«Абай -дана, Абай-дара қазақта»
1 - оқушы:
Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет сүйер
қауым,
білім нәріне
құмар оқушылар. Абай кешіне қош
келіпсіздер.
2 - оқушы: Қазақ халқының
ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана,
дара тұлға А. Құнанбаевтың шығармашылығына
арналған
«Абай -дана, Абай-дара қазақта» - атты
тағылымды кешке қош
келдіңіздер
Эпиграф: «Абайды таныту арқылы біз
Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын
танытамыз. Абай біздің
ұлттық ұранымыз болуға
тиіс».
1 - оқушы: Абай мұрасы - қазақтың ең
қасиетті, теңдесі жоқ, алтын
қазынасы.
Заман ауысып,
уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең
бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға
түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі - бақи бірге жасайды,
ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға
шақыра береді.
2 - оқушы: Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі
заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ
тәрбиесінде өзіндік үлес қосып
келеді.
1 - оқушы: Ақын шығармалары - оның қазақ
әдебиеті тарихында ерекше орны бар классик ақын екендігін
дәлелдейді.
М. Әуезов
Абайды «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн
шуақты асқар биігі» деп атауы да жайдан жай
емес.
2 - оқушы: 80 - жылдардың орта кезінен бастап
Абай ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл кездегі өлеңдері -
толысқан ой - сананың
жемісі.
«Дүние де өзі,
мал да өзі,
Ғылымға көңіл
бөлсеңіз»
Ғылым, білім
туралы көзқарасы
- «Жасымда
ғылым бар деп ескермедім»
- «Интернатта
оқып жүр»
- «Ғылым таппай
мақтанба»
1 - оқушы: Абай – озық мәдениетті
насихаттаумен қатар, әлеуметтік - азаматтық санасы өскен, халықтың
үлкен қайраткері. Олай болса, бүгінгі кешімізді ашу үшін «Дана
скул» мектебінің орынбасары Л.Норболатовнаға сөз
береміз
2 - оқушы: Абай жас
ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз
болмаған. Ол халық
тәжірбиесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік
жолға, адал достыққа
үгіттейді.
1 - оқушы: Абай өзінің поэзиясымен қазақтың
көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді, әдеби тілді дамытып,
қалыптастыруда аса үлкен еңбек
сіңірді.
«Көркем сөздің
асылы - поэзия» деп жоғары бағалай отырып, ақын мен ақындықтың
мұрат - мақсаты жайлы жаңа көзқарасын
білдіреді.
5-сынып оқушыларының Абай
өлеңдерінен үзінді тыңдайық.
«Құлақтан кіріп, бойды
алар,
Әнді сүйсең, менше
сүй» демекші хор ән
келесі кезекте 5-сынып оқушыларының шағын
көрінісі
1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар , оқушылар!
Бүгінгі « Абай- дана, Абай- дара қазақта» атты әдеби кешіміз
қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына
арналады. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен
шығармаларының үзінділерімен танысасыздар. Абай философ заңгер
,ақын, аудармашы,сазгер,дара ойшыл,кемеңгер. Абай жазба әдебиетінің
негізін салушы ,гуманист , қоғам қайраткері, әділ би,
ағартушы-ұстаз. Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М.
Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің
шығармаларын қазақшаға аударды.
келесі кезекте алтыншы сынып оқушыларының
дайындаған қара сөздері мен Абай өлеңдеріне құлақ
түрелік.
Хор
2-оқушы
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп
ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында
өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы
7-сынып оқушылары сендерге мәлімент
береді .
Абай – Ибраһим.
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей
уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим
болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған.
Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай
ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті.
2
Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр
биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі
Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан
Бошан руынан тарайды.
3-
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше
ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.
Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі
ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы
әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының,
мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан
ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи
оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді.
Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып
өсті
4
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында
Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде
14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ
оқыды.
5-
Осы 4 жылдық медреседегі және 3 айлық орыс мектептеріндегі оқуды
аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты
өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп
сайлайды.
6
20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы
істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез
меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб,
парсы, түркі тілдерін үйренді.
Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен,
оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс
достары Грось пен Михаэлис болды.
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов,
Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи
отырып, оөық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен.
Бұл да Абайдың даналығы.
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы,
өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің
алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
7-
Абай – ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс
тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы
–барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына
ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек
берелік.
1 жүргізіші: Абайды әлем таниды десек артық айтқандық емес.
Оқушылардың өзге тілде Абай жайлы, шығаармасы жайлы айтқанын
тыңдайық
2
жүргізуші: Көріп
отырғандарыңыздай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық,
кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге,
еңбекке, өнерге шақырған.
Абай – сазгер.
- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал,
Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі
де бірнеше ән шығарған. Хор «Желсіз түнде жарық
ай»
1
жүргізіші: Абай – ойшыл.
- Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері
түседі.
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге
құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға
шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен
үзінді тыңдайық
.( )
2 жүргізуші:
Әке мен баланың арақатынасы мәңгілік мәселе. Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай жолы» романында қос дара тұлға – Құнанбай мен Абайдың қарым-қатынасын шырқау биікке, шын мәнінде әлемдік деңгейге көтерді. Әке мен баланың арасындағы диалог әйгілі романды оқығандарға жақсы таныс болуы керек. Құнанбай ұлына не деп мін тақты? Әке сөзіне Абай қандай жауап қатты? Тыңдап көрейік
1
жүргізуші: Абай Құнанбайұлы
туралы ұлы ақындардың, жазушылардың ой-пікірлері қаншама.
Соларды қысқаша айтып кетсек.
Мұхтар Әуезов атамыз былай деп айтып кеткен екен:
-Поэзияда, музыкада, қоғамдық- азаттық ой-пікір саласында
өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен
замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып
көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін
алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Еуропа мәдениетінің игі
әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман
тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қаосылып, жаңғырып,
жаңа өріс алып тұр.
2 жүргізуші: Міржақып Дулатов:
-Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып
қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең
мағыналы асыл сөздері атадан балаға, немереден шөбереге үзілмеу
сақталуын тілейміз. Бірінші ақынымыз деп қадірін халқы жиі-жиі
зиарат етер, халықпенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол
күндері біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар.
1жүргізуші:
Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен
аяқтағым келеді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет
қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...
2 жүргізуші: Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана
қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара
сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы.
Сондықтан да, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз!
– Сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соны тыңда!
Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.
Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйрілмейді.
Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің! – деді.
– Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам.
Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын.
Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «ай» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болған. Бертін келе, ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып «шөк» десең, аңырап барып қана бұрылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға алады... Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады...
Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы – білім-өнер. Сол өнер орыста. Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма? Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет болмас...– деді.
Он жетінші қара сөз
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.
Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып айтыпты:
- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.
- Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп ғылымның айтқаны осы, — депті.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абай Құнанбаевтің 175 жыл мерейтойына орай сынып аралық әдеби кеш

шағым қалдыра аласыз