Ашық сабақ 5-сынып Абай Құнанбайұлы
Тақырыбы:Абай Құнанбайұлы
Мақсаты:Абай Құнанбайұлы туралы мəліметтерді білу.
Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен танысу.
Үйренетіндері:АбайҚұнанбайұлының өмірбаянын жəне ұрпаққа қалдырған
мұраларын үйрену.
Мəлімет беру:
Ибраһим Құнанбайұлы
Қызметі:
ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер
Туған күні:
10 тамыз 1845
Туған жері:
Қарқаралы, Семей облысы
Ұлты:
қазақ
Қайтыс болған күні:
6 шілде 1904 (58 жас)
Қайтыс болған жері:
Cемей облысы
Əкесі:
Құнанбай Өскенбаев
Анасы:
Ұлжан Асанова
Жұбайы:
Ділдə
Шүкіман (Əйгерім)
Еркежан
Балалары:
Ділдəдан: Ақылбай, Хакімбай, Əбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан
Əйгерімнен: Турағұл, Мекаил, Ізкаил, Кенже
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) —ақын, ағартушы, жазба қазақ
əдебиетінің,қазақ əдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор,
аудармашы, саяси қайраткер,либералды көзқарасынисламға таяна отырып,
орыс жəне еуропамəдениетімен жақындасу арқылы қазақ мəдениетін
жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ
халқының əлеуметтік, қоғамдық, моральдық мəселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мəдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар
əлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық
трактаттарстилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен,
дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-əлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Қысқаша шолу
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықтыруынан шыққан билер əулетінен.
ƏкесіҚұнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен
адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдыңортасындағы бір
сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі
Ұлжан Орта жүздің Арғынтайпасынан Қаракесек руыныңшешендікпен,
тапқырлық, əзіл əжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас
Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай
тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың
бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі.
Балаға сыншы əкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Əкесі оның зеректігін
байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне
береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында
ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Əкесінің төңірегінде ел
жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мəдениет жүйелерімен жете
танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен,
əділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші
жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болысболады. Билікке
араласып, біраз тəжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы
көлеңкелі жақтарға сəуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан
пəлендей көңіл тоятындай нəтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына
пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, əсіресе, өлеңмен насихаттамақ
болады.
Абай Құнанбайұлының өлеңін оқып беру:
Абай өлеңдері/Қалың елім қазағым,қайран жұртым...
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Бет
бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ, Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Ағайын жоқ нəрседен етер бұртың, Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, Сапырылды байлығың, баққан
жылқың. Баста ми, қолда малға талас қылған, Күш сынасқан күндестік
бұзды-ау шырқын. Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың, Əр жерде-ақ жазылмай
ма, жаным, тырқың? Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық, Қыр артылмас
болған соң, мінсе қырқың? Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың, Не түсер
құр күлкіден жыртың-жыртың. Ұғындырар кісіге кез келгенде, Пыш-пыш
демей қала ма ол да астыртын?
Балаларға тапсырма:Абай Құнанбайұлының ұнаған өлеңін жатқа айту
Сабақты аяқтау!