Материалдар / Абай Құнанбаев туралы сыныптан тыс ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбаев туралы сыныптан тыс ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқа ұстаздарға қажет болар деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2020
1237
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай Құнанбаев туралы сыныптан тыс ашық сабақ

Теміртау қаласы, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ
 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кушербаев Тұтқабай Пушанович

Абай – дана, Абай –дара қазақта!
(ақын
ның 175 жылдығына арналған кеш)
Сабақтың мақсаты: 
1.    Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет беру; 
2.    Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту;
3.    Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының асыл мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу,сөз өнеріне, саз өнеріне деген сүйіспеншілікті ояту;
Сабақтың түрі: әдеби-музыкалық композиция
Сабақтың әдіс-тәсілдері: тіл дамыту,техникалық құралдар көмегіне сүйену.
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, интерактивті тақта, нақыл сөздер, ақынның      портреті, кітап көрмесі.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, музыка

Мұғалім сөзі:  Құрметті ұстаздар , оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз « Абай- дана, Абай- дара қазақта»  атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады.   Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар. Абай философ ,заңгер ,ақын, аудармашы,сазгер,дара ойшыл ,кемеңгер ,Абай жазба әдебиетінің негізін салушы ,гуманист , қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз. Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің  шығармаларын қазақшаға   аударды.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.

Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.

Мені мен, менікінің айырылғанын,

Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

Ал енді белсенді тақтаға назар аударайық Абай Құнанбаевтің өмірбаяны туралы видиосюжетті тамашалайық.

Сабақтың барысы: Сәкен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалады,(орындайтын СӨӨ-2019 тобының студенті Әбдекешова Сабина) әуенмен ортаға 2 жүргізушінің сүйемелдеуімен Абай образындағы Айткен Думан (МАК-2019 тобының студенті) шығады.

Негізгі бөлім.
1-студент: Айдана Абай – Ибраһим.
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 59 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. 
2-студент: Гүлбану
Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
3-студент: Жамиля
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті. 
4-студент:Аяжан
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 
Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды.
5-студент: Үміт
Осы 4 жылдық медреседегі және 3айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.
6-студент: Нұрсәуле
20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренді.
7-студент: Сапарова Диана
Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды.
8- студент: Балерке
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, о
зық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.
9- студент: Магимова Диана
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
10- студент: Альбина
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Құрметті жыр сүйер қауым! Бүгін ұлы Абай шығармашылығын сүйетін, Абай рухына тағзым етіп, Абайды өзіне ұстаз тұтатын қауым бас қосты. Иә, әр халықтың ұлағатты даналығы, өнегелі өнері болатыны анық. Олай болса Абай атамыздың рухына арналған кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Егер сіз жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе:
1-2-жүргізуші бірге: Абайды оқыңыз!
1-жүргізуші: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстарын, қатпар – қатпар сырларын білгіңіз келсе:
1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!
2-жүргізуші: Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның 18 мың құпиясын білгіңіз келсе:
1-2-жүргізуші бірге: Абайды оқыңыз!
1-жүргізуші: «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп өлеңге ерекше баға берген ақын өзі де нәзік те сыршыл ән жазады. Сондай ыстық сезімге толы әннің бірі – «Көзімнің қарасы»
Ән. Орындайтын: 2-курс студенті Абдиразахова Айдана
2-жүргізуші: 
 Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
1-жүргізуші: Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы  туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны – білген адамға айқын шындық. Олай болса бүгінгі кешімізді әсем биімен Оспанова Лаура және Оспанова Динара жалғастырады.
Би:
«Еркеназ»
2-жүргізуші: -Қандай ғажап! Пушкиннің Татьянасын қазақша сөйлеткен Абай орыстың басқа да ақындарының өлеңдерін аударған. Абай Лермонтовтың 24 өлеңін ерекше шабытпен аудара жүріп, Байрон мен Гетенің шығармаларымен танысады. Иван Андреевич Крыловтың ертегілерін аударды.

Ертегі: «Шегіртке мен құмырсқа» Оқитын: ШМ-2018 тобының студенті Зейнелхан Нұрсауле.

Ертегі: «Қарға мен түлкі» Оқитын: ТОРА-Г-2019 тобының студенті Оспанова Лаура

1-жүргізуші: 

Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың-
деп Абай атамыз жырлап кеткендей кезекті Абай өлеңдеріне берейік!

Өлең:«Жігіттер,ойын арзан, күлкі қымбат». Оқитын: ТОРА-Г-2019 тобының студенті Оспанова Лаура

Өлең: «Интернатта оқып жүр». Оқитын: ТҰ-2019-2 тобының студенті Жақсыбай Айша

Өлең: «Жазғытұры». Оқитын: ОПП-2019-3 тобының студенті Захарова Анна

Өлең: «Сегіз аяқ». Оқитын: ТҰ-2019-2 тобының студенті Алиева Алмаз

Өлең: «Күз». Оқитын: ТҰ-2019-1 тобының студенті Оспанова Динара.
2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар
 Әсем ән мен тәтті күй
- дей келе әсем ән тыңдайық!
Ән:
«Желсіз түнде жарық ай»

1.Орындайтын: Первушкина Мария ОПП-19-3 тобының студенті.

2. Орындайтын: Абдиразахова Айдана ШМ-18 тобының студенті.

1-жүргізуші:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін!
-    деп жырлап кеткен Абай атамыздың асыл сөздерінің сырын  ұға білейік ағайын!

Абайдың қара сөздерін тыңдап, ой түйіңіздер:

Аязбаева Ақерке ШМ-18 тобының студенті. (--- қара сөзі)

Фролкова Дарья ОПП-19-3 тобының студенті (31- қара сөз)

Жүзжасарова Жанерке ТҰ-18-2 тобының студенті (14- қара сөз)

Мұғалім:
- Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
Абай – сазгер.
- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

• Тәңір қосқан жар едің сен
• Сегіз аяқ
• Көзімнің қарасы
• Қор болды жаным
• Бойы бұлғаң
• Желсіз түнде жарық ай 
• Біреуден біреу артылса
• Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа
• Сен мені не етесің?
• Ата-анама көз қуаныш
• Сүйсіне алмадым сүймедім
• Айттым сәлем, Қаламқас

«Айттым сәлем, Қаламқас» әнін Абдиразахова Айдана, Кушербаев Тұтқабай, Джанаханов Әнуардың орындауында қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Осымен біздің «Абай – дана, Абай –дара қазақта!» атты кешіміз өз мәресіне жетті.Келіп, тамашалағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Амандықта жүздескенше!












































Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды облысының білім басқармасы

«Теміртау кәсіптік – техникалық колледжі» КММ



БЕКІТЕМІН

Директордың ОӘІЖ орынбасары

Сагадиева А.Т.__________________

«___»______________ 20 ж







Абай – дана, Абай –дара қазақта!
(ақын
ның 175 жылдығына арналған,сыныптан тыс ашық сабақ)














Құрастырушы:

Кушербаев Тұтқабай Пошанович-жалпы білім беретін пән оқытушысы












«ТІЛШІЛЕР» ЦӘК отырысында қаралды

Хаттама ____ «___» 20 ж. бастап

Комиссия төрағасы ___________ Джанаханов А.Е.




































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!