп атала алмайды, өйткені қазақтың жазба дүниесіне арналған бұл алфавит қазақ
тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріліп, жаңаша түзілген, яғни қазақ тілінде жоқ
дыбыстардың таңбалары шығарылып тасталған, ал араб алфавитінде жоқ кейбір таңбалар
қосылған мүлде жаңа әліпби болды. Демек, көрсетілген екі атаудың екеуі де дұрыс еді:
«Байтұрсынұлы жазуы» болып аталуы – ғалымның осы әліпбиді түзуде, қазақ тіліне
икемдеуде, оның дұрыстығын дәлелдеуде сіңірген қыруар енбегін, «маңдай терін» бағалау
болса, «қазақ жазуы» деп аталуымен оның ұлттық мәдениеттің көрсеткіші екендігі танылады.
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім, жақын емес, алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,
Дедім: «Сен де қатарынан қалыспа!» –
деп, халқының болашағын тереңірек ойлаған Ахаң 1910 жылдардан бастап қазақтың өз жазуын жасауды, сол жазумен оқытатын оқулықтар мен құралдарды тұңғыш рет дүниеге келтіруді
қолға алады.
Қазақтың ұлттық жазуын түзу үшін сол әліпбидің қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сай болуын көздеу керектігін ғалым жақсы біледі, ал қолданып отырған таңбалар жүйесі осы
қалпында қазақ тіліне қолайлы емес екендігін де терең танып, оны ана тілімізге икемдеп, қайта
түзуге кіріседі. Демек, халқымыздың бұрыннан сан ғасыр бойы пайдаланып келген араб
әліпбиін негіз етіп алады. Мұның қисыны бар-ды: біріншіден, халық бұрынғы жазба
6
мұраларынан, бұрынғы жазу-сызу дәстүрінен және туысқан түркі халықтарының да мәдени
қазынасынан қол үзіп қалмау мұраты көзделді. Қазақ халқының да XX ғасырдың алғашқы
онжылдықтарына дейін аз ба, көп пе жазба дүниесі болды, қазақтың мұсылманша
сауаттылары бұрынғы-соңғы түркі жазбаларын еркін оқи алатын болды. Міне, осылардан
бірден қол үзіп кету, яғни түр-тұрпаты мүлде басқа жазуға, айталық, латынға немесе
кириллица деп аталатын жазуға көшу білім-ғылымға талпына бастаған, өзге елдермен терезе
теңестіруге құлшына түскен, қысқасы, «қазан аузы жоғары тұрған» қазақ халқының мәденирухани дамуына кері әсер етуі сөзсіз еді. Екіншіден, Ахаң сияқты терең білімді, аса ақылды
адам гәп жазу таңбаларының тұрпатында немесе оңға не солға қарай жазылатындығында емес,
сол таңбалардың ұлттық тілдік дыбыс жүйесіне сай келуінде және осы әліпбимен жазудың
дұрыс тәртібін, яғни емле ережелерін сәтті түзуде екенін жақсы түсінді. Сондықтан қазақ
жұртының көзі үйреніп, қолы жаттыққан араб таңбаларының ішінен қазақ тілінің дыбыстық
табиғатына сай түсетіндерін таңдап алып, араб, парсы сөздеріне ғана тән таңбаларын шығарып
тастап, араб жазуында жоқ бірен-саран таңбаны жаңадан қосып, мүлде соны әліпби түзді.
Әрине, ешбір құбылыс, оның ішінде ұлттық жазу сияқты ауқымды әрекет бірден, бір
күнде, тіпті бірер жылда жүзеге аса қоймайтыны белгілі. Ұлттық әліпбиді жасау қолдан
келгенмен, бұған ғалымның (түзушінің) білім-танымы жеткенмен, оның қажеттігін, жөнжосығын, дұрыстық-түзулігін дәлелдеу, өзгелерге түсіндіру сияқты қыруар шаруаны жасау
керек. Сондықтан Ахаң ғалым, зерттеуші ретінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен оны
таңбалайтын әріптер жайындағы пікірлерін 1912 жылдардан бастап «Айқап» сияқты журнал
мен «Қазақ» сияқты газеттің беттерінде білдіре бастайды, өзгелермен айтысады, өз жобасын
ұсынады, оны түсіндіреді. Ең үлкен жаңалығы — өз әліпбиіне «дәйекші» дегенді енгізгені.
Сөздің оң жақ шекесіне қойылатын дәйекші белгісі сол сөздің тұтас жіңішке оқылатындығын
көрсетеді, ал бұл – алфавитті қазақ тілінің ерекшелігі болып саналатын үндестік заңдары —
сингармонизм дегенге икемдеу амалы екенін көреміз. Мұндай икемдестіру өте қажет, өйткені
қазақтың төл сөздері тұтасымен не жуан, не жіңішке дауысты дыбыстармен келетіндігін осы
дәйекші арқылы көрсетуге болады. Дәйекші тұрса, сөз ішіндегі дауыстылар жіңішке болғаны.
Сондықтан Ахаң: «Жіңішкелік үшін жалғыз ғана дәйекші белгі алып, 43 түрлі дыбысты 25
белгімен дұрыстап жазуға болады», – дейді [2].
Байтұрсынұлы түзген араб таңбалы қазақ жазуында әріптер саны аз, бірақ олар қазақ
тілінін барлық дыбысын таңбалай алады. Мысалы, осы күнгі жазуымыздағы е, ө, і, ү сияқты
төрт дыбысқа Байтұрсынұлында таңба жоқ, олар не дәйекші арқылы, не сөз ішіндегі е, к, г
сияқты жіңішке дыбыстарға қарап оқылады. Бұл да қазіргі біздерге жаңа графиканы
таңдағанда ескеруге болатын амал сияқты: ретін (сөздің «оң шеке», «сол шекесін») тауып,
жүзеге асыра алсақ, дәйекші факторы уәжсіз болмас еді (әрине, жаңа жазу таңбаларын таңдау,
оларға лайық емле ережелерін түзу – өз алдына арнайы қозғайтын әңгіме, біз бұл жерде
«Байтұрсынұлы жазуының» ескеруге болатын пайдалы тұстарын атау үшін ғана сөз етіп
отырмыз).
А. Байтұрсынұлы түзген әліпбиді оның алғашқы ұсынылған кезінен бастап қазақ
жұртшылығы, әсіресе сол кезеңдегі мұғалімдер қауымы еш талассыз бірден қабылдады, оны
іс жүзінде қолдана бастады. Мысалы, 1915 жылдың бір өзінде бұл жазумен 15-тей кітап басылып шығыпты. Сондай-ақ Ахаң ұсынған «жаңа емле» 1913 жылдардан бастап мұсылман
медреселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастайды. Бұған оңды ықпал еткен
жайттардың бірі – А. Байтұрсынұлы 1910 жылдары жазу таңбаларын түсіндіретін «Баяншы»
атты құрал мен кейінірек «Әліпби астары» атты әдістемелік еңбектерді жарыққа шығаруы
және 1914-1915 жылдардан бастап қазақ мектептері үшін «Оқу құралы» (қазіргі «Әліппе»),
«Тіл – құрал» (қазіргі грамматика оқулықтары) атты құралдарды қоса ұсынуы болды.
Ахмет Байтұрсынұлы өзі түзген әліпбиін әрі қарай да қырнап, түзете түседі, оның
полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін оқыту барысындағы тиімді-тиімсіз
тұстарын салмақтайды. Сөйтіп, араб таңбалары негізінде түзіліп, қазақ тіліне лайықталған
жазу 1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланып,
ресми түрде қабылданады.
7
А. Байтұрсынұлының бұл тәжірибесін өзге түркі халықтары сол кезде үлгі тұтып, олар
да өз жазуларына өзгерістер жасай бастайды.
Ресейдің қол астындағы түркі халықтары 1929 жылы жаппай латынға көшкенде, оны
қабылдау барысындағы жиын-жиналыстарда А. Байтұрсынұлы, М. Дулатовтардың араб
таңбалы қазақтың ұлттық жазуын сақтап қалуға күш салғанын, айтыстарда дәлелдеп
шыққандарын білеміз, бірақ саясат тоқпағы күшті болып, ұлттық дербестік, ұлттық мәдениет
сияқты киіз қазықтар жерге кіргенін де ұмытқанымыз жоқ...
Сөйтіп, А. Байтұрсынұлы түзген «Қазақ жазуы» Қазақстанда 17-18 жылдай жақсы
қолданылып, енді тұрақтай бастағанда, күшпен тарих сахнасынан түсті, бірақ мүлде құрдымға
кеткен жоқ: ұлттық араб жазулы мол мұра қалды, 1930 жылдарға дейін хат танығандардың
күнделікті қолданысында орын алып келді. Мысалы, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит
Мүсірепов сынды ілгергі буын ақын-жазушылары қолжазбаларын ең соңғы күндеріне дейін
осы жазумен жазып қалдырды.
Уақыт өте келе өткендегі жазба дүниелерімізді, тіпті XX ғасырдың алғашқы
онжылдықтарында жарық көрген кітаптар мен газет-журналдарымызды оқып-білудің
қажеттігін сезіне бастадық. Осы себептен 50-60-жылдардан бастап университеттер мен кейбір
пединституттардың филология факультеттерінде «араб жазуы» деген атпен (ол кезде
Байтұрсынұлын атауға болмайтын) Ахаң түзген жазу студенттерге үйретіле бастады. Әрине,
ол студенттер үйренді, білді, бірақ бірен-сараны болмаса, көпшілігі оны күнделікті өмірде
пайдаланған жоқ. Дегенмен шын асыл зат өз қасиетін жоймай, бір жерде болмаса екінші
жерде, бір кезде болмаса екінші кезеңде кәдеге асатыны белгілі. Соның бір куәсі – Қытай
Халық Республикасындағы, Иран мен Ауғанстандағы қандастарымыздың күні бүгінге дейін
«Байтұрсынұлы жазуын» қолданып отырғандығы. Шыңжандағы бауырларымыз да саясаттың
салқыны тиіп, он шақты жылдай латынға көшіп, араб таңбаларынан арылмақ болғанымен,
тиімді-тиімсізді салмақтай білген өмір талабы қазақ халқының маңдайына біткен бірден-бір
ұлттық жазуы – «Байтұрсынұлы жазуына» алып келді. Бұл күнде осы графикамен
Шыңжандағы қазақ туыстарымыз бүкіл оқу-ағарту ісін, баспа дүниесін жүзеге асырып отыр.
Ахаң түзген әліпби мен ол жасаған емле тәртібі мұнда өте жақсы қызмет етіп отырғанын
айтуға болады. Қытайдағы қандастарымыздың еңбегімен жарық көріп жатқан қаншама дүние
бүгінгі қазақтың тұтас жұртшылығының, яғни казақстандық, монғолиялық, ресейлік,
түркиялық, өзбекстандық қазақтардың да баға жетпес байлығы, жоғалмас қазынасы, алдағы
рухани-мәдени азығының мол қоры болып табылмақ. Осындай қазынаның иелерін бір-бірімен
табыстырып, таныстырып, жалғастырып отырған құралдың бірі – Ахаңның тер төккен еңбегі
– араб таңбалы «қазақ жазуы», ұлттық жазу.
Әрине, әріп таңбаларының қай түрінің де бір-бірінен артық-кемі жоқ. Әңгіме таңбаның
сырт пішінінде емес, әліпбидің дұрыс түзілуінде, оңтайлы қолданылуында. Әсіресе қазақ
сияқты миллиондаған адамы бар ірі халықтың тұрақты ұлттық жазуын таңдағанда, бүгінгі
ғылым дамыған заманда нағыз ғылыми негізге сүйеніп жасалуын, ұлттық ерекшеліктерді
құрбан етпеу жағын қатты ескеруіміз керек.
Қазақ халқының аз мерзімнің ішінде «қолынан өткен» үш графиканың өз кездерінде
қай-қайсысы да белгілі рөл атқарды, қоғамның сұранысын өтеді, қыруар мұра қалдыртты.
Сондықтан осы мақаладағы көздеген мақсатымыз аталған жазулардың бірін мақтап, екіншісін
даттау емес. Аз мерзім қызмет етсе де, қазақ қоғамында айтарлықтай із қалдырған, ұлттық
жазудың ғылыми негіздеріне жөн сілтеген, ұлттық табыстарымыздың бірі болып танылған
«Байтұрсынұлы жазуы» атты мәдени дүниелігіміздің сыр-сипатын, жасалу тарихын қысқаша
түрде баяндап, оқушы, студент, аспирант жастар мен олардың ұстаздарының және көпшілік
қауымның білім-танымын молайта түсуге көмектесу болды.
Қазақ қай елде жасамасын, бір жазуды қолданып, бір-бірінін жазба дүниесін оқып, біліп
отырғаны абзал екенін мойындаймыз. Бірақ тарих тәлкегімен бұл күнде Қазақстандағы,
Монғолиядағы, Ресейдегі, Өзбекстан, Кырғызстандағы қазақтар кириллица деп аталатын
«орыс жазуын», Қытай, Иран, Ауған қазақтары араб таңбалы жазуды, Түркия, Батыс Еуропа
қазақтары негізінен латын жазуын қолданып отырғанын да білеміз. Қайткен күнде де рухани
8
мәдениетімізді төмендетпей, көтере түсетін, жазба қазынаға деген сусынымызды қандыра
беретін, жас ұрпақты сауатсыз қалдырмайтын жазу деген құдіреттен айырылмау керектігін
сеземіз. Әзірге екі-үш түрлі әліпбиді қолданып отырсақ та, бүгінде қазақ халқының көзі ашық
сауатты, көңілі ашық саналы халық қатарына көтеріліп отырғанымызды да білеміз. Сондықтан
бүгінгі-ертеңгі қазақ жастары халқымыз пайдаланып отырған жазудың қай-қай түрін де біле
жүрсе, артық болмас, бұған тиісті оқу орындары да, осы мақала сияқты танымдық материалдар
да көмектеседі деп ойлаймыз. Бұл талап-тілекті жүзеге асыру барысында «Байтұрсынұлы
жазуының» өз орны бар екенін бүгінгі оқырман қауымға айта отырып, бұл жазудың иесі –
тарих құрбандығына шалынған Ахмет Байтұрсынұлындай арысымыздың есімін еске аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Поливанов Е.Д. Новая казак-киргизская (Байтурсыновская) орфография. (Спорные
вопросы киргизской графики и орфографии) // Бюллетень Среднеазиатского
государственного университета. – Ташкент, 1924. - Вып. 7.
2. Тіл – құрал (қазақ тілінің сарфы). Бірінші жылдық. - Орынбор, 1914. - 13-б.
ҰЛТТЫҚ ЖАЗУДЫҢ ҰЛЫ ДИҚАНШЫСЫ
Нұргелді Уәлиұлы

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Cан ғасырлық тарихы бар, өркениетті әлемге кеңінен тараған араб, латын, кирилл, т.б.
әліпбилері әр заманда ондаған тілдің жазба түрде қызмет етуіне негіз болып, жалпы адамзат
мәдениетінің дамуына, қоғамның ілгерілеуіне ерекше ықпал етті. Олардың біреуі "жақсы",
"керемет", екіншісі "түкке тұрғысыз", "нашар" деп үзілді-кесілді "үкім" шығаруға болмайды.
Мұндай үкім әліпби туралы айтыс-таласта бұрын да көп айтылған, қазіргі кезде де аз айтылып
жүрген жоқ. Әрине, белгілі бір тілдің дыбыстық құрылымына негізделген әліпби жүйесін
екінші бір тілге механикалық тұрғыдан көшіре салу оң нәтиже бермейді: ондай графикалық
жүйені игеру үшін мыңдаған адам, мейлі араб, мейлі латын, мейлі кирилл әліпбилері болсын,
артық уақыт, артық күш-жігер жұмсайды. Сондықтан мәселе белгілі бір әліпбиді нақты бір
тілдің дыбыстық жүйесіне оңтайлы етіп беруде болып отыр.
ХV-ХVІІ ғ.ғ. қазақ мемлекеттігімен байланысты қазақ тілінде жазылған әртүрлі жазба
мәтін, құжат нұсқалар болды. Демек жазба тіл болғаны хақ. Қазақ хан-сұлтандарының бұйрықжарлықтары, көрші елдермен жазысқан дипломатиялық қатынас қағаздары, өзара жазысқан
хаттары т.б. ескі қазақ жазба тілінің үлгі-нұсқалары болып саналады. Академиктер
Ә.Марғұлан, Р.Сыздық т.б. ғалымдар Қадырғали би Жалайыридың тарихи жазбалары,
Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресін» ескі қазақ жазба тілінің бастау көздеріне жатқызады.
Проф. Бабаш Әбілқасымов «Түркістан уәлаяты» (1870-1882), «Дала уәлаяты» газеттерін ескі
қазақ жазба тілінің үлгілері деп таниды. Сондай-ақ Мәшһүр Жүсіптің жазба мұраларында ескі
қазақ жазба тілінің үлгілері молынан кездеседі.
Рас, ескі қазақ жазба тілінің жазу жүйесі күрделі. Өйткені оның құрылымы әртекті
(гетрогенді) болды: 1) қазақ тілінің элементтері, 2) ескі қыпшақ тілінің элементтері,
3) қарлұқ, оғыз-қыпшақ, сондай-ақ араб-парсы тілдерінен алынған ауыс-түйістер молынан
кездесіп отырды. Осыған қарап кейбір зерттеушілер бұл тілді шағатай немесе ескі татар тілі
деп қате тұжырым жасады. Қазақ топырағында жасалғандықтан, қазақ қоғамына, қазақ
мемлекетіне қызмет еткендіктен, қазақтың халық тілі элементтері, әуелде аздау болғанымен,
кейініректе молынан қолданылғандықтан, бұл тіл е с к і қ а з а қ ж а з б а т і л і деп арнайы
терминмен аталып жүр.
Әрине, ескі қазақ жазба тілі бастан-аяқ қазақтың халық тілі болмағанмен, сауатты, хат
танитын адамдардың қатынас құралы болып, қоғамның мәдени қажетін өтеді.
Әсіресе ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ағартушылар, белгілі түркітанушы
ғалымдар жазу-сызуды реформалау қажеттілігіне айрықша назар аударып, демократиялық
9
бағытқа қарай бетбұрыс жасауды көздеді. Жазу-сызуды демократияландырудың негізгі мәні
жазуды барынша халық тіліне жақындату еді. Жазу жүйесіндегі таңбалар ауызша тілдің
дыбыстық жүйесіндегі бірліктерді бейнелеуге тиіс болды. Ал бұрынғы араб әліпбиіне
негізделген түркі жазуының графикалық жүйесінде ауызша қолданыста жоқ архаикалық
элементтер мен орфографиялық шарттылықтар, екіұшты оқуға болатын таңбалар жиі кездесіп
отырды. Міне, мұндай жайттар араб әліпбиінің түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне жарамсыз
деген пікірлердің жиірек айтылуына себеп болды. Бұл жерде араб әліпбиін "жарамсыз" деуден
бұрын, алдымен араб әліпбиіне негізделген түркі жазуы қайсы тілдің дыбыстық жүйесінің
графикалық көрінісі деген мәселенің басы ашылмаған болатын. Шындығында, ол кездегі түркі
жазба тілі белгілі бір халықтық тілдің ("тірі" тілдің) лексикалық, грамматикалық, дыбыстық
жүйесінің дәлме-дәл бейнелеген емес. Ол халықтық тілден едәуір айырмасы бар кітаби тілдің
тұрпат межесін белгілейтін графикалық жүйе болатын. Сондықтан сол кездегі тілдік
жағдаятты халық тілі өз алдына, ал жазба тіл өз алдына жүйе деп тануға болады. ХІХ-ХХ ғ.ғ.
мұндай гомогенді диглоссия жағдаяты ағарту ісін қалың бұқараға қарай бұру ісіне қиындық
келтіре бастады. Жазу-сызуды азғана топтың емес, жалпы жұртшылықтың игілігіне
айналдыру мақсаты тұрды. Бұқара жұртшылықтың сөйлейтін тілінен оқыған сауатты адамдар
қолданатын кітаби тіл жүйесінің едәуір айырмасы болды. Осымен байланысты барлық
ағартушылар алдында екі түрлі бағыт тұрды. Бірі бұрынғы кітаби тілдің жазу жүйесін
өзгертпей-ақ халықтық тілдің элементтеріне кеңінен жол ашу; екіншісі - жазу-сызуды ауызша
тілдің жүйесіне лайықтап жасау, яғни жазу-сызу жүйесін түбегейлі реформалау еді.
Жазу-сызумен байланысты бұл екі бағыт қазақ қоғамының мәдени өмірінде жарыса
жүрді. "Дала уалаяты", "Айқап", "Қазақ" т.б. мерзімді басылымдар мен кейбір баспа өнімдері
тіліне халықтық тіл элементтері дендеп ене бастағанмен, ескі жазба тілге тән кейбір нормалар
сақталып отырды. Оның бірнеше себептері болды. Солардың негізгілері, бір жағынан, дінге,
екінші жағынан, жазудағы ортақ дәстүрлі норманы сақтау дегенге саяды: "[...] үш жүз миллион
мұсылман халықтың арасында біз, қазақ та, бармыз. Біз де сол жүз миллион мұсылмандарша
араб хәрпін қабылдап отырмыз. Біздің тіліміздегі бар дыбыстардың араб хәрпінде жоқтары
бар, араб хәрпінде бар дыбыстардың біздің тілімізде жоқтары бар. Соның үшін араб хәрпін
тілімізге дөп келерлік етіп бейімдемек, жазуды еркін бет-бетімен жаза бермей, белгілі бір
соқпаққа салмақ бізге де міндет. Бұрын бұл мәселе ескерілмесе де, енді ескерілетұғын
көрінеді. Соқпақ саламыз дегенде ескерілетін жерлер:
Біз, қазақ халқы, мұсылман дініндеміз, мұсылман болғанымыз үшін біздер мұсылман
дінін үйренуге, шариғат хүкімдерін білуге, ислам дінінше амал қылуға борыштымыз. Ислам
дінінше амал қылу үшін біз "Құран" оқуға, үйренуге міндеттіміз. Соның үшін біз өзімізге
арнап емле түзгенде, сол ислам дінін үйренуден алыстарлық емле қолданбаумыз керек.
Балаларымыз діни рухта тәрбие алсын. Жұрттың бәрінің бірдей балаларын зор медреселерге
жіберіп, ислам ғылымын түгел оқытуға парасатты бола қоймайды; бір қатарлары балаларын
тезірек хүкімет мектебіне береді; бір қатарлары намаздығын танып, жазу-сызу білетұғын
болған соң үй шаруашылығына айналдырады; соның үшін де балаларымыздың жасынан-ақ
дін ғылымына түсініп, құран оқуға үйренуі, араб хәріптеріне жаттығулары тиіс. Қазақша
"Әліппе" жазушылар осы жағын өте ескеру керек. Осы күнгі қалыпта хүкімет мектептерінде
оқып жүрген қазақ шәкірттерінің көбі-ақ бұл айтылған қалыпқа келіп жетпейді. Араларында
құран аятынан екі жол қосып оқи алмайтындары да толып жатыр, бұл – бір.
Екінші, хәріп жаңа "Әліппе" жұртты қосуға да, айыруға да себепкер болғандықтан,
біздің тұтынған хәрпіміз басқа түркі балаларының хәріптерінен ұзақтап бөлініп кетпеске тиіс;
аталарымыз "саяқ жүрсең таяқ жерсің" депті ғой. [...] біз не де болса бізден көрі мәдениет
дyниясына бұрын аяқ басқан, бізден көрі ояуырақ діндес-қандасымыз ноғай жұртынан алыс
жүрмелік. Соларменен ұрандасып, бірімізге біріміз шылбыр берісіп, бірге қимылдалық"
(М.Сералин. Айқап. №4, 1914).
Ал екінші бағыт ескі кітаби тілдің грамматикалық жүйесінен (араб әліпбиінен) мүлде
бас тартып, орыс жазуына көшу болатын. Бұл жөнінде кейбір қазақ оқығандарының арасында
айтылып жүрген пікірлердің сыңайы мынадай: "Инспектором инородческих школ
10
Оренбургского ученого округа г.Катаринским, при участии учителей-киргиз, составлен и
частью издан целый ряд книжек для чтения и элементарных учебников для изучения
киргизами русской грамоты и русского языка...
Важной особенностью всех этих книжек является то, что киргизский текст напечатан в
них русскими буквами. Этим достигается та выгода, что для учащегося киргиза до
невероятности облегчается возможность научиться читать на родном языке, если киргизские
слова изображены русскими буквами. Это потому, что русская азбука гораздо лучше и точнее
передает звуки киргизского языка, чем арабская, при том одна и та же арабская буква имеет
несколько начертаний, что представляет главное неудобство арабского алфавита. При том же,
при новом способе начертания киргизского текста, по одной и той же книжке могут с
одинаковым успехом учиться как киргиз русскому языку, так и русский киргизскому.
Счастливая мысль – заменить для киргиз арабский алфавит русским, как известно, впервые
пришла в 70-годах известному Алтынсарину, применившему ее на деле, и с тех пор составляет
мечту всех образованных киргиз, желающих облегчить своему народу путь к просвещению.
Тем более эти книги достойны внимания, что они являются первой после Алтынсарина,
попыткой освободить киргизский язык от арабщины и татарщины, которыми сплошь и рядом
наполнены обыкновенные киргизские книжки" (О.Альжанов. Полезные книги для киргизов).
Қазақ тілін "арабщина", "татарщина"-дан "құтқару" идеясы шын мәнінде
Н.Ильминскийдің миссионерлік саясатының "жемісі" болатын. Н.Ильминский қазақтарды
ашықтан-ашық ислам мәдениетіне қарсы қою әрекетінен нәтиже шықпасын жақсы білді. Қазақ
қоғамындағы ислам мәдениетінің түп тірегі жазуда екенін, бұратана халықтарды дәстүрлі
дінінен айыру үшін ең алдымен олардың әліпбиін, жазу-сызуын аластау екенін жақсы түсінді.
Қазақ қоғамындағы араб жазулы рухани дүниенің бәрін "татарша", "тілі шұбарланған", "таза
емес", араб-парсы сөздерімен шұбарлаған деп қазақтың ескі жазба тілі (кітаби тілі) деп
аталатын рухани-мәдени құндылықты халық тіліне қарсы қойды. Бірін даттап, екіншісін
мақтады.
"Алфавит служит обыкновенно признаком и памятником соотношений религиозных.
Та почти историческая аксиома, что когда один народ принимал от другого народа веру, то
вместе с верой принимал от него и алфавит.
...Если бы каким-нибудь чудом все подвластные России племена, исповедующие
магометанство, вдруг приняли православную веру, то и русский алфавит вошел бы к ним без
всякого затруднения. Но пока они остаются в магометанской вере, до тех пор русской азбуке
будет крайне трудно бороться с алфавитом арабским. Если, в виду тех или других
соображений необходимо ввести в языке магометанские племен русскую азбуку, то нужно
найти или создать какую-нибудь опору для нее в симпатии магометан. За недостатком
религиозного сочувствия, можно опереться, напр., на идею звукового преимущества.
Арабский алфавит очень неудобен для языков татарских, поэтому особенно, что бы беден
знаками для гласных звуков, которыми напротив языки татарской группы богаты" деп.
Н.Ильминский араб әліпби түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің дыбыс жүйесін,
әсіресе дауыстыларын бере алмайды деп, қазақ оқығандарын иландыруға тырысады. Қазақтың
ескі кітаби тілінің құрылым жүйесінде кездесетін а) архаикалық белгілерді,
ә) қарлұқ,
б) оғыз-қыпшақ, в) қыпшақ элементтерін, г) орфографиялық шарттылықтардың бәрін
"татардікі", "қазақтікі" емес деп уағыздайды. Сол уағызға ерген кейбір қазақ оқығандары
қазақтың ескі жазба тілін "татарщина", "арабщина" деп жағымсыз реңмен атады.
Н.Ильминский алғаш рет қазақ тілі материалдарын орыс жазуына түсіріп, орыс
әліпбиімен берудің үлгісін жасады. Ондағы көздеген мақсаты орыс әліпбиін қазақ
оқығандарының санасына сіңіру, сөйтіп, араб әліпбиін "жарамсыз" етіп, қазақ қоғамын ислам
мәдениеті мен рухани дүниелерін шеттету еді. Оны Н.Ильминскийдің мына сөзінен айқын
аңғаруға болады: "Так и у нас в России единство алфавита, даже самое точное, не приведет к
внутреннему единению инородцев с русскими, пока первые не объединятся с нами в вере
православной. Я даже полагаю, что иноверные инородцы, имеющие свою религиозную
письменность, как, например, татары-магометане, или ламайцы-буряты, не примут русского
11
алфавита ни целиком, ни с каки

Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
03.05.2020
178
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
шағым қалдыра аласыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген