Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай шығармаларының тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
жастарға абай бейнесін ұғындыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасыр-ларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жар-қын болашаққа сенімді жол салған ақын-ның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырықтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті…

Абайға деген бетбұрыс жаңа жаңғырып келе жатқан кезең халқымыз тәуелсіздік алған заманға тұспа-тұс келіп отыр. Дүние жүзі халықтары Абайды тану арқылы оны туып, өсірген халқын, елін тани бастады.Абай ұлы ғұлама ақын, моралист – ойшыл, қазақ елінің, бүкіл түркі тектес халықтарының ортасынан шыққан әлемдік тұлға. Абайдың өмірі, істеген ісі, жазған өлеңдері мен сөздері өз халқының тағды-рымен тығыз байланысып, оның болмыс-бітімінің айнасындай болып жатыр.Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі.Абайға әр оралған сайын «көкірек көзің ашылады», азаматтық ірілік пен адамдық ұғымдардың жаңа қырларына, сырларына жолыққандай боласың. Қазақ халқының алдында енді қазақтың Абайын әлемге таныту, оны Адамзаттың Абайын айналдыру тұр.

Абай – құбылыс, ғасырларда біртуар ғұлама. Туысы бөлек, бесігі өлең, өсуі еркін. Оқуды өмірден алған. Оқуға зерек, ұғымға ұшқыр, талан, мектебі орта болған. Сондықтан да оның түрлі айтыстар мен даулардағы, мәжілістер мен кеңестегі айтқан пікірлері – дара өнеге, нақыл. Ойла-нып жазғандары өлең өнер болған. Абай дүниеге өз көзімен қарап, көргені мен сезгенін жалтақтамай айтқан. Құдай берген даналық оны даралық жолына, даныш-пандық шыңына бастады. Өмір мен қоғамды барлап, болашақты болжап жазған әр шығармасы – осы шыңға шығар жолындағы баспалдақ.

Нағыз ақын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты.. өзінің шығарма-шылығында ол феодалдық-рулық билеп-төстеушілерді аяусыз әшкерелеп, халықты өнер-білімге шақырады.

Ел бағу? Мал бағу? Ғылым бағу? Софылық қылып дін бағу? Балаларды бағу? Осындай бес түпрлі қоғамдық, эконо-микалық, ғылыми, діни маңызы бар және бала тәрбиелеу ісіне қалған өмірін жұмсаудан бас тартқан Абай «… ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ», — деп ойын тұжырымдайды.Абай тірелген тығырық тек қана өз басының мәселелері ме, жоқ болмаса, ол қазақ халқына тән құбылыс па? Абайдың соншама пессимистік ойға шомуының себептері неде?Өскен орта, көрген үлгі, тоңмойын надандық толқыны ағызып, ақын көзін ақиқатқа ашқызбай, заман тонын кигізіп, 35 жасқа шейін ықтиярсыз айдап келді. Бұл жасқа келгенде маңайындағы жұрттың кір, бұзық мінездері бар қалпымен кезінде айқын суреттеледі. Өкінді, өксіді, жирен-ді… осы өкініш, өксіктің уыты бойын керней, ызалы, кекті, улы көп әсері көп із қалдырды.

Осы өткен өкініш, жалған өмірден «өксіктің уыты керней ызалы, кекті…» Абай төмендегі бір шумақ өлең арқылы терең ойын баяндап береді.



Өңкей уды жинап ап,



Себеді сорлы жүрекке.



Адасқан күшік секілді



Ұлып жұртқа қайтқан ой.



Өкінді, жолын бекінді.



Әуре болма, оны қой.



Абайдың 80 жылдарға жақындаған кезіндегі өмірінің сыртқы пішіні қазақ халқының өміріне тән қоғамдық жайлармен іспеттес екенін көреміз. Абайдың қолына қалам алып, надандықпен алысуға бет байлап, ақиқат пен жалған пәлсапалық категориялар заңдылықтарына сүйене оты-рып жазған өлеңдері мен қара сөздеріндегі педагогика, мораль, эстетика, психология, философия, этика, сатира, әдебиет, өнер, ғылым саласында айтылған терең ойларына қайран қаласың, таңырқайсың.Абай қазақ халқының мінез-құлқындағы келеңсіз, нашар қылықтардың қайдан және қалай туындайтынын саралап, ақиқат пен жалған философиялық категориялар арқылы талдап беріп оты-рады. «Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағанын, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынын, рас сөзі аз болатұғының, қызметке таласқыш болатұғының, өзде-рінің жалқау болатұғының себебі не?» — деген сұрақ қойып алып, ары қарай талдау жасап, ол талдауларды бір топ филосо-фиялық категориялар арқылы таразылайды. Мәселен, Абай бұл тұрғыда тек қана өз халқының туындыларына ғана зер салмай «һәмма ғылымға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған» — деп өзінің ой-өрісінің кеңдігін, дүние жүзіне белгілі данышпан адамдар, ғалымдар, ойшыл-философтардың еңбектерімен таныс екенін білдіре келе: «Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз-қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамасақ, өзі тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады» — дейді.Абайдың осы сөзінде пайдаланылған философиялық категорияларға зер салсақ: қорқақ-ақылсыз, қорқақ-мақтаншақ, қорқақ -қайратсыз, ал қорқақ категориясы жалқаулықтан туындайтынын ашық айтып отыр.

Абайдың бұдан 100 жыл шамасы бұрын қазаққа айтқан ойларының тереңдігі бүгінгі егемендігін қолына алған Қазақстан Халқына, оның ішінде қазаққа айтылар ойларымен ұштасып жатқан жоқ па. Абай философиясының халық тағдырымен ұштасуының негізгі себебі халқына деген шексіз сүйіспеншілігінде, жан-тәнімен бар күш салып көмектесуінде, болашаққа жол сілтеуінде, жаны ауырып күйзелістен туындайтын философиялық ойлар, филосо-фиялық категориялар арқылы шешімін табуында.«Қулық саумақ көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» — дейді Абай.Абай айтқан қулық сауу, көз сүзу, тілену, адам сауу (адам қанау) – өнерсіз иттің ісі. Ал мұндай теріс мінезден арылу үшін Абай қандай кеңес береді – еңбегіңді сау дейді. Ал еңбекті сауу үшін бос күлкіден, жарамсыз қылықтан, мақтан-шықтан арылғанда ғана өнерсіз иттіктен кетесің дейді. Абай өнерге үйрену мәселесі адамның өміріндегі ең бағалы да қажетті іс екеніне көзімізді жеткізді. Бүгінгі өмірдің тауқыметі базар, нарық экономикасының ауыртпалығына тіреліп отырған халқы-мыздың мән-жайы, одан туындап отырған кеселдер сол Абай заманында да, бүгін де белең алып отыр. Ол Абай айтқан «Қулық саумақ көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі» — дегендей қулық, көз сүзу, тілену, адам адамның еңбек ақысын жеу арқылы өзінің мал мүлкін молайту, жастарымыздың, қала берді үлкенде-ріміздің де ісі, бүгінгі таңның ең бір жағымсыз қылықтарының бірі екеніне бәріміз де куәгерміз.Абай бұл ойларының түйінін бесінші сөзінде де, қазақ даласында көп таралған мақал-мәтелдердің мазмұны арқылы да дәлелдеген: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен. Ол тек қана мал үшін қам жейді екен. Ал мал табу жолын біле ме? Оны да білмейді. Оның бар білетіні – малдыларды алдап, арбап, мақтап, мал жинау, егер бұл іске аспаса, алдап немесе мақтап ала алмаса, онда әкесімен болса да жауласудан тайынбайды екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшік, соған ұқсаған қылықтардың қайсысын болса да қылып, мал тапса жазалы демесек керек екен. Осындай Абай айтқан әдіспен мал тауып, халықты алдап, арбап, қулықпен, сұмдықпен, ұрлықпен, зорлық-зом-былықпен көгеріп, көркейіп отырмын деп санайтын адамдар бүгінгі таңда баршылық екеніне бәріміз тағы да куәгерміз.Мызғымайтын шындықтарды айтуды Абай алдына ешқашан мақсат қылған емес. Рухани дүниесі құлдырау жолына түскен тобырларды дұрыс жолға салу қиынның қиыны болатын. Осыны сезінген Абай қатты қин

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.06.2021
538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12