Материалдар / Абай Құнанбайұлының өлеңдері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбайұлының өлеңдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
286
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ...» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 30 жол. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтік салмағы орасан зор. Ақын алдымен көз алдыңызға мұрты аузына түскен, бір ұрты май, бір ұрты қан, алғашқыда шырайы сартша жылтырап тұрған қазақтың кескінін алып келеді. Осыдан кейін барып оның ішкі әлемін, мінез ерекшеліктерін айқындап аша бастайды.

Бұл өзі іске жоқ, қу сөздің адамы, өзі сөйлесе болды, өзгені тыңдауды білмейді, мылжың, бөспе, қырт. Күндіз күлкі, тұнде ұйқысының бұзылу себебі – өз малына өзі ие емес сорлы. Байлауы жоқ көрсеқызардың әлеуметтік қалпы тіпті сиықсыз, тұтастық, ірілік жетіспегендіктен, әрқайсысы шолтаңдап жеке қамшы үйіріп, би болғансып, қиқымданып кеткен жерде елдің күйті кеткен, бірлік жоқтықтан, береке жоқтықтан дәулеті шайқалып, байлық шашылған. Жыртың-жыртың мағынасыз күлкіге малданған тиянақсыз, байлаусыздың түбіне жеткен елдің соры биліктен айрылып өзгенің табанына түсіп құл болатынын ақын ашына зар етеді. Ұлттың бойындағы сордың үлкені-күндестік, бірін-бірі көре алмау, етектен тарту, пыш-пыш халқымызды сан рет орғажығып, өртке қамаған алауыздық. Зығырданы қайнаған шерлі ақын елді түзеудің амалын қарап, тығырықтан шығар соқпақ іздеп, басын тауға, тасқа соқса да, жол таба алмай, ақыры елінің ырқынан айрылып, езгіге бодан болатынына бармағын шайнайды. Халқының бойындағы қаны сорғалаған жараларды аша отырып, ақын омырауы жасқа толса да, сай-сүйегі сырқыраса да, сесті, кекесінді күйінде қалады. Жеңіл-желпі басу айту, оңай өріс нұсқау жоқ. Ары ширығып, намысы қайнаған ұлы ақын туған халқының барлық буын, барлық нәсілін өзі күйдіріп айтқан кесел-кесепаттардан, сор-сұмдықтардан арыл, тазар, сонда ғана белге шығасың деп тұрғандай.

Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісінде жазылған. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.

Абайдың әлеуметтік лирикаларын сөз еткенде «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіне соқпай кету мүмкін емес.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың,- деген жолдарында, қазақ халқының бүкіл трагедиялық өмірі жатқандай. Ақынның жоғын жоқтап, мұңын мұңдап отырғаны «Қалың елі, қазағы». Оны «Қайран жұртым» деп бар жанымен ынтыға сүйген ақын, анық артта қалған қараңғы надандығын «Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» деген сөзбен бейнелеп жеткізеді. Мұрттың ауызға түсіп, ішер асқа тиюі ол харам. Мұны білген мұсылман неге мұртын қырқып, басып жүрмеске. Бірақ, ауызға түскен мұртты қырқатын ұстара жоқ. Мұртты қырқып басу үшін кім көрінгеннің қалтасында жүретін ұстараның, қазаққа табылмауы қазақтың артта қалған надандығының белгісіндей.

Ал, жақсы менен жаманды айырмайтын оқуы жоқ сауатсыз, надан халықтың «бір ұрты май, бір ұрты қан» болатыны, яғни жақсылығы мен жамандығы бірдей жүретіндігі ежелден белгілі.

Абайдың ақындық ұлылығы сонда ол бір шумақ өлеңге халықтың бүтін тарихын, бүкіл болмыс-бітімін сыйғызып тұр.

Міне, осындай тағдыры ауыр елді жарқын болашаққа жеткізетін ел басшылары емес пе еді?! Бірақ, олардан үміт аз. Тіптен жоққа тән.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінекей, бұзған жоқ па, елдің сиқын,- деген ақын, ел билеушілерінің елді меңгеріп, басқаруға жараймыз дегендерді  білім, мінез, адамгершілік жағынан татымсыз, құнарсыз адамдар деп танытады. Өңкей қи

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!